Тұрақты даму
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстанның ең ірі әлеуметтік бағдарланған компаниясы, ол үшін басты құндылық адамдар және олардың әл-ауқатының деңгейін арттыру. Қажетті тұрақты дамудың құрамдас бөліктері болып табылатындар: экономикалық жетістіктер, әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктің жоғарғы шарасы.
Әлемдік ірі уран өндіруші бола отырып, Қазатомөнеркәсіп өзінің қоғам дамуындағы рөлін сезінеді және қоршаған ортаға, халыққа және қатынасатын аймақтардағы тыныс-тіршілікке тигізетін елеулі әсерін түсінеді. Сондықтан тұрақты даму Топтың Даму стратегиясының принципті құрамдас бөлігі болып табылады. Компанияның тұрақты даму саласындағы бастамалары төмендегілерге бағытталған:
- ЕТҰ-ның қоршаған ортаға өнеркәсіптік әсерін дәйекті түрде төмендетуге
- қоршаған ортаны қорғауға (су және жер ресурстарын тиімді басқаруды, экожүйені және биоәртүрлілікті сақтауды қоса алғанда)
- жер қойнауын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге;
- энергия және ресурс тиімділігін арттыруға
- қатынасатын аймақтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының өсуіне қатысуға
- арзан, сенімді, тұрақты және қазіргі заманғы энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жәрдемдесуге және энергия қауіпсіздігін арттыруға
Қазатомөнеркәсіп үшін тұрақты даму практикасын дамыту және жетілдіру Компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ елдің, қоғамның және уран саласының тұрақты дамуына оң үлес қоса отырып, оның барлық мүдделі тараптар үшін қосымша құндылық жасау қабілетін қамтамасыз етудің үстем факторы болып табылады.
2020 жылғы түйінді нәтижелер
Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму саласындағы негізгі жорамалды мақсаты акционерлік құнның тұрақты өсуін қамтамасыз ету және экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді белсенді басқару есебінен барлық мүдделі тараптардың мүдделеріндегі ұзақ мерзімді перспективада қосылған құнды құру үшін Компанияның Даму стратегиясын іске асыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Компания 2020 жылы тұрақты дамуды басқару практикасын жетілдіру және қызметтің түйінді бағыттары мен бизнес-процестерге тұрақты даму принциптерін біріктіру бойынша жұмысты жалғастырды:

Тұрақты дамуды басқару
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы Корпоративтік саясаты Директорлар кеңесімен әзірленді және бекітілді
- Қоғамның ЕТҰ-да тұрақты даму практикасының кемелдену деңгейінің пилоттық диагностикасы жүргізілді (толығырақ «Тұрақты дамуды басқару диагностикасы» бөлімінде)
- ESG-рейтингтер талаптарына сәйкестігін жоғарғы деңгейлі бағалау жүргізілді. Талдау үшін Sustainalytics, MSCI, RobecoSAM, FTSE Russell әдіснамалары пайдаланылды
Адам құқықтары
- Компаниядағы адам құқықтарының ағымдағы жағдайын бағалау бойынша жұмыс жүргізілді: адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттар мен құжаттарға шолу, адам құқықтары мәселелерін қозғайтын ішкі нормативтік корпоративтік құжаттарға диагностика жасау және адам құқықтарына өндіруші сектор компанияларының көзқарасын қалыптастыратын түйінді тақырыптарға шолу жасау, сондай-ақ соңғы үш жылдағы Қазатомөнеркәсіптің атына келіп түскен өтініштерге талдау жасау орындалды
Әлеуметтік даму
- Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде 2020 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған қатынасу аймақтарының бюджетіне Топ 1,537 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат аударды
Ғылыми-техникалық даму
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ғылымитехнологиялық дамуын басқару» Саясаты бекітілді
- Жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге ҒЗТКЖ ға 76 шарт жасалды
- Зияткерлік меншік объектілеріне 17 өтінім берілді, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне 18 қорғау құжаттары алынды
Жауапты сатып алулар
- Сатып алу процесінің барлық кезеңдерін сатып алу қызметін жүргізу жүйесіне көшіру іске асырылды – ЭСАЖ 2.0 порталы.
- Компанияның 2021 жылға арналған сатып алу жоспарлары SAP ERP жүйесінде толығымен құрамдастырылды.
Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Жасыл қаржыландыру саясаты бекітілді
- Қазатомөнеркәсіп өндірістік қауіпсіздік менеджментінің біріктірілген жүйесінің сертификаттау аудитінен сәтті өтті және TÜV International Certification сертификатын алды. Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздігі менеджментінің біріктірілген жүйесі DIN EN ISO 14001:2015 және DIN EN ISO 45001:2018 талаптарына сәйкес келеді
- Компанияның және ЕТҰ-ның әртүрлі деңгейдегі басшыларының қолдауымен 12 026 мінез-құлық аудиті өткізілді
- Есепті кезеңде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы іс-шараларға 7,63 млрд теңге бағытталды
- Экологиялық және әлеуметтік салалардағы (ESAP) Корпоративтік іс-қимыл жоспарын іске асыру үшін Компания 2020 жылы 259,5 млн теңге инвестициялады
Адами капиталды дамыту
- Қызметкерлерді оқытуға Топ 2,1 млрд теңге инвестициялады
- Бірқатар оқыту бағдарламалары іске қосылды: «Ізбасар» – жас мамандарды дамыту үшін, «Кеніш директорларының мектебі» – өндірістік объектілердің басшы қызметкерлері және инженерлік-техникалық персонал үшін
- Әлеуметтік тұрақтылық индексі, әлеуметтік тұрақтылық жөніндегі зерттеудің негізгі параметрлерін сақтай отырып, SRS (Samruk Research Service) Индексіне ауыстырылды: тартылу индексі, әлеуметтік әл-ауқат индексі, әлеуметтік тыныштық индексі. Топтың 16 кәсіпорнын зерттеу нәтижелері бойынша 2020 жылы SRS индексі 79%-ды құрады
- COVID-19 пандемиясы жағдайында қызметкерлерді қолдау үшін қызметкерлерді психологиялық және физикалық қолдау шараларын қамтитын Qasyndamyz2020 бағдарламасы іске асырылды
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарушы персоналының сабақтастығы Бағдарламасы шеңберінде келесілер іске асырылды:
- пул менеджменті және функционалдық пул қатысушыларының құрамы жаңартылды
- оларды дамыту жоспарлары әзірленді
- тәлімгерлік бағдарламалары енгізілді
Тұрақты дамуды басқару



Тұрақты дамуды басқаруға деген көзқарас
Қазатомөнеркәсіптің тұрақты дамуды басқаруға деген көзқарасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы 2020 жылдың басында бекітілген Корпоративтік саясатында айқындалған.
2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы Корпоративтік саясаты бекітілді. Құжатта Компания тұрақты даму саласында өз қызметін құратын Саясатты іске асырудың негізгі корпоративтік принциптері айқындалған, Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму саласындағы қызметінің басым бағыттары көрсетілген және тұрақты даму принциптерін Компания қызметінің түйінді аспектілеріне кіріктіру тәсілдері ұсынылған. Саясат Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметті одан әрі дамыту және жетілдіру жөніндегі пайымдауын көрсетеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму принциптері

Ашықтық

Есеп берушілік

Айқындық

Этикалық мінез-құлық

Құрмет

Заңдылық

Адам құқықтарын сақтау

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Мүдделер қақтығысына жол бермеу

Дербес үлгілі болу
Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметтің басым бағыттарын айқындауға деген көзқарасы бизнес бетпе-бет келетін тұрақты даму саласындағы түйінді тәуекелдерді талдауға және экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық мәселелерді (ESG) анықтау үшін ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға негізделген. Бұл процесс Қазатомөнеркәсіпке өз күш-жігерінің басымдығын белгілеуге және ол барынша ықпал ете алатын салаларда алға жылжуға ықпал етуге ерік береді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы негізгі бағыттары
Қазатомөнеркәсіп тұрақты даму принциптерін корпоративтік басқару жүйесіне, басқарушылық шешімдер қабылдау жүйесіне және тәуекелдерді басқару жүйесіне дәйекті түрде енгізеді.
Бағыттар | Компанияның көзқарасы |
---|---|
Экономикалық тұрақтылық | Өндірістік және операциялық тиімділікті арттыру бойынша стратегиялық міндеттерді іске асыру және қызметті үздіксіз жетілдіру (бизнесті трансформациялау) процесін іске асыру. |
Адами капитал мен мәдениетті дамыту | Персоналды тиімді түрде басқару және тиісті корпоративтік мәдениетті құрамдастыру. |
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік | Авариялар мен оқыс оқиғалардың, жұмыскерлер жарақаттануы мен денсаулығы нашарлауының алдын алу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жолымен, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нысаналы бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы қауіпсіздік мәдениетін үздік әлемдік практика деңгейіне дейін жетілдіру. |
Экологиялық жауапкершілік | Экологиялық жауапкершілік, табиғи ресурстарды ұқыпты және тиімді пайдалану және экологиялық тәуекелдерді барынша азайту принциптеріне сәйкес болу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы нысаналы бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыру. |
Ғылыми-техникалық және инновациялық-технологиялық даму | Әлемдік нарықта ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, негізгі қызметті әртараптандыру, сондай-ақ өндірістік және операциялық тиімділікті арттыру үшін ғылыми-зерттеу, технологиялық және инновациялық әлеуетті дәйекті түрде дамыту жөніндегі шараларды іске асыру. |
Тиімді корпоративтік басқару және тәуекел-мәдениет | Тұрақты даму принциптерін корпоративтік басқару жүйесіне, шешімдер қабылдау процестеріне және тәуекелдерді басқару жүйесіне дәйекті түрде біріктіру. |
Жоғары этикалық стандарттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету | Комплаенс корпоративтік жүйесін дамыту шеңберінде үздік практикаларды енгізу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бірқатар шараларды іске асыру. |
Жауапты сатып алулар | Жеткізушілермен және мердігерлермен өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамыту және өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру. Жеткізілімдер тізбегі шеңберінде сатып алу қызметінің тиімділігін, бақылануын және ашықтығын арттыру. |
Бизнесті жауапкершілікпен жүргізу – мүдделі тараптармен, жергілікті қоғамдастықтармен өзара әрекет ету және есептілік | Аймақтар мен сабақтас салаларды дамытуға, әлеуметтік мақсаттағы объектілер мен инфрақұрылымды салуға, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға, салықтарды төлеуге және әлеуметтік саланы дамытуға инвестиция бөлу. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды құру өзара сенім мен жауапкершілікте, тараптардың мүдделерін құрметтеуде құрылады. |
Тұрақты дамуды басқару құрылымы
Қазатомөнеркәсіпте тұрақты дамуды басқару барлық деңгейлерде жүзеге асырылады:
- стратегиялық деңгей – ESG бағыттарын тактикалық басқару және бақылау
- басқарушылық деңгей – тұрақты даму саласындағы басқарушылық және операциялық шешімдер, нәтижелілікті мониторингтеу және бақылау, бастамалар мен іс-шараларды әзірлеу
- операциялық деңгей – тұрақты даму саласындағы мақсаттарға, міндеттерге және ҚТК-не қол жеткізу үшін бастамалар мен іс-шараларды іске асыру
Шешімдерді қабылдау жүйесі
Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде Қазатомөнеркәсіптің ішкі стратегиялық басымдықтарының тұрақты даму саласындағы басымдықтармен өзара байланысына мұқият талдау жүргізіледі. Талдау үш бағыт бойынша орындалады:
- жергілікті қоғамдастықтардың денсаулығына, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуына, қоршаған ортаға, өмір сүру сапасына, беделіне, заңнамалық және реттеуші талаптарға сәйкестігі мен қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге әлеуетті ықпал ету тұрғысынан тұрақты даму саласындағы түйінді тәуекелдерді бағалау
- тұрақты даму үшін мақсаттарға, міндеттерге және мүмкіндіктерге қол жеткізудегі күтілетін пайда мен салымды бағалау
- қаржылық, табиғи және адами ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау

Тұрақты даму тәуекелдерін басқаруға деген көзқарас
2020 жылы Қазатомөнеркәсіп тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді әзірлеу туралы шешім қабылдады. Бұл үшін Қазатомөнеркәсіптің Тұрақты даму саласындағы саясатын дайындау процесінде ESG тәуекелдерін басқару тәртібі анықталды. Қазатомөнеркәсіптің тұрақты дамуы саласындағы тәуекелдерді басқару тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау үшін Компания, тұрақты негізде, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге ішкі секілді, солай сыртқы әсер ету факторларын талдауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Қазатомөнеркәсіпте құрылған түйінді мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жүйесі тұрақты даму саласындағы елеулі тәуекелдерді анықтау мен бағалауға стейкхолдерлердің әртүрлі топтарының белсенді қатысуына ықпал етеді (толығырақ «Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу» деген кіші бөлімде). ESG тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау бойынша жұмыс 2021 жылы да жалғасатын болады.
Қазатомөнеркәсіп тұрақты дамуды басқарудың тәуекелге бағдарланған көзқарасына біртіндеп көшу бойынша қадамдар жасауда, ол мыналарды жорамалдайды:
- ұзақ мерзімді қаржылық нәтижеге және Топтың тұрақты дамуына тікелей әсер ететін тәуекелдерді анықтау мен бағалауды
- осы тәуекелдерді тиімді басқару жөніндегі шараларды әзірлеу мен іске асыруды
- қызметтің тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау және елеулі бәсекелестік артықшылықтарын алу үшін тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді басқару практикасын жетілдіруді және тәуекел мәдениетін дамытуды
2020 жылы Қазатомөнеркәсіпте тұрақты дамуды басқарудың корпоративтік практикасын дәйекті түрде дамыту шеңберінде келесілер орындалды:
- тұрақты даму саласындағы Корпоративтік саясат бекітілді және қолданысқа енгізілді
- тұрақты даму саласындағы қызметті регламенттейтін келесідей ішкі нормативтік құжаттар әзірленді және өзектендірілді:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стейкхолдерлерінің картасы
- Компанияның тұрақты даму саласындағы мақсаттары мен ҚТК негізге ала отырып, тұрақты даму саласындағы бастамалар Бағдарламасын құрамдастыру жөніндегі Ережені әзірлеу басталды
- біріктірілген жылдық есепті дайындау бойынша Регламент жаңартылды
- Директорлар кеңесі мен тұрақты даму саласындағы атқарушы орган құзыреттерінің матрицасы әзірленді
Тұрақты дамуды басқару диагностикасы
Тұрақты дамуды басқару практикасын жетілдіру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарында Компанияның тұрақты даму жөніндегі Департаментімен тұрақты даму практикасының кемелдену деңгейін диагностикалау бойынша жұмысқа бастамашылық жасалды. Диагностика «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы заңды тұлғаларда корпоративтік басқаруды диагностикалау Әдістемесіне сәйкес тұрақты негізде өткізіледі.
2020 жылдың маусымында бірінші кезең шеңберінде 5 ЕТҰ-да пилоттық диагностика өткізілді: «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Жоғары Технологиялар Институты» ЖШС.
Келесі қорытындылар жасалды:
- Барлық зерттелетін ЕТҰ-да тұрақты даму функциясы жеке бөлімшеге шығарылмаған, ал кейбіреулерінде лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілмеген. Әдетте, тұрақты даму мәселелерімен аралас бөлімшелердің қызметкерлері (корпоративтік басқару, бизнесәкімшілендіру, тәуекелдерді басқару және т. б.) айналысады
- Барлық зерттелетін ЕТҰ-дағы тұрақты даму практикасы ескірген әдістемелік базада құрылған. Халықаралық салалық стандарттардың ұсынымдары толық көлемде қолданылмайды
- Барлық зерттелетін ЕТҰ-дағы практикалар мен тұрақты дамуды басқару жаңғыртуды және жетілдіруді қажет етеді. Бұл ЕТҰ-да (бағалау сәтінде) тұрақты даму саласындағы қызметті регламенттейтін ішкі бағдарламалық құжаттардың құрылған жүйесінің болмауымен байланысты
Диагностика нәтижелері бойынша Тұрақты даму департаментімен ЕТҰ-ға арналған келесі ұсынымдар әзірленді:
- Жеке бөлімше құру немесе бірінші кезеңде жұмыс істеп тұрған бөлімше құрамында ЕТҰ ішінде тұрақты дамуға жауапты қызметкерді бөлу арқылы тұрақты дамуды басқару функцияларын жетілдіру
- Қазатомөнеркәсіптің соңғы жаңартулары мен ұсынымдарын ескере отырып, тұрақты даму саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру (бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, мүдделі тараптардың карталарын өзектендіру, тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіруді жүргізу және тәуекелдер карталарын жаңарту)
- Веб-сайттарда тұрақты даму бойынша бөлімдер құру арқылы мүдделі тараптар алдында айқындық пен ашықтықты арттыру және онда тұрақты даму саласындағы түйінді құжаттарды, оның ішінде қаржылық емес есептілікті орналастыру
- Қызметкерлер, оның ішінде жұмысшы мамандықтар арасында, жалақы деңгейіне қанағаттану, еңбек қатынастарының ашықтығы және т. б. мәселелер бойынша адам құқықтарының жай-күйіне бағалау жүргізу
- Мақсат қою, тұрақты даму және корпоративтік басқару саласындағы тәуекелдерді басқару процестеріне тартылған басшы қызметкерлер мен персонал үшін тұрақты дамуды басқару мәселелері бойынша оқыту өткізу
Тұрақты дамуды басқару практикасын дамыту жөніндегі жоспарлар
Қазатомөнеркәсіп тұрақты дамуды басқару практикасын құру және одан әрі жетілдіру жөніндегі дәйекті жұмысты жүзеге асырады. Компанияның осы бағыттың тұрақты дамуын басқару практикасын дамыту жөніндегі жоспарлары мыналарды қамтиды:
- DIN EN ISO 14001:2015 және DIN EN ISO 45001:2018 талаптарына сәйкестігіне қоршаған орта менеджменті жүйесінің (ҚОМЖ), денсаулық сақтау менеджменті жүйесінің және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің (ДСМЖ және ЕҚҚ) алғашқы бақылау-кеңейту аудитін жүргізуді
- кеніштердің өндірістік қызметінің экологиялық және әлеуметтік әсерлерін зерттеуді жалғастыруды
- әлеуетті тәуекелдерді ескере отырып, өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) бағдарламаларын өзектендіруге ұсынымдар әзірлеуді
- экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің (ЭМАЖ) Деректер базасын құру жөніндегі жұмысты жалғастыруды
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ-ның мүдделі тараптарымен экологиялық және әлеуметтік аспектілердегі өзара әрекеттесу жоспары» нұсқаулығын әзірлеуді
- «Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес жатқан аумақтардағы биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» Корпоративтік стандартының әзірленуін аяқтауды
- ғылыми-техникалық кеңестердің жұмыс форматы мен құрамын қайта қарауды және ҒЗТКЖ тиімділігін бағалау регламентін әзірлеуді
- орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарын тыңдау алаңы арқылы ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізуді үйлестірудің жүзеге асырылуын жалғастыруды
- ғылыми қызметке тартылатын ЕТҰ қызметкерлерінің ғылыми құзыретін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды
- мәдениетті трансформациялау және өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің іске асырылуын жалғастыруды
- бәсекеге қабілетті сатып алу үлесін ұлғайту, сатып алуға жұмсалатын шығындарды қысқарту және сатып алу қызметінің сапасын арттыру мақсатында жалпы қызмет көрсету орталығында ЕТҰ үшін сатып алу рәсімдерін өткізу функциясының орталықтандырылуын аяқтауды
- басқарушы персоналдың Сабақтастығы бағдарламасын іске асыруды
- тиімді коммуникацияларды дамыту жөніндегі, оның ішінде корпоративтік орталық пен еншілес тәуелді ұйымдардың басшыларын оқытуға бағытталатын болатын іс-шаралардың іске асырылуын

БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесі

Қазатомөнеркәсіп тұрақты болашақтың негіздерін құрамдастырудағы өзінің жауапкершілігін сезінеді және БҰҰ-ның орнықты дамуының жаһандық мақсаттарына (БҰҰ ТДМ) қол жеткізуге, сондай-ақ БҰҰ жаһандық шартының принциптерін іске асыруға үлес қосу үшін күш-жігер жұмсайды.
БҰҰ-ның барлық 17 ТДМ маңыздылығын мойындай отырып, Қазатомөнеркәсіп өз бизнесі үшін Басым алты мақсатты атап өтті.
БҰҰ-ның Тұрақты дамуының басым мақсаттары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез-келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа ықпал ету

Тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға ықпал ету

Барлығына арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету

Тұтыну мен өндірудің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету

Қарқынды, жан-жақты және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге ықпал ету

Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес жөнінде шұғыл шаралар қабылдау
Компания Тау-кен ісі және металдар жөніндегі халықаралық кеңестің (ICMM) және Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA) түйінді принциптерін қоса алғанда, тұрақты даму саласындағы үздік салалық практиканы өз қызметіне енгізуге ұмтылады, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықпен серіктестікте өз құзыреттерін дәйекті түрде арттыруда.
БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын түсіне отырып, Қазатомөнеркәсіп адамзаттың барынша елеулі әлеуметтік, экологиялық және экономикалық проблемаларын шешу үшін билік, бизнес, халықаралық және қоғамдық ұйымдар мен жұртшылық өкілдерін қоса алғанда, барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу үшін жағдай жасайды.
2020 жылы БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізуге елеулі үлес қосқан Қазатомөнеркәсіптің қызметі мен бастамалары қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, адами капиталды дамыту және Компания қатынасатын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы іс-шараларды қамтиды.
Компанияның БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізудегі үлесі
БҰҰ ТДМ | ТДМ басқару жүйесіне біріктіру | |
---|---|---|
![]() Басымдық Әлеуметтік жауапкершілік:
Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
3.4 2030 жылға қарай алдын алу және емдеу, психикалық денсаулық пен әл-ауқатты сақтау арқылы инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілсіз өлімді үштен бірге азайту |
|
|
3.6 2020 жылға қарай бүкіл әлемде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім мен жарақат санын екі есеге азайту |
|
|
3.9 2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан болатын өлім мен аурудың санын едәуір қысқарту |
|
|
![]() Басымдық Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
7.1 2030 жылға қарай арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету |
|
|
7.3 2030 жылға қарай энергия тиімділігін арттырудың жаһандық көрсеткішін екі еселеу |
|
|
7.а 2030 жылға қарай жаңартылатын энергетиканы қоса алғанда, экологиялық таза энергетика саласындағы зерттеулер мен технологияларға қол жеткізуді жеңілдету, энергия тиімділігін арттыру және қазбалы отынды пайдаланудың алдыңғы қатарлы неғұрлым таза технологиялары мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және энергетикалық инфрақұрылым мен экологиялық таза энергетика технологияларына Инвестицияларды көтермелеу |
|
|
![]() Басымдық Әлеуметтік-экономикалық салым:
Әлеуметтік жауапкершілік:
|
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
8.2 Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде қосылған құны жоғары секторларға және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару арқылы экономикадағы өнімділікті арттыруға қол жеткізу |
|
|
8.4 2030 жылдың соңына дейінгі бүкіл мерзім ішінде тұтыну және өндіріс жүйелерінде ресурстарды пайдаланудың жаһандық тиімділігін біртіндеп арттыру және тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдерін пайдалануға көшу жөніндегі Он жылдық іс-қимыл стратегиясында көзделгендей, экономикалық өсу қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауымен қатар жүрмеуін қамтамасыз етуге ұмтылу, әрі мұны бірінші болып дамыған елдер жасауы тиіс |
|
|
8.5 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлер, оның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және өнімді жұмыспен қамтуды және лайықты жұмысты және құндылығы бірдей еңбек үшін тең ақы төлеуді қамтамасыз ету |
|
|
8.8 Еңбек құқықтарын қорғау және еңбекші көшіп-қонушыларды қоса алғанда, барлық еңбекшілер, әсіресе көшіп-қонушы әйелдер мен тұрақты жұмыспен қамтылмаған адамдар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге ықпал ету |
|
|
![]() Басымдық Әлеуметтік-экономикалық салым:
Әлеуметтік жауапкершілік:
|
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
9.1 Экономикалық даму мен адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында, баршаға арналған арзан және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, аймақтық және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, тұрақты және орнықты инфрақұрылымды дамыту |
|
|
9.4 2030 жылға қарай инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді неғұрлым кеңінен қолдану есебінен олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен оларды орнықты ете отырып, қайта жабдықтау |
|
|
9.5 ылыми зерттеулерді өзектендіру, барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін, оның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және 1 млн адамға есептегенде ҒЗТКЖ саласындағы қызметкерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға арналған мемлекеттік және жеке шығындарды едәуір ұлғайту жолымен арттыру |
|
|
9.b Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, оның ішінде, көбіне өнеркәсіпті әртараптандыру және шикізат салаларындағы қосылған құнды ұлғайту арқылы қолайлы саяси ахуал жасау арқылы қолдау |
|
|
![]() Басымдық Тұрақты дамуды басқару Әлеуметтік-экономикалық салым:
Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
12.2 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды ұтымды игеруге және тиімді пайдалануға қол жеткізу |
|
|
12.4 2020 жылға қарай келісілген халықаралық принциптерге сәйкес химиялық заттар мен барлық қалдықтарды олардың бүкіл өмір бойғы циклі аралығында экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және олардың адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін едәуір азайту |
|
|
12.5 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау арқылы олардың көлемін едәуір азайту |
|
|
12.6 Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолдануға және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуге ұсыным беру |
|
|
![]() Басымдық Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
13.1 Барлық елдердегі қауіпті климаттық құбылыстар мен табиғи апаттарға төзімділік пен бейімделу қабілетін арттыру |
|
|
13.3 Білім беруді, ақпарат таратуды, адамдар мен мекемелердің климаттың өзгеру салдарының ауырлығын жеңілдету және әлсірету жөнінде, оларға бейімделу және ерте алдын-алу мүмкіндіктерін жақсарту |
|
|
![]() Басымдық Әлеуметтік жауапкершілік:
|
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
4.4 2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс алу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін сұранысқа ие дағдылары, оның ішінде кәсіптік-техникалық дағдылары бар жас және ересек адамдардың санын едәуір ұлғайту |
|
|
![]() Басымдық Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
6.3 2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтардың тасталуын жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдар лақтырындыларын барынша азайту, тазартылмаған сарқынды сулардың үлесін екі есеге азайту және бүкіл әлемде сарқынды суларды рециркуляциялау мен қауіпсіз қайта пайдалану ауқымын едәуір ұлғайту арқылы судың сапасын арттыру |
|
|
6.4 2030 жылға қарай барлық секторларда суды пайдаланудың тиімділігін едәуір арттыру және су тапшылығы проблемасын шешу және су тапшылығынан зардап шегуші адамдар санын едәуір қысқарту үшін тұщы судың тұрақты алынуы мен берілуін қамтамасыз ету |
|
|
![]() Басымдық Әлеуметтік жауапкершілік:
|
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
10.2 2030 жылға қарай жасына, жынысына, мүгедектігіне, нәсіліне, этникалық ұлтына, тегіне, дініне және экономикалық немесе өзге мәртебесіне қарамастан барлық адамдардың әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсене қатысуын заңнамалық жолмен қолдау және көтермелеу |
|
|
![]() Басымдық Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
15.1 2020 жылға қарай халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес жерүсті және ішкі тұщы су экожүйелері мен олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулы-батпақты алқаптарды, таулар мен қуаң жерлерді сақтауды, қалпына келтіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету |
|
|
15.5 Табиғи мекендеу ортасының тозуын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және 2020 жылға қарай жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және жойылуын болдырмауды қамтамасыз ету |
|
|
![]() Басымдық Тұрақты дамуды басқару Корпоративтік басқару және этика:
|
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
16.5 Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың барлық түрлерін едәуір қысқарту |
|
|
![]() Басымдық Компания туралы:
Тұрақты даму:
|
|
|
ТДМ өзекті міндеттері | Түйінді бастамалар мен жобалар | 2020 жылғы нәтижелер |
17.16 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қолдау үшін білімдерді, тәжірибені, технологиялар мен қаржы ресурстарын жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылатын тұрақты даму мүддесіндегі Жаһандық серіктестікті нығайту |
|
|
17.17 Серіктестердің ресурстарын пайдалану тәжірибесі мен стратегиясына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді серіктестікті ынталандыру және көтермелеу |
|
|
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл
Мүдделі тараптармен (стейкхолдерлермен) өзара іс-қимыл Қазатомөнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Компания, әлемдік ядролық нарықта оң беделге қол жеткізу Компанияның барлық мүдделі тараптарымен тікелей ынтымақтастықта ғана мүмкін екенін түсінеді.
Мүдделі тараптармен тұрақты өзара іс-қимылдың жолға қойылған жүйесі арқасында Компания стейкхолдерлердің пікірлері, мүдделері мен тілектері туралы хабардар.
Қазатомөнеркәсіп Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы саясат принциптерін айқын сақтайды. Стратегиялық металды сапалы жеткізу және қоғамдық міндеттерді іске асыру бойынша өзінің стратегиялық міндеттерін орындау арасындағы тепе-теңдікті табуға тырыса отырып, Компания, өзінің ықпалын және жауап беру арқылы шаралар қабылдау жолдарын түсіну үшін, өзінің шешімдері мен қызметіне қызығушылық танытатын адамдардың шеңберін анықтайды. Атом энергетикасының барлық субъектілері осындай мүдделі тараптар бола алады: реттегіштер, жабдықтарды жеткізушілер, тұтынушылар, қоршаған орта, мемлекет және әлеуметтік орта.
Стейкхолдерлермен тұрақты ашық коммуникация маңызды рөл атқарады, өйткені Компанияға олардың үміттерін жақсы түсінуге және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бөлігінде күн тәртібін құрамдастыру үшін мақсатты көзқарасты пайдалануға ерік береді. Конгрестік-көрмелік іс-шараларға, көпжақты талқылауларға қатысу, БАҚ арқылы хабарлау – осы коммуникациялардың барлық арналарын Компания тұрақты түрде пайдаланады және референттік аудиториялармен диалог жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қазатомөнеркәсіп жыл сайын біріктірілген жылдық есепті жариялайды. Есептерді дайындау кезінде Компания қаржылық емес есептілік көрсеткіштерін ашу бойынша халықаралық стандарттарды нұсқаулыққа алады: GRI нұсқаулығы, GRI салалық энергетикалық хаттамасы, AA 1000 SES стандарты.
Мүдделі тараптардың тізімі

акционерлер

серіктестер

кредиторлар

ТЖҚ жеткізушілер

тұтынушылар

еншілес және тәуелді ұйымдар

менеджмент және персонал

мемлекеттік органдар

жергілікті атқарушы органдар

кәсіптік одақтар

БАҚ

қоғамдық ұйымдар және жергілікті тұрғындар

бизнес- қоғамдастықтар

халықаралық ұйымдар

инвестициялық талдаушылар

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры
Қазатомөнеркәсіптің ағымдағы қызметіне және стратегиялық дамуына әсерін бағалау, сондай-ақ Компанияның сыртқы мүдделі тараптармен қалыптасқан өзара іс-қимыл практикасы және олардың оның жұмысының нәтижелеріне тәуелділігі одан әрі өзара іс-қимыл жасау мақсатында мүдделі тараптарды анықтау және іріктеу үшін негіз болып табылады.
Компанияда, құрамдастыру кезінде барлық стейкхолдерлердің мүдделері мен қажеттіліктері ескерілетін мүдделі тараптардың картасы әзірленді.
Компания өз қызметінің салдарын сезіне отырып, мүдделі тараптармен келесі принциптер негізінде өзара әрекеттеседі:
- олар кездесетін проблемаларды бағалаудағы маңыздылық
- мүдделі тараптардың сұраныстарына барабар жауап беру
Қазатомөнеркәсіп пен стейкхолдерлердің өзара әсерін бағалау бөлігіндегі мүдделі тараптардың картасы, сондай-ақ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары жыл сайынғы негізде өзектендіріледі. 2020 жылы картаның өзектілігі менеджмент сауалнамасымен расталды.
Қазатомөнеркәсіптің стейкхолдерлердің әртүрлі топтарымен өзара әрекеттесуі Компанияның күнделікті практикасына жүйелі диалогты (мүдделі тараптармен өзара әрекеттесудің халықаралық стандарттарына сәйкес) және AccountAbility52 және GRI есеп беру принциптерін енгізуге негізделген.
52 AA1000AP (AA1000 Accountability Principles) есеп беру принциптерінің стандарты, AA1000SES (AA1000 StakeholderEngagementStandard) мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу стандарты.
Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу деңгейлері мен әдістері
Өзара әрекеттесу деңгейлері | Өзара әрекеттесу әдістері |
---|---|
Консультациялар |
|
Келіссөздер |
|
Тарту |
|
Ынтымақтасу |
|
Біріктіру |
|
Қазатомөнеркәсіп түйінді мүдделі тараптармен тұрақты диалог құрады, әртүрлі байланыс арналары арқылы кері байланыс алады.
БЖЕ дайындау барысындағы өзара әрекеттесу
Түйінді мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру және біріктірілген жылдық есептегі (БЖЕ) ақпаратты ашу сапасын арттыру мақсатында Қазатомөнеркәсіп мүдделі тараптардан мыналар үшін кері байланысты жинау бойынша жұмыс жүргізеді:
- 2019 жылғы Біріктірілген жылдық есепте Компания қызметінің әртүрлі аспектілері туралы ақпаратты ашу деңгейін бағалауды
- Компанияның елеулі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерін көрсететін немесе мүдделі тараптардың бағалауы мен шешімдеріне елеулі ықпалын 2020 жылға арналған Біріктірілген жылдық есепте ашу үшін елеулі тақырыптарды айқындау
БЖЕ дайындау кезінде мүдделі тараптарға толтыру үшін нысандар жіберіледі:
- алдыңғы есепті кезеңдегі Біріктірілген жылдық есепте Қоғам қызметінің әртүрлі аспектілері туралы ақпаратты ашу деңгейі туралы сауалнама жүргізуге;
- дайындалып жатқан Біріктірілген жылдық есепте ашу үшін елеулі тақырыптарды айқындауға арналған сауалнама жүргізуге.
Мүдделі тараптардан Компания атына келіп түскен пікірлер тұрақты дамуға жауапты құрылымдық бөлімшеде шоғырландырылады. Осы пікірлердің көшірмелері, тиісті құрылымдық бөлімшемен дайындалған ақпаратқа қатысты осы пікірлерде жазылған ұсыныстар мен ұсынымдарды есепке алу және келесі Есеп үшін ақпарат дайындау кезінде осы пікірді одан әрі есепке алу мүмкіндігін бағалау мақсатында Есеп үшін ақпарат дайындауға қатысатын құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
БЖЕ Компанияның корпоративтік сайтында орналастырғаннан кейін орналастырылған Есепке қатысты мүдделі тараптардың пікірлерін алу және қарастыру қамтамасыз етіледі.
Осы мақсатта Компания Есепті интернет-ресурста орналастырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мүдделі тараптарға, есептегі №1 қосымшада көрсетілген, кері байланыс сауалнамаларын жібереді. Кері байланыс сауалнамалары корпоративтік сайтта, персоналға және менеджментке online-сауалнама жүргізу үшін ішкі порталда орналастырылады, сондай-ақ мүдделі тараптардың нысаналы топтарына ресми хатпен жіберіледі.
Шағым беру механизмдері
Қазатомөнеркәсіпте қандай да бір мүдделі тараптың шағым беруінің әртүрлі тәсілдері бар, бұл ретте неғұрлым жиі пайдаланылатын байланыс арналары мыналар болып табылады:
- басшыға жазбаша түрде өтініштер
- «Жедел желі» / шағымдар жәшігі сенім ақпараттық жүйесі
- Омбудсмен қызметі
- Комплаенс қызметінің «жедел желісі»
Мүдделі тараптар мен Компания арасындағы консультациялар
Қазатомөнеркәсіпте мүдделі тараптардың түйінді топтары мен корпоративтік басқарудың жоғары органы арасында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар өткізудің ерекше рәсімдері қабылданды.
Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер Директорлар кеңесінің (ДК) мамандандырылған комитеттері деңгейінде және ЕТҰ қадағалау кеңестері деңгейінде тұрақты түрде қаралады. ДК комитеттерімен атқарылған негізгі жұмыс нәтижесінде, атап айтқанда алдын ала қарау, ДК құзыретінің аса маңызды мәселелерін пысықтау және осы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау бойынша ұсынымдарды құрамдастыру нәтижесінде, ДК-де үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға сәтті төтеп беруге және тез бейімделуге және корпоративтік басқарудың аса маңызды принциптерін сақтауға мүмкіндік пайда болады.
Өндірістік қауіпсіздік комитеті (HSE)
Комитеттің негізгі мақсаты Компаниядағы және оның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйі мәселелері бойынша, әлеуметтік мәселелер және тұрақты даму саласындағы мәселелер бойынша Компанияның Директорлар кеңесінің ұсынымдарын әзірлеу және ұсыну болып табылады. Есепті кезең ішінде Комитет мүшелері 5 бетпе-бет отырыс өткізді және 23 мәселені қарады. Күн сайын өз қызметін жүзеге асыру барысында Компания өндіріс қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптар алдындағы жауапкершіліктің толықтығын түсінеді.
Әлеуметтік-экономикалық үлес

Мүдделі тараптар үшін экономикалық құндылық құру
Қазатомөнеркәсіп бизнестің ұзақ мерзімді жетістігі қатынасатын аймақтарда және жалпы елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынаста болуға, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің өмір сүру сапасына байланысты екенін түсінеді. 2020 жылы компания қатынасатын аймақтармен ұзақ мерзімді жемісті қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге және әлеуметтік жауапты компанияның имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде жүзеге асырды.53
53 Қазатомөнеркәсіп өз қызметін Қазақстанның 5 аймағында – Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырады.
Қазатомөнеркәсіп өзінің қатысатын аймақтарының әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуына мыналар есебінен елеулі үлес қосуда:
- салықтарды төлеу арқылы аймақтардың бюджеттеріне елеулі түсімдерді қамтамасыз ету
- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде аймақтар бюджеттеріне төлемдерді жүзеге асыру
- жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету
Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құны*, млн тенге
Тарау | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
Құрылған тікелей экономикалық құны | |||
Кірістер | 846,03 | 621,13 | 667,12 |
Бөлінген экономикалық құны, в т. ч. | |||
Операциялық шығындар | 292,81 | 273,42 | 288,11 |
Жалақы | 42,78 | 49,15 | 50,72 |
Пайыздар және дивидендтер бойынша шығындар | 12,67 | 11,96 | 7,68 |
Салықтар, табыс салығынан басқа | 23,56 | 27,79 | 24,73 |
Табыс салығы бойынша шығындар | 28,80 | 33,51 | 63,78 |
Өзге шығындар | 19,99 | 8,51 | 9,73 |
Әлеуметтік салаға арналған шығындар (жергілікті қауымдастықтарға арналған инвестициялар) | 0,73 | 1,07 | 1,01 |
Бөлінбеген экономикалық құн (бір жылғы табыс) | 424,69 | 213,75 | 221,37 |
Әлеуметтік-экономикалық дамуға және инфрақұрылымды дамытуға қатысатын өңірлердің бюджеттеріне аударымдар, млн теңге
Кәсіпорын | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
Түркістан облысы | |||
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 504,1 | 154,5 | 165,4 |
«АППАҚ» ЖШС | 32,7 | 37,9 | 40,3 |
«Ақбастау» БК» АҚ | 185,9 | 194,9 | 214,7 |
«Оңтүстік та-химия компаниясы» БК» ЖШС | 83,5 | 86,5 | 96,3 |
«Волковгеология» АҚ | 4,2 | 2,5 | 2,8 |
«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ | 17,4 | 10,1 | 20,8 |
«Инкай» БК» ЖШС | 11,2 | 58,0 | 59,9 |
«Казатомпром-SaUran» ЖШС | 0,2 | 387,1 | 427,8 |
«Қаратау» ЖШС | 45,2 | 52,3 | 52,9 |
«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС | 70,2 | 76,4 | 83,1 |
«КАТКО» БК» ЖШС | 11,2 | 11,4 | 3,96 |
«Буденовское» БК» ЖШС | - | - | 21,5 |
Кызылорда облысы | |||
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 92,99 | - | - |
«Байкен-U» ЖШС | 37,1 | 38,6 | 42,2 |
«РУ-6» ЖШС | 2,0 | 102,8 | 107,5 |
«Семізбай-U» ЖШС | 23,3 | 26,5 | 26,7 |
«Кызылкұм» ЖШС | 171,1 | 116,2 | 126,1 |
Қайырымдылық және демеушілік қызмет
Жергілікті қоғамдастықтарды қолдау мақсатында Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді қоғамдарының әлеуметтік бастамаларды өз бетінше іске асыру мүмкіндігі бар. ЕТҰ-ы қатынасатын аймақтардың жыл сайынғы қайырымдылық акцияларына және мәдени өміріне қатысады, оның ішінде балалар үйінің балаларына, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетеді, аудандық абаттандыру мәселелерін шешуде халыққа әлеуметтік қолдау көрсетеді, экологиялық іс-шаралар мен сенбіліктерге, қоғамдық іс-шаралар мен мерекелерді ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады.
2020 жыл ішінде «Корпоративтік мәдениетті дамыту» жобасының Жол картасын және Еріктілер Жылын іске асыру шеңберінде Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері келесі қоғамдық шараларға қатысты:
- Шымкент қаласының балалар үйінде, кәсіптік бағдар беру ролигін көрсете отырып («АППАҚ» ЖШС), «Коммуникация, көшбасшылық дағдылары, аудитория алдында сөйлеу және болашақ мамандықты таңдау» тақырыбында мастер-класс өткізуге
- Оқушыларға кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ қатынасатын аймақтар тұрғындары («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Қаратау» ЖШС, «АППАҚ» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС волонтерлері) арасында білім беруді арттыру шеңберінде Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары үшін мастер-кластар сериясын ұйымдастыруға
- 2020 жылдың жазында Түркістан облысы Созақ ауданының тұрғындарына 10 000 медициналық маска ұсынуға
- Орталық аудандық ауруханаға 50 литрден 15 оттегі баллоны мен 75 экспресс-тестті, Созақ ауданының СЭҚ-іне және Түркістан облысының Таукент кентінің провизорлық орталығына 500-ден астам FFP2 маскасын және бахиласы бар 80 комбинезонды беруге
- Түркістан облысының ауруханалары үшін 6 ӨЖЖ аппаратын сатып алуға және жеткізуге
- Қызылорда облысы, Жаңақорған кентіндегі «Жаңақорған аудандық ауруханасы» ММ үшін «Қызылқұм» ЖШС қызметкерлерінен 500 бірлік оттегі баллондарын толтыруға және жеткізуге
- «Инкай» БК» ЖШС қызметкерлерінің Түркістан облысы, Тайқоңыр кентіндегі мектепке COVID-19-дан қорғану маскаларын, санитайзерлерін және басқа да құралдарын беруге
- Кеніштер мен басқа да өндірістік объектілердің аумағында қоқысты сұрыптай отырып, барлық кәсіпорындардың қызметкерлерімен өткізілетін жыл бойы тұрақты сенбіліктер өткізуге
- Аумақты абаттандыру бойынша іс-шаралар шеңберінде кеніштерді көгалдандыруға
- «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ қызметкерлерімен Дүниежүзілік Қоршаған Ортаны қорғау күнін өткізу шеңберінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруға:
- Түркістан облысы Отырар ауданының Тимур ауылындағы саябақ аумағына 350 түп ағаш көшеттері отырғызылды
- «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ кеніші базасының аумағында 40 түп ағаш көшеттері және 110 түп раушан бұталары отырғызылды
- кеніш пен вахталық кент аумағында 10 түп сирень бұталары, 80 жеміс ағашы (алма және өрік), сондай-ақ өз питомнигінен алынған күл көшеттері отырғызылды
- Қызылорда облысы Шиелі кенті Көк шоқы шағын ауданының жұмысшы кентінде «Бірге-Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде «РУ-6» ЖШС жұмыскерлерімен аумақты абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізуге
- «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС қызметкерлерінің Түркістан облысы Таукент к. көлінің жағалау аймағын абаттандыру бойынша көмек көрсетуге
- «Үлбі Металлургия Зауыты» АҚ қызметкерлерімен Өскемен қаласындағы «Әлия» балабақшасының аумағын қардан тазартуға
Елімізде коронавирустық инфекцияға байланысты төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде Қазақстанда пандемияның таралуына қарсы күрес жүргізетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының медицина қызметкерлеріне Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды.
Ғылыми және инновациялық қызмет



Ғылыми және инновациялық даму мәселелерін басқару
Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемін сақтау, тиімділікті арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі стратегиялық басымдықтарын іске асыруда ғылыми ізденістер мен инновациялық әзірлемелер маңызды рөл атқарады. Қазақстандық уран өнімінің қосылған құнын ұлғайту және ғылымды қажетсінуін арттыру мақсатында ғылымды және инновацияларды басқару саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізгі үлес қосады:
- «Волковгеология» АҚ – геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары
- «Жоғары технологиялар институты» ЖШС – өнімдік ерітінділерді өндіру және қайта өңдеу, сирек кездесетін металдарды ілеспе алу
- «Үлбі Металлургия Зауыты» АҚ – ЯОЦ жоғары технологиялары, сирек металдарды алу және өңдеу
Ғылыми-техникалық қызметті жалпы үйлестіру, зияткерлік меншікті басқару мен коммерцияландыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғылыми-технологиялық жобалар Департаментімен жүзеге асырылады.
2020 жылы ғылыми қызметті үйлестіруді одан әрі жақсарту және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің (ҒЗТКЖ) нәтижелерін енгізу мақсатында Компанияның өндірістік объектілерінде Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдарымен орындалған ҒЗТКЖ нәтижелерін тыңдау бойынша екі іс-шара өткізілді.
2020 жылдың нәтижелері:
Компания инновациялық-технологиялық даму Стратегиясы мен Саясатының ережелеріне сәйкес өз қызметін үнемі бағалайды, талдайды және өзектендіреді:
- Қазатомөнеркәсіптің Ғылыми-техникалық кеңесінің екі отырысы және Топтың ғылыми-технологиялық қызметінің басым бағыттары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық кеңестердің 13 отырысы өткізілді
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғылыми-технологиялық дамуын басқару» Саясатының ішкі нормативтік құжаттары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу» СТ-НАК 01-2020 Стандарты және т.б. өзектілендірілді
- «Уран мен ілеспе сирек металдар мен сирек кездесетін жер металдарын өндіру және қайта өңдеуге арналған тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды, жабдықтарды, материалдар мен химиялық реагенттерді қарау және ұйымдастыру тәртібі» атты жаңа құжат әзірленді
Ғылыми-технологиялық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында 2020 жылы Қазатомөнеркәсіп, «Байкен-U» ЖШС және «АППАҚ» ЖШС арасында «Құрамында уран бар ерітінділерден табиғи уран концентратын алу тәсілі» өнертабысын пайдалануға құқық беру туралы 2 шартқа қол қойылды, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес және тәуелді ұйымдары («Қаратау» ЖШС, «Оңтүстік тау-кен-химиялық компаниясы» БК» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС) арасында «Құрамында уран бар ерітінділерден табиғи уран концентратын алу тәсілі» өнертабысын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық шарттарға қол қою бойынша келіссөздер жалғасуда.
Бұдан басқа, «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС-мен лицензиялық шарттар жасасу бойынша жұмыстар мен келіссөздер жүргізілуде.
COVID-19 пандемиясына байланысты Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының зияткерлік меншік объектілерін заңды түрде пайдалану және коммерцияландыру аудиті бойынша жұмыс уақытша тоқтатылды.
Ғылыми әзірлемелер
Іс жүзінде Топтың барлық ҒЗТКЖ өндірісті жетілдіруге және жаңғыртуға бағытталған. 2020 жылы ҒЗТКЖ-ның бірнеше ірі жобалары іске асырылды:
- «Табиғи уранның химиялық концентраты мен уранның шала тотығы-тотығының өзіндік құнын төмендету үшін жаңа технологияларды, материалдар мен жабдықтарды енгізу»
Тауарлық десорбат нано сүзгілеу қондырғысының өнеркәсіптік сынақтары бойынша жұмыс басталды, нано сүзгілеудің технологиялық режимдерін пысықтау және осы технологияның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу мақсатында өнеркәсіптік сынақтар жалғасуда.
- «Арнайы мақсаттағы химиялық реагенттермен бірге кавитациялық-ағынды технологияларды қолдана отырып, аз қышқылды сілтісіздендіру технологиясын әзірлеу»
2020 жылы кейіннен технология тиімділігінің техникалық-экономикалық есептеулерін әзірлей отырып, өнеркәсіптік сынақтар жүргізу жалғастырылды. Аяқтау 2021 жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда.

Ғылыми зерттеулер үшін жұмыстың маңызды бағыттарының бірі экологиялық. 2020 жылы өндірістің экологиялық тазалығын арттыруға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілді:
- Уранды жерасты шаймалау процестерінің жер асты және жер асты суларына әсерін зерттеу мақсатында әдістемелік нұсқаулар (стандарт) әзірлеу:
- Тапсырыс беруші кәсіпорындарының ЖҰШ әдісімен уран өндіру нәтижесінде уран кен орындарының сулы қабаттарының ластануын бақылау және олардың ластану қаупін азайту
- ЖҰШ кәсіпорындары жер асты суларына қайтымсыз теріс әсер етпейтіндігі туралы сенімді дәлелдер алу үшін іс-шаралар жоспарын құру
- өндіру полигондарын пайдалану және оларды жоюды жобалау сатысында қолданылатын су тұтқыш жиектер мониторингінің деректерін түсіндіру әдістемесін әзірлеу
- Эквивалентті дозаны және сыртқы гамма-сәулеленудің эквивалентті дозасының қуатын өлшеу және бақылау мүмкіндігімен гамма-сәулеленудің шекті дозиметрі негізінде радиациялық қауіпті факторлардың Автоматты мониторингі жүйесін әзірлеу
Осы ҒЗТКЖ мақсаты «РКС01ИМ» жеке дозиметр негізінде автоматты мониторинг жүйесін әзірлеу болып табылады. Автоматты мониторинг жүйесі персоналдың кәсіби бағытын, сондай-ақ персоналдың жұмыс орындарындағы радиациялық жағдайды ескере отырып, сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде алынған персоналдың жеке сәулелену дозалары туралы объективті ақпарат алу үшін персоналдың жеке сәулелену дозаларын бақылау және есепке алу жөніндегі ақпараттық кешен болып табылады.
Бұл кешен мыналарды қамтамасыз етеді:
- персонал мен халықтың әртүрлі санаттарына радиациялық фактордың әсерін бағалауды
- жаяу гамма-түсірілім барысында географиялық координаттарға автоматты түрде байланыстыра отырып, жергілікті жердегі гамма-сәулелену деңгейі туралы ақпарат жинауды
- ыңғайлы және достық бағдарламалық интерфейс арқылы электрондық есептер мен картограммаларды автоматты түрде құрамдастыру. ҒЗТКЖ кезінде әзірленген дозиметрлерді жеке дозиметрлер ретінде қолдану қызметкерге мынадай бірқатар артықшылықтар береді, мысалы:
- нақты уақыт режимінде жинақталған доза мен доза қуатының тікелей көрсеткішін көрсету
- дозаның қуаты туралы сигнал беру және көрсетілген дозаның қуаты немесе жинақталған дозадан асып кеткен кезде оны алып жүретін адамды ескертетін сигнализация
- әдеттегі (мкЗв) дан авариялық деңгейлерге дейін (жүздеген мЗв немесе Зиверт бірліктері) жинақталған сәулелену дозаларының кең диапазонын жоғары дәлдікпен өлшеу
Рационализаторлық қызмет
Топ өз қызметкерлерін инновациялық қызметке рационализаторлық ұсыныстарды беру, өңдеу, бағалау және қарастыру механизмдері арқылы тартады.
ЕТҰ арасында өткізілетін рационализаторлық қызмет бойынша жыл сайынғы конкурс рационализаторлық қызмет үшін қосымша ынталандыру болып табылады.
2020 жылдың нәтижелері:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 30 маусымдағы №21/20 шешімімен бекітілген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы рационализаторлық қызмет» Стандарты (бұдан әрі – Стандарт)
Стандартты енгізу себептері:
- Стандарттың қолданылуын барлық ЕТҰ-ға тарату және бұрын қолданыста болған Ережеге қарағанда бірыңғай принциптерді енгізу
- «eKAP» жүйесінде, қағаздық рәсімдерді барынша жоюға мүмкіндік беретін, рационализаторлық ұсыныстарды автоматты түрде беру
- рационализаторлық қызмет Конкурсында 2 жаңа номинацияны енгізу:
- «GreenMindset – Жасыл ойлау» бастамасы шеңберіндегі үздік рационализаторлық ұсыныс» – экономикалық, әлеуметтік және имидждік жиынтық пайдасы бар рационализаторлық ұсыныстар іріктеледі
- «Өндіріске арналған ең үздік цифрлық шешім» – өндірістік процестерге арналған шығыстарды қысқартудан үлкен экономикалық пайдасы бар немесе айтарлықтай сапалы пайдасы бар рационализаторлық ұсыныстар іріктеледі
2020 жылдың қысында 2019 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттай отырып, еншілес және тәуелді ұйымдар арасында рационализаторлық қызмет бойынша конкурс өткізілді.
Жыл сайынғы конкурс үш кезеңде өтті:
1) кәсіпорындардағы конкурсқа қатысушыларды ішкі іріктеу
2) ұйымдастыру комитетімен конкурсқа қатысушыларды іріктеу
3) сараптау комиссиясының номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтауы
«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ-ның «Ерітінділерді дайындаудың мобильді технологиялық торабын жасау» ұсынысы экономикалық нәтиже беретін ең жақсы рационализаторлық ұсыныс болып танылды.
Әлеуметтік немесе басқа әсер тудыратын ең жақсы рационализаторлық ұсыныс «Байкен-U» ЖШС «Қатты бөлшектерді 515 тұрғыда тұндыру арқылы суару процесін жақсарту» ұсынысы болды.
2019 жылғы рационализаторлық қызмет нәтижелері бойынша Жылдың үздік кәсіпорны/бөлімшесі – «РУ-6» ЖШС – кубок алды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және грамоталармен, ал үздік рационализаторлар – «Үздік өнертапқыш» төсбелгісімен марапатталды.
- ҒЗТКЖ және инновациялар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды:
- «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ
- «Болашақ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ
- «Зияткерлік жүйелерді технологиялық дамыту орталығы» ЖШС
- «Ұлттық жоғары технологиялар және энергия үнемдеу орталығы» ЖШС
- ғылыми қызметке тартылатын Компания қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу құзыретін арттыру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Болашақ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында Меморандум жасалды
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен ЕТҰ-да ғылыми-техникалық пулды дайындау жұмыстарын жүргізу шеңберінде ұйымдастырылды және PhD мен аспирантура бағдарламалары бойынша РФ бейінді ЖОО-на қабылдау рәсімдері өткізілді
2021 жылға арналған жоспарлар:
2021 жылы Топта ғылыми қызметті басқарудың жаңа тәсілін іске асыру шеңберінде болады:
- жоспарланған және іске асырылатын ҒЗТКЖ-ның ғылыми жаңалығына сапалы бағалау жүргізілетін
- ғылыми-техникалық кеңестердің жұмыс форматы мен құрамы қайта қаралатын және Бекітілген саясатқа сәйкес ҒЗТКЖ тиімділігін бағалау регламенті әзірленетін
- орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарын тыңдау алаңы арқылы ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізуді үйлестіру жалғастырылатын
2021 жылы ғылыми қызметке тартылатын ЕТҰ қызметкерлерінің ғылыми құзыретін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Жұмыстардың осы бағыты ғылыми зерттеулер бойынша ЛКШ орындау шеңберінде ҒЗТКЖ сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.
Сатып алу қызметі

Бизнестің ауқымдылығына және Қазатомөнеркәсіп қызметінің кең географиясына байланысты Компания бизнесінің табыстылығы үшін сатып алудың оңтайлы шарттарымен үйлесімде қажетті ресурстарға қажеттілікті тиімді, уақтылы және толық қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар.
Топтың есепті кезеңіндегі сатып алу бөлігіндегі негізгі басымдықтары:
- автоматтандыру және цифрландыру есебінен процестердің ашықтығын арттыру
- Компания мен ЕТҰ-дағы сатып алу процестерін басқару құрылымын оңтайландыру
- санаттық сатып алу процесін дамыту
2020 жылы 20 сатып алу санаттық стратегиясы әзірленді, оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 9 сатып алу санаттық стратегиясы және Қордың 10 сатып алу санаттық стратегиясы іске асырылды. 26,1 млрд теңге – Топ бойынша санаттық сатып алудың нақты көлемі.
Сатып алу қызметін басқару процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ топта конкурстық тәсілмен ТМҚ үздіксіз қамтамасыз ету үшін жалпы қызмет көрсету орталығында (ЖҚКО) сатып алу рәсімдерін өткізу функцияларын орталықтандыру бойынша жұмыс басталды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнесті жаңғырту және трансформациялау жөніндегі кеңестің 09.12.2020 ж. №05/20 шешімімен «Процесті орталықтандыру» «Жеткізушіні таңдау» жобасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ цифрлық трансформациялау жобалары мен іс-шараларының қоржынына енгізілді. «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС кәсіпорындары жобаның пилоттық периметріне енгізілген. 2021 жылдың қорытындылары бойынша жобаны іске асыру нәтижесінде сатып алу бағасын төмендету есебінен қаржылық пайда күтілуде. Пилоттық режимде сәтті іске асырылған жағдайда 2021 жылы осы тәсілді басқа ЕТҰ-ға көбейту жоспарлануда.
Осы жобаны іске асыру қорытындылары бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қысқартылады, процестерді нақты регламенттеу және ЖҚКО мен ЕТҰ арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі есебінен сатып алу қызметінің сапасы артады.
2020 жылға арналған санаттық стратегиялар
Топтың стратегиялары | Қордың стратегиялары |
---|---|
ЖЖМ (отын) | Электр энергиясы |
Көлік-өткізу қызметтері | Жеңіл авто және автобустар |
Тантал | Медициналық сақтандыру |
Сорғылар, жиынтықтауыштар мен қосалқы бөлшектер | Арнайы аяқ киім |
Құбырлар | Кабель-өткізгіш өнім |
Шығын өлшегіштер | Байланыс қызметтері |
Технологиялық тораптар | IT жабдықтар мен байланыс жабдықтары |
Ион алмастырғыш шайыр | IT бағдарламалық қамтамасыз ету |
Сутегі пероксиді | Майлар және майлау |
Арнайы киім | Жүк автомобильдері және арнайы техника |
Аммиак өнімі | Арнайы киім және ЖҚҚ |
92,882 млн теңгеден астам сомаға конкурстық сатып алу бойынша шарттар (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ашық тендер) жасалды.
Конкурстық сатып алу үлесін арттыру мақсатында әлеуетті жеткізушілер арасында тендерлік құжаттама шарттарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіледі, жеткізушілерге қойылатын жоғары талаптар алынып тасталады, өндірістік процеске әсер етпейтін әкімшілік шығындар қысқартылады. Бір көзден сатып жоспарланып отырған сатып алу конкурсқа ауыстырылады.
Сатып алу қызметін цифрландыру
2020 жылы Компанияның 2021 жылға арналған са тып алу жоспарлары SAP ERP жүйесінде толығымен құрамдастырылды. Осы функционал қысқа мерзімде жоспарланған сатып алуларды/жолдағы тауарларды және қоймадағы қалдықтарды ескере отырып қажеттілікті шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта, сатып алуды жоспарлау және шарттар бойынша деректермен тікелей алмасу тәсілі іске асырылатын болатын, SAP ERP және ЭСАЖ 2.0 ақпараттық жүйелерін тікелей автоматтандырылған біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті өндірушілерді қолдау
Мемлекеттік саясаттың ережелеріне сәйкес Компания аймақтардың отандық өнім берушілерін қолдау мақсатында өз ЕТҰ мен жергілікті өнім берушілер арасында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін шарттар жасасуға жәрдем көрсетеді.
Қазатомөнеркәсіп сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тізілімінде тұрған тауар өндірушілерден отандық жеңіл, жиһаз, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен өндірілетін, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру саласындағы тауарларды сатып алуды қамтамасыз ету бойынша бақылауды жалғастыруда.
«Қарапайым заттар экономикасы» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде өнімдер мен тауарлар (жиһаз, киім, азық-түлік, құрылыс материалдары) Холдинг тауар өндірушілерінен сатып алынады. ЕТҰ-да тиісті басымдықты белгілеу және осы тауарларды жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерден шығару туралы тапсырма берілді.
2020 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС алаңында, шеңберінде тауар өндірушілермен оффтэйк-шарттар жасалатын (тауарлардың белгілі бір санын сатып алу бойынша міндеттемелерді тұспалдайтын) Компанияның ЕТҰ қатысуымен Орталық жобалық кеңсе жұмыс істеуін жалғастыруда.
2021 жылға арналған жоспарлар:
Топтың сатып алу практикасын дамыту саласындағы 2021 жылға арналған жоспарлары мыналар болып табылады:
- сатып алу процестерін оңтайландыру жөніндегі қызметті жалғастыру
- сатып алу процестерін автоматтандыруды дамыту
- сатып алу процестерін орталықтандыру
Сатып алудағы жергілікті өнім берушілердің үлесі, %
Кен орындарының тіршілік циклін басқару
Топ 26 кен орындарында (учаскелерде) өндіруді жүзеге асырады. Кен орнын қазу ЖҰШ әдісімен дәйекті түрде технологиялық блоктарға бөлу арқылы жүзеге асырылады. Орта есеппен кен орнындағы бір технологиялық блок үш-төрт жыл ішінде қазылады.
ЖҰШ әдісімен уран өндіру келесі жұмыстар кешенін орындауды қамтиды:
- тау-кен дайындық жұмыстары (технологиялық ұңғымаларды салу, магистральдық және блокішілік орамдарды монтаждау, тау-кен массасын қышқылдандыруды жүргізу)
- уранды тікелей жер қойнауында шаймалау және өнімді ерітінділерді өндіру (белсенді шаймалау, шаймалау және қосымша шаймалау)
Цифрландыру және автоматтандыру

Цифрлық технологияларды дамыту экономиканы дамытудың аса маңызды қазіргі заманғы трендтерінің бірі болып табылады. Цифрлық шешімдер орта мерзімді перспективаның өзінде-ақ еңбекті бөлудің жаһандық тізбектеріне айтарлықтай әсер етуге, бизнес үшін еңбек өнімділігін арттырудың түйінді факторына айналуға қабілетті.
Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы өнеркәсіптік өндіріске цифрлық технологияларды енгізуші пионерлердің бірі болып табылады.
2020 жылдың нәтижелері:
Сандық жетілуді бағалау
Компанияның цифрлық жетілуін өлшеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Өлшеу негізінде Жетілу деңгейін арттыру жоспары қалыптастырылды және цифрлық жетілу деңгейін арттыру мақсатына қол жеткізу үшін бірқатар бастамалар анықталды.
Сәулет комитеті
Сәулет комитеті қалыптастырылды. Негізгі міндет – Қоғамның бірыңғай ережелеріне, талаптары мен стандарттарына сәйкес Қоғам архитектурасын әзірлеу мен іске асырылуын бақылауды, келесі домендер бөлінісінде жүзеге асыру: бизнес-процестер, деректер, қосымшалар, инфрақұрылым.
CRM енгізу
CRM платформасы базасында клиенттермен өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыру жөнінде жоба аяқталды. CRM жүйесін енгізу мүмкіндік береді:
- фертаны алуға деген сұранымдардың түсуінен процестерді бақылауға
- клиенттерден хабарламалар алуға
- ағымдағы бизнес-процестер бойынша міндеттерді атқару мерзімдерін қоюға
«Байкен-U» ЖШС деректерін жинау және көзбен шолу
«Байкен-U» ЖШС-мен бірлесіп, деректерді жинаудың автоматтандырылған формулярларын, сондай-ақ негізгі геотехнологиялық көрсеткіштерді жедел қадағалауға арналған аналитикалық дэшбордтарды қамтитын Харасан-2 кенішінің геотехнологиялық деректерін жинау және көзбен шолу құралдары әзірленді.
Е-КАП корпоративтік ақпараттық жүйесінде өндірістік қауіпсіздік бойынша есептілікті автоматтандыру
Е-КАП ақпараттық жүйесінде, ЕТҰ-дағы өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпаратты жинауға, шоғырландыруға және талдауға бөлінетін уақытты қысқартуға ерік беретін, өндірістік қауіпсіздік бойынша мерзімді есептілік нысандары әзірленді.
COVID-19 бойынша дэшбордтар
COVID-19 таралуы жөніндегі жағдайға жедел мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстандағы және Компаниядағы жағдайдың дамуы бойынша негізгі көрсеткіштерді көрсететін аналитикалық дэшбордтар әзірленді. Күнделікті сауалнама жүргізу бойынша деректер базасы негізінде қызметкерлердің денсаулық жағдайын жедел қадағалауға арналған құрал әзірленді.
Flash Report және MMR басқару дэшбордтары
КО және ЕТҰ басшылығы үшін, негізгі өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді қамтитын, Flash Report және MMR есептері базасында басқарушылық дэшбордтар әзірленді.
RPA роботтары
Қазынашылық Департаментімен бірлесе отырып, SAP ERP жүйесіне банктік көшірмелер мен депозиттік мәмілелерді автоматты түрде жүктеуді жүзеге асыратын RPA роботтары әзірленді. RPA роботтарының мақсаты – қызметкерлердің күнделікті алгоритмдік жұмысын автоматтандыру.
Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы
Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (АҚЖО) платформасы базасында ақпараттық қауіпсіздік процестерін автоматтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Қоғамның корпоративтік орталығы мен 18 кәсіпорнының құрылғылары АҚЖО жүйесіне қосылған.
SAP ERP жүйесі
SAP ERP жүйесі корпоративтік ресурстарды жоспарлау мен есепке алудың тиімді құралы болып табылады, деректерді талдауға және басқарудың барлық деңгейлерінде шешім қабылдауды қолдауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және көзбен шолудың бірыңғай платформасын ұсынады. SAP ERP корпоративтік орталықта және 8 еншілес кәсіпорындарда іске қосылды. Қазіргі уақытта «Үлбі Металлургия Зауыты» АҚ-да SAP ERP-ге есепті көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жүйеде кәсіпорынның негізгі және қосалқы бизнес-процестері автоматтандырылған. Енгізу ауқымы 800-ден астам пайдаланушыны құрайды.
SAP MDG жүйесі
SAP MDG мастер-деректерді басқару жүйесін түрлендіру бойынша жоба іске асырылды. Жоба аясында жүйеде ТЖҚ жіктеуішінің көмегімен Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер анықтамалығының қысқаша және толық атауларын автоматты түрде қалыптастыру, Шоттар жоспары мен Шығындардың бастапқы түрлерінің анықтамалықтарын жүргізу, Мемлекеттік деректер базаларымен біріктіру, ал компаниялардың бизнес-бөлімшелерінің қатысуымен мастер-деректер бойынша өтінімдерді келісу процестері бапталған. Сонымен қатар, жүйенің интерфейсі айтарлықтай жеңілдетілген. Осының барлығы Компанияның сатып алуына, өндірісіне, логистикасына және басқа да бизнес-процестеріне үлкен әсер ететін мастер-деректердің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
2020 жылы Цифрландыру стратегиясының бастамаларын іске асыру нәтижелері:
- Корпоративтік деректер қоймасын (КДҚ) енгізу. Жобаны іске асыру мақсаты – шешімдер қабылдау үшін негіз болатын сапалы деректердің жоғары ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық кеңістік құру. Жобаны іске асырудың негізгі міндеттері – корпоративтік деректер қоймасын жүргізу жүйесін құру, бірыңғай КДҚ деректер моделін әзірлеу және біріктіру шинасы арқылы біріктірудің өзара іс-қимылын жасау. Жоба, бірыңғай көзден «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен ЕТҰ-ның толық және ашық ақпаратына жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін, әртүрлі жүйелерден деректерді оңтайлы түрде және бөлектеп алуға ерік береді. 2020 жылы «QazCloud» ЖШС-мен 06.02.2020 жылғы №59/НАК-20 холдингішілік кооперация шеңберінде «1-кезең. Бірыңғай КДҚ мен БШ енгізу» жобасы бойынша жұмыстарды сатып алу туралы шарт жасалды, жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2022 жылғы 30 маусым. 2-кезеңді өткізу 2022-2023 жылдарға жоспарланып отыр
- Тиімді коммуникациялардың цифрлық платформасы. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарының бірі сала көшбасшысына сәйкес келетін корпоративтік мәдениетті дамыту болып табылады. Басшылық пен қызметкерлер арасындағы корпоративтік мәдениетті, коммуникацияларды дамыту құралдарының бірі, сондай-ақ корпоративтік орталық пен ЕТҰ-да Компанияның IR және HR-брендін қолдауда маңызды құрамдас бөлігін иеленген корпоративтік портал болып табылады. Бүгінгі таңда, бұл «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның ЕТҰ басшылыққа алатын басымдықтарға, қағидаттарға және нанымдарға қызметкерлердің тартылуын елеулі түрде арттыруға қабілетті, барынша өзекті пәрменді құрал. Жоғарыда көрсетілген стратегиялық мақсатты орындау шеңберінде 2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік порталының Ақпараттық жүйесін жаңғырту жөніндегі жоба басталған. Осы жоба шеңберінде жүйені технологиялық және сәулеттік іске асыруды (жаңа платформаға көшу жолымен), функционалдың (ағымдағы бөлімдер/ модульдер) және дерекқорлардың көші-қонын жетілдіру, сондай-ақ бизнестің жаңадан туындаған талаптарына сәйкес жаңа бөлімдер/модульдер әзірлеу жоспарлануда. Жаңғыртылған корпоративтік портал, бұл ішкі коммуникацияларды жақсартуға, қызметкерлердің міндеттерді орындау жеделдігін арттыруға, қызметкерлердің күнделікті міндеттерін оңайлатуға және жеңілдетуге, корпоративтік ақпаратты басқару жүйесін реттеуге және т.б. ықпал ететін болатын КО мен ЕТҰ арасындағы бір ақпараттық өрісті қамтамасыз етеді. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2021 жылдың 3 тоқсаны
- 2020 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасының тапсырмасына сәйкес «Ernst & Young» компаниясымен корпоративтік орталықта және 6 ЕТҰ-да АТ аудиті жүргізілді, шығындар мен тәуекелдерді оңтайландыру әлеуеті анықталды
2020 жылы «Цифрлық кеніш» АЖ Корпоративтік орталықта «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС және оларға қызмет көрсететін «Жоғары Технологиялар Институты» ЖШС «ЖТИ-Зерде» филиалының зертханалары өнеркәсіптік пайдалануға берілді. «Цифрлық кеніш» АЖ Wonderware MES және Labware LIMS өнеркәсіптік платформалары базасындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіру кәсіпорындарының өндірістік процестерін басқару жүйесі. «Цифрлық кеніш» АЖ нақты уақыт режиміндегі өндірістің толық аналитикалық көрінісін алуға және еңбек пен материалдық ресурстарды үнемдеу бөлігіндегі елеулі көрсеткіштерге қол жеткізуге ерік береді.
2021 жылға арналған жоспарлар:
- бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету және өнімнің құндылығын арттыру, сондай-ақ деректерді талдауды қолдану бойынша шешімдер қабылдау үшін Топ қызметінде қолданылатын озық цифрлық технологияларды іздеуді және енгізуді жалғастыру
- 2021 жылға арналған түйінді іс-шаралар:
Ключевые мероприятия на 2021 год:
Жобасы | Мақсаты | Пайдалар |
---|---|---|
«AR&VR» |
|
|
«BigData технологиясындағы және жасанды интеллект элементтеріндегі сорғы паркін басқару және пайдалану процесін автоматтандыру» |
|
|
«Десорбциялы ерітіндідегі нитраттар концентрациясын бақылауды автоматтандыру» |
|
|
Ақпараттық қауіпсіздік
Цифрлық технологиялардың серпінді дамуы және оларды кейіннен еншілес және тәуелді ұйымдардың, сондай-ақ Топ құрамына кіретін бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың бизнес-процестеріне енгізу ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде баса назар аударуды талап етеді.
Қазатомөнеркәсіп ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын тұрақты бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының және ISO/IEC 27001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес басқару жүйесі мен ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға ұмтылады.
2020 жылдың нәтижелері:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясының «Бизнес-қызметінде озық практиканы қолдану» стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін «Цифрландыру және трансформация» стратегиялық міндетін іске асыру «Ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың кешенді жүйесін құру» механизмін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары қалыптастырылды. Нәтиже «Киберқауіпсіздікті енгізу және дамыту» жобасын өзектендіру және киберқорғанысты арттыру арқылы тәуекелдерді төмендету мақсатында еншілес және тәуелді ұйымдарды Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосу болды.
Жедел есептердің деректері бойынша 2020 жылдың басынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында, сондай-ақ бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарда 297 ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғалары тіркелген, оның ішінде Компания үшін қаржылық залал келтіретін (1 000 АЕК және одан жоғары) жоғары деңгейдегісі – 10, орташа – 84, төмен – 203 және 0 іске асырылған оқыс оқиғалар, сондай-ақ 86 110 қауіп тіркелген және залалсыздандырылған, 5 622 136 интернет ресурс бұғатталған, 3 243 032 пошталық хабарлама қабылданған және жіберілген, оның ішінде 1 362 483 бұғатталған.
Ақпараттық қауіпсіздік, кибермәдениетті дамыту мәселелерінде қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарын регламенттейтін ішкі құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында 2020 жылы Директорлар кеңесінің, Қоғам Басқармасының мүшелерін, сондай-ақ ЕТҚКҰ негізгі жұмыскерлерін оқыту жүргізілді.
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы келісімдер шеңберінде кибергигиена және цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда, пандемия кезіндегідей, солай карантин кезеңінен кейінгі кезеңде де атом өнеркәсібін цифрландыру мәселелерін, АТ және АҚ жүйелерін дамыту жоспарларын талқылау үшін форумдар мен кездесулерге қатысу жүзеге асырылуда.
2021 жылға арналған жоспарлар:
Қазатомөнеркәсіп барлық қолданыстағы және дамып келе жатқан IT-жүйелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ өз қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді жалғастырады.
Сонымен қатар Компания жалғастыруға ниетті:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019-2028 жылдарға арналған Ақпараттық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың кешенді жүйесі процестерін жетілдіруге және тираждауға
- «Киберқауіпсіздікті енгізу және дамыту» жобасының іс-шараларын іске асыруға
- ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2021 жылға арналған Жұмыс жоспарын іске асыруға
- АҚБЖ процестерін автоматтандыруға
Әлеуметтік жауапкершілік
Персоналды басқару




Басқаруға деген көзқарас
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін түйінді активтердің бірі, бүгінгі өндірістік нәтижелер мен компанияның одан әрі дамуы оның жұмысының тиімділігіне байланысты болатын, білікті персонал болып табылады.
Еңбек жағдайларын үнемі жақсарту, әлеуметтік қолдау, мансаптық өсу және кәсіби даму мүмкіндігі, әрбір қызметкердің мүдделері мен қажеттіліктеріне назар аудару Компанияның басқару жүйесін, атап айтқанда кадрлық және әлеуметтік саясатты қалыптастыруда ең жоғары басымдыққа ие.
Жоғары білікті мамандар – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табысының кепілі, ал персоналды тиімді басқару – Компания басымдықтарының бірі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған кадр саясаты (бұдан әрі – Кадр саясаты) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің маңызды құралдарының бірі болып табылады және қызметкерлердің мүдделерін және мүмкіндіктерін мұқият ескере отырып, олардың уәждемесін, жоғары еңбек тиімділігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге, персоналдың Компания өміріне белсенді қатысуын ынталандыруға арналған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2028 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, 2020 жылы адами ресурстарды басқару саласындағы бірінші кезектегі міндеттер Компанияның ішкі мәдениетін дамыту және HR рөлін стратегиялық бизнес-серіктеске айналдыру болып табылды. Соңғы бастама персоналды басқарудың таза әкімшілік функциясын сараптамалық кеңес беру, прогрессивті HR тәжірибелерін әзірлеу және енгізу нысанына түрлендіруге бағытталған.
Кадрлармен тікелей жұмыс Адами ресурстарды басқару департаментімен, осы бағытқа жауапты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымдық бөлімшесімен жүзеге асырылады.
Кадрларды іріктеу, корпоративтік мәдениетті және қызметкерлермен өзара қарым-қатынасты қолдау Ұжымдық шарттың, Этика және комплаенс кодексінің ережелерімен, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының принциптерімен реттеледі, сондай-ақ халықаралық бастамаларды басшылыққа алады.
Қазатомөнеркәсіптің Кадрлық менеджмент саласындағы түйінді міндеттері:
- конкурстық негізде персоналды жалдау және кадрлардың тұрақтамауын төмендету
- тең еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің кәсіби, мансаптық және жеке өсуіне жәрдемдесу
- оқыту және біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін ұсыну
- Компания ішінде білімді жинақтау және сақтау
- еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру және жұмыскерлерді ынталандыру
- жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, оның ішінде олардың дене және психикалық денсаулығын сақтау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру
- корпоративтік мәдениетті дамыту және қызметкерлердің жұмысқа тартылу деңгейін арттыру
- қызметкерлермен тиімді диалогты қолдау
Компания барынша қауіпсіз және жайлы жұмыс кеңістігін қолдауға тырысады, жұмысқа орналасу кезінде барлығына бірдей кепілдік береді, персоналды лайықты және бәсекеге қабілетті жалақымен қамтамасыз етеді. Мұның бәрі барынша талантты мамандарды тартуға және оларды кәсіби және жеке деңгейде өсуге ынталандыруға көмектеседі.
Адам құқықтары
Қазатомөнеркәсіптің өз қызметкерлерімен өзара қарым-қатынасындағы басты принциптер – адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік серіктестік, өзара құрмет, бір-біріне деген сенім, кез келген кемсітушіліктің алдын алу. Компанияда қызметкерлердің еңбек құқықтары мен бостандықтарын шектеуге немесе жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, сондай-ақ мүліктік, отбасылық, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, жасына, тұрғылықты жеріне, дінге деген көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге немесе қандай да бір әлеуметтік топтарға жататындығына немесе жатпайтындығына, сондай-ақ қызметкердің кәсіби қасиеттерімен байланыспайтын басқа да мән-жайларға байланысты қандай да бір артықшылықтар алуға жол берілмейді.
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің өз мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдарды құру немесе оларға қосылу құқықтарын шектемейді. Топ персоналы, егер ол лауазымдық міндеттерін орындауға әсер етпесе, сондай-ақ қоғамға зиян келтірмесе, кез келген саяси, білім беру, қайырымдылық немесе қоғамдық қызметпен айналыса алады.
Компанияда еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін, жұмыс күнінің ұзақтығын және үстеме жұмысқа ақы төлеуді айқындайтын ұлттық заңнамаға сәйкес еңбекке ақы төлеу жүйесі жұмыс істейді.
Компаниядағы адам құқықтарының ахуалына мониторингті, еңбек ұжымдарымен Этика және комплаенс кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша жұмысты, сондай-ақ жеке мәселелер бойынша кәсіпорын қызметкерлерімен жеке кездесулерді Омбудсмен қызметі жүзеге асырады. Сонымен қатар, қызметкерлердің құқықтары мен осы саладағы халықаралық нормалардың сақталуын бақылауды Компанияның комплаенсі, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады. Өз құқықтары бұзылған жағдайда қызметкерлер Компанияның барлық кері байланыс арналары арқылы хабарласа алады.
Есептік кезеңде адам құқықтары саласындағы кемсітушілік немесе басқа да бұзушылықтар тіркелген жоқ. Компанияда мәжбүрлі немесе міндетті еңбек жағдайлары, сондай-ақ байырғы және аз халықтардың құқықтарын бұзу жағдайлары жоқ. Қазатомөнеркәсіп балалар еңбегін пайдаланбайды.
2020 жылы Компанияның тұрақты даму департаментімен адам құқықтары бөлінісінде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылды: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атына өтініштер білдіре отырып, егжей-тегжейлі жұмыс – осы саланы реттейтін ішкі нормативтік корпоративтік құжаттарға талдау жасау, халықаралық стандарттар мен құжаттарға, өндіруші компаниялардағы адам құқықтарын қорғау мәселелеріне деген озық көзқарастарға мониторинг жүргізу өткізілді.
Компанияның адам құқықтарын құрметтеу принципіне деген жауапты қатынасы заңнаманы және Топта қабылданған корпоративтік және іскерлік этика нормаларын сақтайтын серіктестер мен контрагенттерді ынтымақтастыққа тартуға деген ұмтылыспен расталады. Қазатомөнеркәсіп Топтың этикалық принциптерін бөлісетін және ұстанатын, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын, адам құқықтарын құрметтейтін, еңбекті қорғау мен персоналдың денсаулығына қамқорлық жасайтын жеткізушілермен ғана ұзақ мерзімді серіктестікті қолдайды.
Топ объектілерінде қызметін жүзеге асыратын жеткізушілер мен мердігерлерден Компания, заңнама нормаларының сақталуынан бөлек, өндірістік қауіпсіздік саласында да өздерінің корпоративтік стандарттарының орындалуын талап етеді.
Топ кәсіпорындарын, сондай-ақ жеткізушілер мен мердігерлерді адам құқықтарының сақталуы тұрғысынан арнайы бағалау жүргізілмейді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ келісімдері мен келісім-шарттары адам құқықтары туралы ережелерді қамтымайды және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету тұрғысынан бағалаудан өтпейді.

Персонал құрылымы
2020 жылы топ қызметкерлерінің тізімдік саны 2019 жылмен салыстырғанда 1,94% ға төмендеді. Есепті жылдың соңында бұл көрсеткіш, бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, 21 019 адамды құрады.
Жұмыстардың көп бөлігі Топ қызметкерлерімен жүзеге асырылады, ал тұрақты сипаты жоқ жұмыстарды орындау үшін компания штаттан тыс қызметкерлерді тартады (өтеулі қызмет көрсету шарттары негізінде).
2020 жылдың соңында өтеулі қызмет көрсету шартымен қамтылған қызметкерлердің үлесі персоналдың жалпы санының 3,5% ын құрады, ал Топ персоналы санының 91% ы еңбек шарты бойынша белгіленбеген мерзімге тартылды.
2020 жылдың соңында ішінара жұмыспен қамту Топ персоналының тек 0,04% ын құрады.
Жергілікті қоғамдастық54 өкілдері қатарынан жалданған жоғары дәрежелі басшылардың үлесі 2020 жылы 85,7% ды құрады.
Топтың негізгі уран өндіруші кен орындары мен өндірістік объектілерінің орналасуы салдарынан жұмыскерлердің едәуір бөлігі – шамамен 66,8% – Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағында (Шымкент қаласын қоса алғанда – 2,6) жұмысқа орналастырылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кемсітпеу принципін ұстанады және гендерлік пен жас ерекшелігі бойынша персоналдың құрылымына тұрақты түрде қадағалау жүргізеді.
Өндіру саласындағы өндірістік қызметтің спецификасы салдарынан есепті кезеңде Топта жұмыс істейтіндердің жалпы санынан әйелдердің үлесі 1% ға төмендеген және 2020 жылдың соңында 18% ды құраған, сонда қалай ерлердің үлесі 82% ды құраған.
54 Жоғары басшылар деп басқарма мүшелерін түсінеміз. Жергілікті қоғамдастықтар – Қазақстан Республикасының азаматтығы бар халық өкілдері
Топ қызметкерлерінің орташа жасы 2020 жылдың аяғында – 41 жас, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4% – ға жоғары – 39,4 жас.
Кадрлық құрамның тұрақтылығына қатысты қарқынды үрдіс байқалды. 2020 жылы Топтан шыққан қызметкерлер саны алдыңғы есепті жылмен салыстырғанда 17,2% ға төмендеген және 2 857 адамды құраған.
Топтан шыққан жұмысшылардың 51%-ы 30-50 жас аралығындағы ер адамдарды құрайды. Олардың ең көп үлесі Оңтүстік аймаққа (Шымкент қаласын қоса алғанда) тиесілі және 66%-ды құрайды. Бұл жағдай Компанияның уран өндіруші кәсіпорындарының орналасу орнымен байланысты.
2020 жылы Топқа 2 467 адам жалданған болатын. Жаңа қызметкерлердің 69%-ы Оңтүстік аймақта (Шымкент қаласын қоса алғанда) жұмыс істейді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының саны мен құрамы»*, адам
Аймақ | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
Есепті кезеңнің соңына арналған персоналдың тізімдік саны | 20 507 | 20 592 | 21 019 |
Персоналдың жалпы саны (тізімдік саны, АҚС келісім шарттары) | 20 956 | 21 138 | 21 788 |
eр адамдар | 16 642 | 16 753 | 17 228 |
Әйелдер | 3 865 | 3 839 | 3 791 |
Басшы қызметкерлер | 119 | 108 | 119 |
Жұмыскерлер | 20 388 | 20 484 | 20 900 |
30 жасқа дейінгі | 3 547 | 3 632 | 3 201 |
30 жастан 50 жасқа дейінгі | 11 545 | 11 707 | 12 260 |
50 жастан астам | 5 415 | 5 253 | 5 558 |
Персоналдың орташа жасы, жыл | 40 | 39,4 | 41 |
Ұзақ мерзімді келісімшарт | 19 572 | 19 794 | 19 821 |
eр адамдар | 15 974 | 16 188 | 16 227 |
Әйелдер | 3 598 | 3 606 | 3 594 |
Мерзімдік келісімшарт | 935 | 798 | 1 198 |
eр адамдар | 668 | 565 | 1 001 |
Әйелдер | 267 | 233 | 197 |
Жұмыспен толық қамтылу | 20 488 | 20 577 | 21 011 |
eр адамдар | 16 629 | 16 745 | 17 222 |
Әйелдер | 3 859 | 3 832 | 3 789 |
Жартылай жұмыспен қамту | 19 | 15 | 8 |
eр адамдар | 13 | 8 | 6 |
Әйелдер | 6 | 7 | 2 |
АҚС келісімшарттар бойынша | 449 | 546 | 769 |
eр адамдар | 339 | 372 | 518 |
Әйелдер | 110 | 174 | 251 |
* Кесте бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелерді «2018-2020 жылдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық, экологиялық көрсеткіштер» қосымшасынан қараңыз
Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының аймақ және жыныс бойынша бөліністегі тізімдік саны, адам
Аймақ | 2018 | 2019 | 2020 | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Е | Ә | Е | Ә | Е | Ә | |
Алматы қ. | 379 | 276 | 330 | 272 | 477 | 326 |
Нұр-Сұлтан қ. | 518 | 421 | 510 | 432 | 460 | 389 |
Шымкент қ. | 306 | 220 | 270 | 232 | 323 | 216 |
Солтүстік аймақ | 940 | 258 | 866 | 245 | 811 | 240 |
Оңтүстік аймақ | 11 709 | 1 358 | 11 876 | 1 334 | 12 185 | 1 280 |
Шығыс аймақ | 2 781 | 1 326 | 2 892 | 1 317 | 2 963 | 1 333 |
ҚХР | 5 | 5 | 5 | 6 | 5 | 6 |
АҚШ | 2 | 0 | 2 | 0 | 2 | 0 |
Швейцария | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 |
Барлығы | 16 642 | 3 865 | 16 753 | 3 839 | 17 228 | 3 791 |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарушы органдары мен персоналының құрамы», %
Көрсеткіш | 2018 | 2019 | 2020 | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Басқарушы органдар | Қызметкерлер | Басқарушы органдар | Қызметкерлер | Басқарушы органдар | Қызметкерлер | |
Ер адамдар | 92% | 81% | 93% | 81% | 92% | 82% |
Әйелдер | 8% | 19% | 7% | 19% | 8% | 18% |
Қазақтар | 77% | 67% | 80% | 69% | 74% | 70% |
Орыстар | 14% | 26% | 11% | 25% | 13% | 25% |
Басқалар | 8% | 7% | 9% | 6% | 13% | 6% |
30 жасқа дейін | 3% | 17% | 0% | 18% | 1% | 15% |
30 жастан 50 жасқа дейін | 63% | 56% | 71% | 57% | 64% | 58% |
50 жастан асатын | 34% | 26% | 29% | 25% | 35% | 26% |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ топ бойынша ағымдылық динамикасы, %
Еңбекке ақы төлеу жүйесі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз қызметкерлерінің еңбегіне лайықты және уақтылы ақы төлеуге мүдделі, материалдық сыйақы мәселелерінде ашық тәсілдерді қолданады және еңбек нарығында және салада жалақының жоғары бәсекелестік деңгейін ұстап тұруға ұмтылады.
2020 жылы өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы 279 202 теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 6%-ға жоғары. Жалақының артуы, жұмыс орындарына кіруді шектеуге, сондай-ақ пандемия/карантиндік жағдайлар кезеңінде демалыс күндері тартылған жұмыскерлерге ақы төлеуге байланысты жұмыскерлер мен жұмыс берушілерден тәуелсіз себептер бойынша бос тұрып қалу төлемімен байланысты.
Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру және персоналды ынталандыру үшін 2019 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіптің үш «пилоттық» кәсіпорындарында «Өндіруші кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді жүйелеу» жобасы іске асырылуда, оның мақсаты – жылдық жиынтық сыйақы деңгейін сақтау шартымен қызметкерлердің жеке/ұжымдық нәтижесіне және мінез – құлқына байланыстыра отырып, жиынтық көтермелеу жүйесін біріздендіру болып табылады. (Толығырақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы біріктірілген жылдық есебінде).
Персоналды ұзақ мерзімді ынталандыруды қалыптастыратын материалдық сыйақы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі Компаниялар тобының жоспарлы көрсеткіштерін, стратегиялық және операциялық мақсаттарын орындағаны үшін, сондай-ақ инновациялық идеяларды ұсынғаны, жоғары кәсібилігі және жұмысқа жауапты көзқарасы үшін жұмыскерлерге сыйлықақы беру практикасы болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалақы қоры*, теңге
Көрсеткіш | 2018 | 2019 | 2020 | Өзгертулер 2020-2019 |
---|---|---|---|---|
Өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы | 244 543 | 263 997 | 279 202 | 106% |
Жалақы қоры, млн | 63 413 | 64 884 | 65 707 | 101% |
* Кесте бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелерді «2018-2020 жылдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық, экологиялық көрсеткіштер» қосымшасынан қараңыз.
Қосымша ынталандыру мыналарды қамтиды:
- қызметкерлердің денсаулығын қолдау үшін еңбек демалысына материалдық көмекті
- Топ басшылығымен белгіленетін лауазымдарды қоса атқару кезіндегі қосымша ақыларды және тәлімгерлік үшін үстемеақыларды
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұратын аймағына қарай, экологиялық апат аймағында тұратын қызметкерлерге қосымша ақыларды
- өндірістік персоналдың қызметкерлеріне, егер олардың жұмысы зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы төленеді
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалақы қоры*, теңге
Көрсеткіш | 2018 | 2019 | 2020 | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Е | Ә | Е | Ә | Е | Ә | |
Қазақстан Республикасындағы ең төмеңгі жалақысы | 28 284 | 28 284 | 42 500 | 42 500 | 42 500 | 42 500 |
Бастауыш деңгейдегі қызметкердің топ бойынша жалақысы | 29 360 | 29 360 | 42 500 | 42 500 | 42 500 | 42 500 |
Қатынас | 1,03 | 1,03 | 1 | 1 | 1 | 1 |
* Кесте бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелерді «2018-2020 жылдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық, экологиялық көрсеткіштер» қосымшасынан қараңыз.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ерлері мен әйелдерінің негізгі жалақысының арақатынасы, мың теңге
Қызметкерлер санаты | 2018 | 2019 | 2020 | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Е | Ә | Е | Ә | Е | Ә | |
Жоғары басшылық (Директорлар кеңесі, басқарушы комитет немесе ұқсас орган | 809 | 809 | 837 | 837 | 848 | 848 |
Орта басшылық | 358 | 358 | 362 | 362 | 377 | 377 |
Әкімшілік персонал | 153 | 153 | 180 | 178 | 180 | 180 |
Өндірістік персонал | 72 | 72 | 81 | 82 | 84 | 84 |
Пандемияға байланысты 2020 жылдың басынан бастап Компанияның корпоративтік орталығы мен ЕТҰ орталық аппараттарында қашықтан жұмыс істеу форматы енгізілген. Қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру бойынша қағидалар әзірленген, ЕТҰ-ға ұсынымдар жіберілген. 2020 жыл ішінде корпоративтік орталық қызметкерлерінің көпшілігі қашықтық форматында жұмыс істеді, бұл ретте Компания басшылығының бағалауы бойынша қызметкерлердің тиімділігі төмендеген жоқ. Тартылған сауалнаманың нәтижелері бойынша қызметкерлер қашықтан жұмыс істеудің ұйымдастырылуы қанағаттанушылықтың жоғары деңгейімен расталды (қызметкерлердің 97%).
Трансформациялау жобалары
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өткен кезеңдерде бизнесті трансформациялау процесінде алған тәжірибесі мен озық тәжірибелері («Персоналды басқарудың нысаналы моделін енгізу» және «Бизнес-процестерді автоматтандыру» жобалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы біріктірілген жылдық есебінде келтірілген) персоналды басқару саласындағы процестерді одан әрі жетілдіру үшін ғана емес, сонымен қатар Компанияның 2020 жылы SARS-CoV-2 коронавирустық инфекция пандемиясына айналған жаңа сын-тегеуріндер жағдайында жұмысқа тез бейімделуі үшін сенімді база болып қызмет етеді.
Корпоративтік мәдениет
Өндірістің тиімділігіне және дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін жеке бағыт ретінде Қазатомөнеркәсіп мықты корпоративтік мәдениетті құруды айқындайды. Ол үшін ұжым ішінде қауіпсіздік, жауапкершілік, кәсіпқойлық, даму және командалық жұмыс сияқты базалық құндылықтар белсенді түрде дәріптеледі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2018-2022 жылдарға арналған Корпоративтік мәдениет жобасының Жол картасы жасалды (Толығырақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы біріктірілген жылдық есебінде).
Өзінің жоғары даму деңгейінің арқасында Қоғамның корпоративтік мәдениеті COVID-19 пандемиясының жағдайларына тез бейімделе алды. Дағдарыс кезеңінде Компания қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ете алды, қолдау мен қамқорлық көрсетті
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның COVID-19 пандемиясы жағдайларындағы жұмысы
Компанияның тиімді коммуникация жүйесінің арқасында, қашықтықты сақтау қажеттілігінен туындаған, қашықтан жұмыс істеуге көшу маңызды проблемаларсыз және қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Әрбір қызметкер, өзекті мәселелерді шешуге, пайдалы ақпарат алуға және өзін маңызды міндеттерді шешуге тартылғандай сезінуге көмегі болған, әріптестерімен және жоғары басшылықпен өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігін сақтап қалды.
Дағдарыс кезеңінде қызметкерлер мінез-құлық нұсқаулығын қажет етеді. Осыған байланысты, сондай-ақ қызметкерлерді қолдау, корпоративтік құндылықтарды тарату мақсатында Қоғам және ЕТҰ бірінші басшыларының қызметкерлермен 50-ден астам онлайн кездесулері өткізілді.
Қызметкерлерді қолдау шеңберінде, қызметкерлерді психологиялық және физикалық қолдау шараларын қамтитын, Qasyndamyz 2020 бағдарламасы іске асырылды:
- қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған онлайн түрде тыныс алу және физикалық гимнастика
- Қоғам қызметкерлерінің еріктілер тобының жұмысын ұйымдастыру: дәрі-дәрмек іздеуге көмектесу, моральдық қолдау көрсету
- жақындарыңызға қолдау көрсету, өзіңізді ресурстық жағдайда ұстау, энергияны толықтыру тәсілдері, күйзеліспен күрес және т. б. туралы вебинарлар өткізу
- медассистанспен кездесулер өткізу
- қызметкерлердің өздерін қалай сезінетіндігіне күнделікті сауалнама жүргізу, эмоционалды жағдайды бақылау, психологпен жеке кеңесу
Корпоративтік мәдениеттің негізгі элементі, қызметкерлерді біріктіретін және әлеуметтік-жауапты Компания ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның оң ішкі ахуалы мен имиджін қалыптастыруда персоналдың тартылуын арттыруға ықпал ететін әлеуметтік еріктілер болып табылады.
Жыл бойы Қоғам және ЕТҰ қызметкерлері ауқымды еріктілер жобаларын іске асыруға қатысты. «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығы» ЖМ ұйымдастырылған «Үздік волонтер» 2020 байқауы шеңберінде белсенді еріктілер қызметі үшін «РУ-6» ЖШС, «Оңтүстік тау-кен химиялық компаниясы» БК» ЖШС және «Үлбі Металлургия Зауыты» АҚ марапатталды.
Компанияда СЕО, СЕО-1,2 деңгейіндегі басшыларды дамытуға бағытталған Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы жұмыс істейді. Іс жүзінде ол бірқатар жобалар арқылы жүзеге асырылады, мысалы, проблемалық мәселелерді шешуді командалық іздеуге, көшбасшылық жүйесін жетілдіруге және қызметкерлерді тартуды арттыруға бағытталған бизнес-ойындар форматындағы жұмыс сессиялары.
Көшбасшылықты дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасы СЕО, СЕО-1, СЕО-2 деңгейлерінің басшыларын үш бағыт бойынша оқытуды көздейді: өзінөзі басқару, адамдарды басқару және тапсырмаларды басқару. Бағдарламаның мақсаты – басшылардың алған білімдерін келесі деңгейлерге, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес тәуелді ұйымдарына тарату.
2020 жылға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері үшін мынадай тақырыпта оқыту өткізілді: London Stock Exchange Group-тың «Халықаралық листингтегі практика». Сондай-ақ, осы жоспарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелері мен Басқарма мүшелері үшін 2020 жылы мынадай тақырыпта оқыту өткізілді: KAP.06.01.P жобасы аясында «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару». «Киберқауіпсіздікті енгізу және дамыту», сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға арналған Жұмыс жоспарын іске асыру.
Компания Топты басқару жүйесіне озық заманауи практиканы енгізіп қана қоймай, жетекші өндіруші кәсіпорын персоналын дамытудағы өзінің көпжылдық тәжірибесіне сүйенеді.

Мақсаты: компанияның басқару жүйесіндегі сабақтастықты, сондай-ақ үздіксіздікті ұйымдастыру үшін әлеуеті жоғары және кәсіби қасиеттерді арттыруға және мансаптық өсуге ұмтылатын Топ қызметкерлері қатарынан кандидаттарды анықтау.
Жобаның басталуы: 2012 жыл.
Іске асыру процесі: әрбір мұрагер үшін қызметкердің дамуына жауап беретін, оның алға жылжуын бақылайтын және идеяларының іске асырылуын қолдайтын тәлімгерді тағайындайды. Мұрагерлер пулы қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері негізінде анықталады. Пулдардың меншік иелері – Басқарма Төрағасы және функционалдық бағыттардың басшылары – сабақтастық бағдарламасының дамуына негізгі үлес қосады.
Бағдарлама шеңберінде 2020 жылы жүзеге асырылған іс-шаралар:
- менеджмент пулы және функционалдық пул қатысушыларының құрамы жаңартылды
- оларды дамыту жоспарлары әзірленді
- тәлімгерлік бағдарламалары енгізілді: мұрагерлерді дамыту аясында пулдар иелері тәлімгерлер ретінде өздерінің функционалды блоктарының мұрагерлерімен өзара әрекеттеседі, оларға өз тәжірибелерін, сараптамаларын береді, олардың бастамаларын талқылайды және іске асыруға көмектеседі
Корпоративтік орталықта жыл сайынғы негізде мұрагерлер пулынан тағайындаулар саны тексеріледі: 2020 жылы мұрагерлерді тағайындау пайызы 86% құрады (2019 жылмен салыстырғанда – 60%).
Персоналды дамыту мен оқыту және мамандар даярлау
Әрбір қызметкердің кәсіби әлеуетін барынша іске асыру үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның кадр саясаты персоналдың үздіксіз оқуы және құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауды көздейді. Компанияда әр қызметкердің оқуға деген қажеттілігін және одан әрі мансаптық мүмкіндіктерін анықтайды ұжымдық және жеке іс-әрекетін талдау негізінде кәсіби, жеке-іскерлік және басқарушылық қасиеттерін бағалау рәсімдері бар. Нәтижесінде қызметкер үшін даму жоспары немесе түзету жоспары жасалады, сыйақы мөлшерін өзгерту немесе лауазымын жоғарылату/төмендету жүргізіледі.
Қызметкерді оқыту мен дамытуға жауапкершілік және оның дағдыларының атқаратын лауазымына сәйкестігі қызметкердің өзіне және оның басшысына жүктеледі.
Қызметкерлерді оқытуда басшылардың қолдауы, оқу процесін ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ білім беру қызметтерін жеткізушілерді таңдау HR функциясына жүктелген. Оқыту, оқытудың 70%-ы жұмыс процесінде өтетініне, дағдылардың 20%-ын қызметкерлер тәлімгерлік және коучинг бағдарламасы арқылы, 10%-ын тренингтер және басқа да оқыту бағдарламалары есебінен алатынына сәйкес өзін-өзі оқытатын ұйым принципі бойынша құрылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бір қызметкерді оқытуға жұмсалған сағаттардың орташа саны» *
Қызметкерлер санаты | 2018 | 2019 | 2020 | |
---|---|---|---|---|
Е | Ә | |||
Жоғары басшылық | 59,6 | 51,3 | 21 | 22 |
Орта басшылық | 45,2 | 35,1 | 101 | 22 |
Әкімшілік персонал | 31,2 | 30,8 | 43 | 30 |
Өндірістік персонал | 31,1 | 35,7 | 37 | 20 |
Барлық санаттар бойынша орта есеппен | 32,5 | 35,4 | 40,4 |
* Кесте бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелерді «2018-2020 жылдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық, экологиялық көрсеткіштер» қосымшасынан қараңыз
Компанияда 2019-2023 жылдарға арналған қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процестерін жүйелендіруге бағытталған және жоғары оқу орындары мен колледждердегі оқыту, біліктілікті арттыру, сондай-ақ білімді сақтау және беру сияқты элементтерді қамтитын Кешенді білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.
Оқу орындарымен ынтымақтастық
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және колледждерімен, сондай-ақ Топ кәсіпорындарының қызметкерлері Компания қаражаты есебінен оқуға жіберілетін шетелдік білім беру мекемелерімен дәстүрлі түрде ынтымақтасады.
Бүгінгі күні сала үшін бейінді мамандықтар бойынша 310 адам оқиды, оның ішінде 168-і «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері және 142-сі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарымен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғалар.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, шеңберінде Қоғам мен ЕТҰ қызметкерлері, сондай-ақ атом саласы үшін басым мамандықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен жеке тұлғалар білім алатын, базасында еліміздегі алғашқы және жалғыз Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы (АӨХҒББО) құрылған Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастықты жалғастыруда. 2020 жылы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына ЕТҰ-ның 15 қызметкері оқуға түсті.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бастамашылық еткен «Жас Өркен» бағдарламасын тираждау аясында 2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Ізбасар» жас мамандарды дамытудың жергілікті бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның мақсаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында кезең-кезеңмен мансаптық өсу перспективасымен дарынды көшбасшыларды тәрбиелеу болып табылады. Бағдарлама Қоғамның бірнеше кәсіпорындарында тағылымдамадан өтудің және арнайы оқытудан өтудің бірегей тәжірибесін ұсынады. Бүгінгі таңда бағдарламаның алғашқы 5 қатысушысы қоғамда және оның кәсіпорындарында 15 айлық ақылы тағылымдамадан өтуде.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Жас Өркен» жас мамандардың тағылымдама бағдарламасына белсенді қатысуды жалғастыруда. Сонымен, 2020 жылы Қоғамда және оның ЕТҰ-да 27 жас маман өз ротацияларына кірісті. Сондай-ақ, 2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның кәсіпорындарында «Жас Өркен» бағдарламасының 5 жас маман-түлектері жұмысқа орналасқанын атап өткен жөн. «Жас Өркен» бағдарламасы жұмысының 2020 жылғы қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Алғыс хаттарымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 3 қызметкері марапатталды.
Кәсіптік оқыту
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын үнемі өсіп отыратын талаптарға байланысты олардың практикалық дағдылары мен іскерліктерін жетілдіруге көп көңіл бөледі. Компанияда кәсіптік бағыттар бойынша біліктілікті арттыру бағдарламалары, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті оқыту іске асырылады. Баламалы білім беру бағдарламалары да өзекті: көшбасшылықты дамыту, ұқыпты өндіріс, корпоративтік мәдениет, қауіпсіздік мәдениеті және басқалар..
Білімді сақтау және беру аясында 2020 жылы «Ішкі жаттықтырушылар мектебіне» Холдингтің ішкі жаттықтырушылары ретінде сертификаттауды Қоғам мен ЕТҰ-ның 24 қызметкері алды.
Сондай-ақ 2020 жылы, бірінші ағымда 15 қызметкер оқытылған «Кеніш директорларының мектебі» бағдарламасы басталды, қазіргі уақытта өндірістік объектілердің басқарушы қызметкерлері және инженерлік-техникалық персонал қатарынан 19 қызметкер оқиды.
Сонымен қатар 2020 жылы Қоғам қызметкерлерімен дәстүрлі түрде 30 мастер-кластар өткізілді. Барлық мастер-кластар бейнеге жазылған және корпоративтік порталда бірегей білім мен үздік тәжірибені көрсететін қосымша оқыту материалдары ретінде орналастырылған.

Әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты жұмысы мен тұрақты дамуының түйінді факторларының бірі болып табылады.
Еліміздің жетекші өнеркәсіптік компаниясы әлеуметтік қамсыздандыру және персоналды басқару саласындағы саясатты іске асыруға деген көзқарастарды үнемі жетілдіріп отырады.
Әлеуметтік саясатты қалыптастыру кезінде Топ кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, персоналды ынталандыруды арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше рөл бөлінеді.
Компания мен персонал арасындағы тиімді және өзара тиімді қатынастар кадр тұрақтылығына, жоғары білікті мамандарды тартуға және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға жұмысқа орналасудағы жалпы мүдделілікке ықпал етеді.
Ұжымдық шарт және кәсіподақтар
Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын, экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерін қорғау, сондай-ақ Компания мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастары мен тиімді диалогты реттеу кепілі, үш жыл мерзімге әзірленетін және тұрақты түрде жаңартылуға жататын Ұжымдық шарт болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымдық шартының ажырамас шарты жорамалданған өзгерістерге дейін кемінде бір ай бұрын, ал кей жағдайларда – күнтізбелік он бес күн бұрын еңбек жағдайларындағы елеулі өзгерістер туралы жұмыскерлерді алдын ала хабардар ету міндеттемесі болып табылады.
Жұмыскерлердің мүдделерін қорғауға белсенді қатысуда және Қазатомөнеркәсіптің еңбек заңнамасын сақтауда сенімді әріптестікті «Атом өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қамтамасыз етеді, оның қатарында бүгінгі таңда Топ кәсіпорындарының 12 000 қызметкері бар.
Әлеуметтік қолдау және әлеуметтік тұрақтылық
Ұжымдық шартқа сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған персоналды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады. Сондай – ақ Компания кәсіподақтың қызметін қолдау және жұмыскерлерге – кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында жыл сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға міндеттенеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік саясатының ерекше бағыты қызметкерлердің белгілі бір санаттарын қолдау болып табылады: еңбек шарты бұзылған кезде жалғыз басты ата-аналарды, көп балалы отбасылар өкілдерін, мүгедек балалардың ата-аналарын, сондай-ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлерді. Осы ретте Топ кәсіпорындарында толық және ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлерге бірыңғай көзқарас қалыптасқан.
Жалғыз басты ата-аналар мен 12 жасқа дейінгі үш немесе одан да көп баланың аналары үшін Компания қосымша әлеуметтік қамсыздандыру демалыстарын ұсынады. Көп балалы отбасыларға және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға материалдық көмек көрсетіледі.
Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге жасына немесе мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шығу себебі бойынша еңбек шарты бұзылған кезде компания медициналық қызмет көрсетеді және маңызды күндер мен мерекелерге қосымша материалдық көмек көрсетеді.
Компания ЕТҰ-ны тарату / қайта құрылымдау кезінде персоналдың жұмыстан кетуін болдырмау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұндай жағдайларда қызметкерлерге Топтың басқа кәсіпорындарына немесе Компанияға қызмет көрсететін ұйымдарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі, кәсіптік қайта даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларынан өту ұсынылады немесе өтемақы төленеді.
Спорттық және мәдени іс-шаралар
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің кәсіби дамуын ғана емес, сондай-ақ олардың жеке әлеуетін іске асыруды да көтермелейді. Корпоративтік спорттық және мәдени іс-шаралар да қызметкерлердің белсенділігін, ынтасын және Компания өміріне араласуын арттыруға ықпал етеді.
2020 жылы пандемияны ескере отырып, барлық іс-шаралар онлайн-форматқа ауыстырылды, осы ретте коммуникацияның қажетті деңгейін қолдаудың маңыздылығын түсіне отырып, өзара іс-қимыл арналары мен форматтары айтарлықтай кеңейтілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішінде дәстүрлерді және корпоративтік рухты қолдауға бағытталған іс-шаралар:
- Жаңа болмыс жаңа сын-тегеуріндер» және «Цифрландыру және адамдар» цифрлық трансформация бағдарламасы бойынша ашық онлайн-кездесулер, Қоғам кәсіпорындары қызметкерлері үшін жалпы корпоративтік конкурстар
- 20-дан астам жалпы корпоративтік челлендждер өткізу: Абайдың 175 жылдығына арналған салауатты өмір салтын жеке даму құралдары және басқалары бойынша қолдау
Салауатты өмір салтын қолдау:
- Қоғам және ЕТҰ қызметкерлерінің алғашқы онлайн Спартакиадасын өткізу. Іс-шараға 600-ден астам қызметкер қатысты. Спартакиада жарыстарына киберспорт (PUBG Mobile и Clash Royale), онлайн шахмат және жеке жаттығулар сияқты жарыстар кірді. Бұл жоба HR for leadership Халықаралық бизнес-конференциясы шеңберінде «Персоналды қашықтан тартуды басқару бойынша үздік кейстер» үштігіне енді
Кері байланыс мәдениетін дамыту:
- Қызметкерлер үшін кері байланыс процесін геймификациялаудың онлайн жобаларын іске асыру
- Атом саласы Қызметкерлері күнінің кәсіби мерекесіне орай жыл сайынғы «Жыл қызметкері-2020» корпоративтік іс-шарасы шеңберінде «Кәсіпқой», «Тәлімгер» және «Перспектива» номинацияларында Топ кәсіпорындарының үздік қызметкерлерін онлайн марапаттауды өткізу
Қызметкерлердің тартылу деңгейін арттыру және еңбек нарығында үздік кандидаттарды тарту мақсатында Компания жұмыс берушінің брендін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2021 жылға оны дамыту бойынша, оның ішінде EVP және оны ілгерілету жөнінде коммуникациялық стратегияны қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Randstad Employer Brand Research 2020 тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі мен металлургиясындағы ең тартымды жұмыс беруші ретінде танылуы атқарылған жұмыстың нәтижесі болды.
Ішкі коммуникациялар
Пандемия жағдайында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚның ішкі коммуникациялар жүйесі қызметкерлерді Топтағы өзекті оқиғалар туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге және ұжымда қолайлы атмосфераны сақтауға жәрдемдесуге арналған басты құрал болып қала берді.
2020 жылы қызметкерлер үшін ірі ұйымдастыру іс-шараларын (жиналыстар, басшылықтың ұжыммен кездесулері, корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар) өткізудің онлайн-форматы қолданылды. ЕТҰ-ның бірінші басшыларымен сұхбаттасу сериясы ұйымдастырылды, оның барысында олар кәсіпорындарда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Қызметкерлердің топ-менеджментпен онлайн-кездесулері өткізілді, қызметкерлерді Компанияның жобалары туралы хабардар етуге бағытталған «Қазатомөнеркәсіп РИТМІ» бағдарламасы іске қосылды. Пандемия кезеңінде жұмыскерлерді қолдау үшін еріктілер және қайырымдылық бастамаларын қамтитын Qasyndamyz-2020 жұмыскерлерді қолдаудың корпоративтік бағдарламасы іске асырылды.
Ағымдағы жағдай мен сала үшін маңызды оқиғалар туралы хабардар болуды қолдау үшін қызметкерлер арасында электрондық пошта арқылы QazAtomNews электрондық корпоративтік журналы, сондай-ақ басшылық атынан тұрақты ақпараттық жіберілімдер мен өтініштер таратылды.
Кері байланыс
Компанияда кері байланыс үшін бірден бірнеше арнаны қамтамасыз ететін тиімді ішкі коммуникация жүйесі қалыптасқан. Коммуникацияның басты арнасы, сыртқы мүдделі тараптарға жазбаша өтініш немесе шағым қалдыруға, сондай-ақ қажет болған жағдайда «жедел желіге» қоңырау шалуға мүмкіндік беретін компанияның Интернет-ресурсы – kazatomprom.kz.
Өтініштерді мониторингтеу мен талдауды, кейіннен Қазатомөнеркәсіптің орталық аппаратына тоқсан сайынғы есептерді ұсынатын Топтың кәсіпорындары жүзеге асырады. Әрбір өтініш жөнінде талдау қорытындысы бойынша бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізіледі және тиісті ұсынымдар беріледі.
Әлеуметтік тұрақтылық

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік мәдениетті дамыту, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, материалдық сыйақы, персоналды ынталандыру және тарту саласындағы ісәрекеттері әзірленген жоспарларға сәйкес іске асырылады және қызметкерлер тарапынан құпталады. Жыл сайынғы оң нәтижелер әлеуметтік тұрақтылық индексін анықтау бойынша тұрақты зерттеулермен расталады. 2020 жылы индексті өзектендіру қажеттілігіне байланысты «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ әлеуметтік тұрақтылық бойынша зерттеудің негізгі параметрлерін сақтай отырып, SRS (Samruk Research Service) индексіне трансформацияланды: тартылу индексі, әлеуметтік әл-ауқат индексі, әлеуметтік тыныштық индексі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының 16 кәсіпорнын зерттеу қорытындысы бойынша 2020 жылы SRS индексі 79-ды құрады.
2021 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның негізгі міндеттерінің бірі кадр әлеуетін сақтау және дамыту, сондай-ақ жұмыскерлердің тартылу деңгейін қолдау, оның ішінде жұмыс берушінің брендін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, персоналды басқару саласындағы процестерді одан әрі автоматтандыру, басқарушы персоналдың сабақтастығы бағдарламаларын іске асыру және көшбасшылықты дамыту, еңбекке ақы төлеуді жүйелеу, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар есебінен болады.
Компанияның басымдықтарына сәйкес тиімді коммуникацияларды дамыту жөніндегі, оның ішінде корпоративтік орталық пен еншілес тәуелді ұйымдардың басшыларын оқытуға бағытталатын болатын ісшараларды ауқымды іске асыру жоспарланған.
Бұдан басқа, жұмыстың неғұрлым маңызды бағыттары, сондай-ақ тұрақты бақылау мен талдау объектілері болып персоналды, тәлімгерлікті қолдау, қолданыстағы өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру, тәуекел-менеджментті күшейту және жалпы корпоративтік мәдениетті дамыту жобалары қалады.
Жоғары өндірістік жетістіктер және компанияның одан әрі дамуы, қызметтің жаңа түрлері мен бағыттарын игеру, перспективалы жобаларды әзірлеу және іске асыру қызметкерлердің жоғары деңгейде тартылуын және олардың Компания құндылықтарын ұстануын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік инвестициялардың тиімділігіне тікелей байланысты болады.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік




Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін басқаруға деген көзқарас
Жұмыскерлердің еңбегін, қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазатомөнеркәсіп қызметінің негізгі басымдықтарының бірі өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің нормалары мен қағидаларын қатаң сақтау болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұлттық және халықаралық талаптарды мүлтіксіз сақтауға және үздік әлемдік практикалар мен стандарттарға сәйкес болу үшін компанияның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздігін басқару деңгейін тұрақты арттыруға ұмтылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты және Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы кодексі – ЕҚ және ӨҚ саласындағы принциптер мен қағидаларды регламенттейтін негізгі құжаттар. Құжаттар Топтың барлық қызметкерлері мен мердігерлері үшін орындауға міндетті болып табылады.
Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау – Қазатомөнеркәсіптің еңбекті қорғау саласындағы басты міндеті. ЕҚ және ӨҚ бойынша барлық іс-шаралар, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі нәтижелер Директорлар Кеңесі жанындағы Өндірістік қауіпсіздік комитетімен (HSE) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасы жанындағы тәуекелдерді басқару комитетімен үнемі қаралады және талданады. Өндірістік қауіпсіздікті арттыру және тәуекелдерді басқару жөнінде алынған есептер Директорлар кеңесіне қарауға және бекітуге жіберіледі.
Топтың Басқарма төрағасы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне көп көңіл бөледі. Оның басшылығымен тоқсан сайын ЕТҰ бас директорларымен және бірінші басшыларымен апаттар мен жарақаттанудың алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған кеңестер өткізіледі.
HSE басқарушы директоры Қоғам мен ЕТҰ-дағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
Компанияда Өндірістік қауіпсіздік департаментінің рөлі тікелей Басқарма Төрағасына қайта бағыну және қосымша функциялар мен өкілеттіктер беру арқылы айтарлықтай күшейтілді. Өндірістік қауіпсіздік департаментінің функцияларының ішінде – ЕҚ және ӨҚ нормалары мен қағидаларының бұзылуын болдырмау, оқиғаларға жедел ден қою, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы қатерлерді мониторингтеу, талдау және бақылау.
ЕҚ және ӨҚ мәселелерін операциялық басқаруды жүзеге асыратын ЕТҰ құрылымдық бөлімшелерінде де функциялар мен өкілеттіктерді кеңейту жүзеге асырылды.
ЕҚ және ӨҚ саласындағы жұмыстың тиімділігін тұрақты түрде арттыру үшін Компанияда тұрақты негізде ЕТҰ тобының өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің біліктілік құрамын талдау жүзеге асырылады. Талдау нәтижелері бойынша ұлттық заңнама мен үздік әлемдік тәжірибе талаптарына сәйкес келу үшін кеңес беретін өзгерістер енгізілуде.
Менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі
Өндірістегі Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері OHSAS-18001 (Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі) және ISO 45001 (Еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі менеджменті жүйесі) стандарттары бойынша сертификатталған.
2020 жылдың басында Компанияда TUV International Certification жақтаушы ұйымының ISO 45001 және ISO 14001 халықаралық стандарттарына сәйкестігіне өндірістік қауіпсіздік менеджментінің біріктірілген жүйесінің сертификациялық аудиті жүргізілді. Аудит нәтижелері қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін басқару жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растады.
ЕҚ және ӨҚ қатерлерін бағалау
Қазатомөнеркәсіп өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ өндірістік қатерлерді анықтау, бағалау және азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. ЕҚ және ӨҚ саласындағы қатерлерді басқару процесі еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесінің, сондай-ақ қатерлерді басқарудың корпоративтік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер Еңбек кодексі және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Бұдан басқа, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтау тәртібін регламенттейтін бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бар. Олардың ішінде – әртүрлі қызмет түрлеріне арналған, оның ішінде уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу, жүк көтергіш механизмдерді, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бар.
Көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жазатайым оқиғалар мен аварияларға тергеу жүргізіледі. Еңбек ету қабілетінен айрылған әрбір жазатайым оқиға туралы уәкілетті мемлекеттік органға уақтылы хабарланады. Топтық жазатайым оқиғалар немесе ауыр не адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар кезінде еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен арнайы тергеп-тексеру жүргізіледі.
Бұдан басқа Компания орын алған жазатайым оқиғаларға және Near Miss-ке түрлі әдістермен, оның ішінде себептерін анықтау үшін «бес неге» (Five Whys) әдістемесін пайдалана отырып, қосымша талдау жүргізеді.
Жазатайым оқиғалардың мән-жайлары ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің бірінші басшылары мен басшыларының қатысуымен өтетін кеңестерде талқыланады. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады.
Компанияда «Өндірістік жарақаттанушылық» негізгі жарақаттардың бірі ретінде айқындалған қатерлердің тіркелімі жүргізіледі. Оны барынша азайту үшін жыл сайын белгіленген қауіпсіздік нормативтеріне қол жеткізу, еңбекті қорғаудың қолданыстағы деңгейін арттыру және өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірленуде және орындалуда, оған мыналар кіреді:
- жазатайым оқиғалардың қайталануына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу
- топ кәсіпорындарын еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан тұрақты тексерулер жүргізу
- өндірістік жарақаттануды талдау нәтижелері бойынша, олардың профилактикасы мен алдын алу жөніндегі ұсыныстармен ЕТҰ-ын тұрақты түрде хабардар ету
- ЕТҰ қызметкерлерінің еңбек жағдайлары және арнайы киіммен және ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі бойынша жұмыс орындарының уақтылы аттестатталуын бақылау
- өндіріс қауіпсіздігі мәдениетін дамытудың корпоративтік жоспарын енгізу
- Қазатомөнеркәсіптің кәсіпорындарында ықтимал қауіпті жағдайларды, қауіпті іс-қимылдар мен салдарсыз оқиғаларды есепке алу (Near Miss)
- «Қауіпсіздіктің мінез-құлық аудит» процесін енгізу
2020 жылы ЕТҰ-дағы өндірістік (кешенді) қауіпсіздікті басқарудың жаңа нысаналы бизнес-процестерін тираждау жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Мұндай жұмыс, шеңберінде жұмыс орындарындағы қатерлерді анықтау, бағалау мен басқару және өндірістік процестің қауіпсіздігін басқару (PSM) жөніндегі процесс енгізілген, Қазатомөнеркәсіпті трансформациялау бағдарламасының арқасында жүзеге асырылады.
Кез келген өндірісте қауіпсіздікті бұзудың жиі кездесетін қатерлерінің бірі адами факторға байланысты қатерлер болып табылады. Олардың алдын алу үшін Компания 2018 жылдан бастап қызметкерлердің өндірістік тапсырмаларды орындау кезіндегі мінез-құлқын талдау мақсатында қауіпсіздік бойынша мінез-құлық аудиттерін жүргізеді. Бұдан басқа, жұмыс орындарының, өндірістік учаскелердің жай-күйін, жабдықтардың техникалық жай-күйін, нұсқаулықтарды, рәсімдер мен стандарттарды қоса алғанда, барлық қажетті ішкі құжаттардың болуын қадағалау жүзеге асырылады. 2020 жылы Компания мен ЕТҰ-ның түрлі деңгейдегі басшыларының қатысуымен адам факторының қатерлерін барынша азайту үшін 12 026 мінез-құлық аудиті жүргізілді.
Қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздігі мен денсаулығының деңгейін тұрақты арттыру мақсатында Қазатомөнеркәсіп халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ISSA) бастамашылық еткен Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы болды. Компанияның бағдарламаға қатысуы аурулардың алдын алу мәдениетін арттыруға және және қызметкерлер арасындағы кәсіби аурулар мен жазатайым оқиғалардың санын азайтуға бағытталған.
Vision Zero тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі Компания Қызметкерлерінің денсаулығын сақтау мақсатында топтың барлық жұмыскерлері мен мердігер ұйымдардың қолдануы үшін міндетті болып табылатын «Қауіпсіздіктің Алтын Қағидалары» қабылданды.
Қазатомөнеркәсіптегі өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін қатерге бағдарланған амал енгізілді. Осы бастама шеңберінде Топтың өндірістік қауіпсіздік департаментімен өндірістік қауіпсіздік саласындағы негізгі қауіптер мен қатерлерді қамтитын функционалдық қатерлер тізілімі әзірленді. Қатерге бағдарланған амал кәсіпорындардың қызметін алдын ала тексеруді жүзеге асыру және барынша қауіпті өндірістік бағыттарды анықтау мақсатында тексерулерді жоспарлауға және жүргізуге енгізіледі. Мұндай тексерулердің нәтижесі негізгі қатерлерге назар аудару, сапаны арттыру, сондай-ақ уақытша ресурстарды жоғалтуды азайту болып табылады.
ЕҚ және ӨҚ жөніндегі қызметтің тиімділігі
Қазатомөнеркәсіптің басымдығы персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігі болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Компанияда апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын-алу бойынша кешенді шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Қауіпсіздік мәдениетін озық халықаралық практикалар деңгейіне дейін жетілдіру бойынша жаңа шешімдер тұрақты негізде енгізілуде. Өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтауда хабардарлықты арттыру бойынша персоналмен жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2020 жылы ЕТҰ бірінші басшыларының қатысуымен персонал арасында «Қауіпсіздіктің алтын қағидаларын» түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізілді. Топ қызметкерлеріне түсіндіру және оларды ақпараттандыру үшін ЕТҰ вахталық кенттерінде қауіпсіздік, жеке жауапкершілік және көшбасшылық мәдениеті мәселелеріне арналған ақпараттық бейнематериалдар теледидар арналары арқылы көрсетіледі.
Еңбекті қорғау деңгейін арттыру жүйелі тәсілді ғана емес, инвестицияларды да талап етеді.
- Көшбасшы болу – адалдықты көрсету
- Қауіптерді анықтау – қатерлерді бақылау
- Мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу
- Өндірістік қауіпсіздік жүйесін үнемі жетілдіру – ұйымның жоғары деңгейіне қол жеткізу
- Жабдықтарды пайдалану және қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту
- Кадрларға инвестиция жасау – қатысу арқылы ынталандыру
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына құйылатын инвестициялардың жоғары деңгейі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы мәселелерінде Компанияның жауапты ұстанымын растау болып табылады.
ЕҚ және ӨҚ мәселелері Топ қызметкерлері қызметінің нәтижелілігі бағаланатын пайдалы әрекет коэффициентінің (ПӘК) құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл ПӘК «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасынан бастап Компанияның барлық қызметкерлеріне таратылады. ЕҚ және ӨҚ саласындағы басты ПӘК – құрамдас бөліктері «Анықталған қауіпті жағдайлардың, салдарсыз қауіпті іс-қимылдардың, оқиғалардың саны – Near-Miss» және «Түзету шараларын орындау» болып табылатын «Қауіпсіздік мәдениетін арттыру» көрсеткіші. Осы жоғары деңгейдегі ПӘК одан әрі менеджмент, Компания қызметкерлері және ЕТҰ үшін тиімділік көрсеткіштеріне енеді.
2020 жылы ЕҚ және ӨҚ саласындағы іс-шараларға арналған шығындар үлесі
Компаниядағы ЕҚ және ӨҚ басқару жүйесін жақсартуға бағытталған шараларды тиімді қалыптастыру және енгізу мақсатында жыл сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің қорытындылары, өндірістік қауіпсіздік және келесі жылға арналған жоспарлар бойынша корпоративтік кеңес өткізіледі. 2020 жылғы 19 ақпанда Кеңес нәтижелері бойынша өндірістік қауіпсіздікті арттыруға бағытталған нақты тапсырмаларды қамтитын хаттама қабылданды.
Жыл бойы барлық ЕТҰ-дарда ЕҚ және ӨҚ саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан жоспарланған тексерулер жүргізілді. COVID-19 пандемиясын ескере отырып, 2020 жылы ЕТҰ-ның өндірістік қауіпсіздік нормалары мен қағидалары сақталуының тексерістері эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, камералдық түрде жүргізілді.
Тексерулердің тиімділігін арттыру және өндірістік кәсіпорындарды барынша кеңінен қамту үшін Компанияда, нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдар әзірленетін өзара тексеру рәсімі енгізілді.
Бұдан басқа, 2020 жылы қызметкерлердің қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтатуы мақсатында барлық ЕТҰ-да СТОП-карталар құралы енгізілді.
СТОП-карта – қауіпсіздік техникасы саласындағы маңызды құрал, осының арқасында сәйкессіздікті немесе денсаулыққа, мүлікке зиян келтіретін қауіпті жағдайды және/немесе басқа да оқиғаларды анықтаған кез келген қызметкер жұмысты тоқтатып, мән-жайларды сипаттап, тіркеу және әрекет ету үшін қауіпсіздік техникасы жөніндегі супервайзерге тапсыруы тиіс. Бұл ретте қауіпсіз емес жұмыс түрлерін орындаудан бас тартқаны үшін тәртіптік жауапкершілік жоқ.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу
Топта өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде енгізіледі. Мұндай іс-шараларға мыналар кіреді:
- Қауіпсіздік техникасы бойынша жоспарлы және жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізу
- Жазатайым оқиғалардың себептерін талдау және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу бойынша өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің кеңестерін ұйымдастыру
- Жазатайым оқиғалардың профилактикасы және алдын алу жөніндегі іс шаралар туралы қызметкерлерді хабардар ету
Ай сайын ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс арқылы, онда өндірістік қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелер талқыланатын, оның ішінде жазатайым оқиғалардың, сондай-ақ салдарсыз елеулі оқиғалардың мән-жайлары мен себептері қаралатын кеңестер өтеді. Бұдан басқа, олардың қайталануына жол бермеу үшін тиісті іс-шаралар әзірленеді, ал қажет болған жағдайда қатерлер тізілімі өзектендіріледі. Іс-шараларды орындау жөніндегі барлық ұсынымдар хаттамалық тапсырмалармен бекітіледі. ЕТҰ бекітілген есептілік шеңберінде КО-ға олардың орындалуы туралы ақпарат береді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Компанияда қызметкерлерінің біліміне, осы мамандық немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан, олармен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулықтар үнемі өткізіледі.
Кіріспе нұсқаулық қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметімен немесе ұйым бойынша бұйрықпен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметімен әзірленген бағдарлама бойынша осы міндеттер жүктелген адаммен жүргізіледі. Бағдарлама қауіпсіздік нормаларының, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды ескере отырып бекітілген.
Сонымен қатар Топ қызметкерлеріне нұсқаулықтары бар бейнероликтер қолжетімді.
Компанияның кәсіпорындарында өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін қабылданған шаралар өнеркәсіптік авариялардың (бақыланбайтын жарылыстардың, қауіпті заттардың лақтырындыларының немесе ғимараттардың қирауының) алдын алуға мүмкіндік берді.
Қазатомөнеркәсіп ЕТҰ жұмыскерлері мен ЕТҰ мердігерлері арасында жарақаттанудың негізгі қаупі күкірт қышқылымен жұмыс істеуге, биіктіктен құлауға және тайғақ беттерде құлауға байланысты. 2020 жылы 8 жазатайым оқиға тіркелді, нәтижесінде сегіз адам жарақат алды, олардың біреуі қызметкердің өліміне әкелді.
2020 жылғы жазатайым оқиғалар
Сипаттамасы | Жазатайым оқиғалар саны |
---|---|
Химиялық күйіктер | 3 |
Биіктіктен құлау | 2 |
Тайғақ бетте құлау | 1 |
Қозғалатын механизмдердің әсері | 1 |
Жол-көлік оқиғасы | 1 |
Барлық жазатайым оқиғалар оқыс оқиғалардың түпкі себептерін анықтау және болашақта оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында белгіленген тәртіппен тергелді.
Тергеу нәтижелері бойынша, Компанияның барлық кәсіпорындарына жеткізілген және белгіленген мерзімде іске асырылған шаралар кешені әзірленді.
Кәсіптік аурулардың алдын алу және денсаулықты қорғау
Топ персоналдың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басымдығы принципін негізге ала отырып, өз қызметін жүзеге асырады. Денсаулықты сақтау құралдарының бірі медициналық сақтандыру, сондай-ақ әлеуметтік пакетке енгізілген қызметкерлерді сауықтыру және санаторлық-курорттық емдеу бағдарламалары болып табылады. Бұдан басқа Топ пен кәсіподақ арасындағы Ұжымдық шартты орындау шеңберінде санаторлық-курорттық сауықтыру және емдеу бойынша персоналға қосымша бағдарламалар ұсынылады. Сондай-ақ ЕТҰ қызметкерлері күніне үш рет емдік және профилактикалық тамақпен қамтамасыз етіледі.
2020 жылы «Vision Zero» міндетіне сәйкес еңбекті қорғауды үздіксіз жетілдіру бойынша «Денсаулықты сақтау 180⁰ / 360⁰» бағдарламасының Тұжырымдамасы әзірленді.
Бағдарлама 5 жылға есептелген. Оны іске асыру екі кезеңде жоспарлануда:
- бірінші кезең – 2021-2023 жылдар
- екінші кезең – 2024-2025 жылдар
Тұжырымдамада бағдарламаны іске асырудың 8 тақырыптық бағыты ұсынылған:
- Жұмыс орнындағы денсаулық
- Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, санитарлық-гигиеналық мәдениетті арттыру бойынша санитарлық-ағарту жұмысы
- Медициналық қамтамасыз ету
- Тамақтану гигиенасы
- Коммуналдық гигиена
- Өнеркәсіптік гигиена
- COVID-19 пандемиясының сыртқы эпидемиологиялық қатерін басқару
- Кәсіпорынның қатынасу аймақтарындағы халық денсаулығына әсері
Бағдарламаның тақырыптық бағыттары жеке денсаулықты, одан әрі еңбек ұжымының топтық денсаулығын айқындайтын факторлардан бастап, қатынасатын аймақтарда халықтың аумақтық денсаулығын қамтитын сыртқы қатерлер мен факторларға дейін құрылған.
2020 жылы сауықтыру және санаторлық-курорттық емдеу бағдарламаларын қаржыландыру 3,12 млрд теңгені құрады. Топтың өндірістік кәсіпорындарында еңбекті қорғау мен қызметкерлердің денсаулығын сақтаудың тиімді жүйесі енгізілген. Еңбекті қорғау қызметтерінің міндеті – қауіптерді анықтау және жою, қатерлерді азайту, персоналды әлеуметтік пакет және қосымша қолдау мүмкіндіктері туралы хабардар ету. Бұдан басқа, барлық ЕТҰ-да жұмыскерлерге жедел медициналық көмек көрсететін медициналық пункттердің жұмысы ұйымдастырылған. Медициналық пункттер дефибрилляторлармен, ЭКГ, ылғалдандыру аппараты (оттегі концентраторы) бар оттегі баллондарымен, пульсоксиметрлермен және медициналық көмек көрсетуге арналған басқа да қажетті аспаптармен, жабдықтармен және материалдармен жабдықталған. Сондай-ақ, жинақталған жедел жәрдем көліктері де бар.
2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да медициналық қамтамасыз ету, мың теңге
Шығындар бабы | Сомасы |
---|---|
Дәрі-дәрмектер | 44 782 |
Медициналық қызмет көрсету | 653 669 |
Медициналық жабдықтар | 195 520 |
Барлығы | 893 971 |
ЕТҰ-да медперсоналдың жалпы саны 200 адамды құрайды, оның ішінде: дәрігерлер – 39, фельдшерлер – 133, медбикелер – 28.
Барлық ЕТҰ-ларда жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезіндегі оларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары жасалды. Бұдан басқа, ерікті медициналық сақтандыру шарттары жасалады.
Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің маңызды бағыты барлық қызметкерлердің жыл сайынғы мерзімдік медициналық тексеріліп-қаралуын тұрақты өткізу болып табылады. Медициналық қаралып-тексеру нәтижелері бойынша, қажет болған жағдайда, қызметкерлер тереңдетілген профилактикалық қаралып-тексерілуге жіберіледі.
Топтың ЕТҰ-сында жұмыс істеуге рұқсат беру үшін міндетті болып табылатын ауысым алдындағы медициналық тексерулер жүргізіледі. Жекелеген кәсіпорындарда артериялық қысымды, ағзада алкоголь немесе есірткі заттарының болуын және т.б. автоматты түрде анықтауға арналған модульдерді қамтитын электрондық медициналық тексеру жүйелері енгізілген. Топтың барлық ЕТҰ-ларында ауысым алдындағы медициналық тексерулерді жүргізу үшін ұқсас цифрлық кешендерді орнату жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қауіптілігі жоғары жұмыстарда немесе машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін топтың мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері міндетті түрде ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өтуі тиіс.
Қауіпсіздік мәдениетін дамыту
ЕҚ және ӨҚ мәселелерін басқаруға персоналды белсенді түрде тартпай, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің деңгейін жоғарылату мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес осы мақсатта жұмыс берушінің, жұмыскерлердің өкілдерін, сондай-ақ техникалық инспекторларды қамтитын қауіпсіздік жөніндегі арнайы өндірістік кеңестер құрылды. Өндірістік кеңестердің қызметі техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру жүргізуін қамтамасыз етуге арналған, ал олардың шешімдері жұмыс беруші мен жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады.
Топтың 2018-2028 жылдардағы даму стратегиясын іске асыру шеңберінде өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар кешені жүргізілді. 2020 жылы осы бағытта компания келесі іс-шараларды атқарды:
- Компания бірден ISO 45001 және ISO 14001 екі халықаралық стандарттары бойынша TUV International Certification (Германия) сертификаттауынан өтті
- ESAP жол картасын іске асыру шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметін жүзеге асыратын өңірлерде экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты арттыру бойынша жұмыс жүргізілді
- Near-Miss анықталатын қауіпті жағдайлардың, қауіпті әрекеттердің, потенциалды қауіпті жағдайлардың сипаты мен жиілігіне талдау жүргізілді және қабылданатын түзету шараларының толықтығы мен жеткіліктілігі деңгейі анықталды
- компания кәсіпорындары персоналына сауалнама жүргізу әдістерін жетілдіру арқылы қызметкерлер мен басшылардың өндірістік қауіпсіздік талаптарын саналы түрде сақтау деңгейін айқындау тетіктері жақсартылды
- қызметкерлердің қауіпсіз емес жұмыстарды уақтылы тоқтатуы мақсатында STOP-карталарды қолдану тәжірибесі енгізілді
- үй жануарларымен болған ЖКО-ның алдын алу үшін «МАЛ ЖАН АМАН» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде жануарлардың жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстырғыш қарғылар қолданыла бастады
- қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының қаупін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылды
Ішкі корпоративтік деңгейде ЕҚ және ӨҚ бойынша тәжірибе мен білім алмасу үшін компания ЕТҰ және Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің басшылары үшін HSE-Club ұйымдастырды HSE-Club клубының міндеті-тәжірибе алмасу және компания тобының өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу.
2020 жылы атқарылған іс-шаралар Топ жұмыскерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырды, ал жүргізілген алдын алу шаралары алдағы уақытта оқиғалардың орын алуына жол бермейді.
Қауіпсіздік мәдениетін және барлық деңгейдегі басшылардың көшбасшылығын дамыту мақсатында Компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еңбек қауіпсіздігі мәдениетіндегі көшбасшылық» атты оқу электрондық курсы әзірленіп, іске асырылуда. Бұдан басқа өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру шеңберінде ЕТҰ басшылары мен қызметкерлеріне қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған, оның ішінде Near-Miss ықтимал қауіпті жағдайларын, қауіпті әрекеттер мен қауіпті жағдайларды анықтау, сондай-ақ қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттерін жүргізу бойынша оқу өткізілді. Сондай-ақ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында арнайы міндетті курстар ұйымдастырылды. Оқытудың деңгейі мен тиімділігін бағалау үшін оны аяқтағаннан кейін барлық қатысушылардың білімі тексерілді.
Компания міндетті және міндетті емес болуы мүмкін HSE сұрақтары бойынша үнемі жаттығулар жасайды.
Міндетті – Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, радиациялық, ядролық қауіпсіздік және т.б. саласындағы заңнамасының талаптарын сақтаумен байланысты.
Компанияда қауіпсіздік мәдениетін, көшбасшылықты және HSE мәселелеріндегі жауапкершілікті дамыту бағыттары бойынша міндетті емес оқу ұйымдастырылады.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талап еткен барлық жағдайларда оқыту мен тренингтер өткізетін ұйымдардың қажетті лицензиялары, аттестаттары және басқа да рұқсат беру құжаттары болады.
Ішкі корпоративтік деңгейде ЕҚ және ӨҚ бойынша тәжірибе мен білім алмасу үшін компания ЕТҰ және Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің басшылары үшін HSE-Club ұйымдастырды HSE-Club клубының міндеті-тәжірибе алмасу және компания тобының өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу.
Оқытуды, тренингтерді өткізудің тиімділігі кейіннен білімді тексеру және/немесе тестілеу арқылы бақыланады.
Мердігерлік ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару
Топтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары талаптарын, өндірістік қауіпсіздік стандарттары мен нормаларын сақтау барлық мердігер ұйымдар үшін міндетті шарт болып табылады. Сонымен компанияның контрагенттері, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер үшін корпоративтік стандартқа сәйкес «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар» бойынша талаптар қойылады.
Мердігердің талаптарға сәйкестігі шартқа қол қою кезеңінде де талданады, ол ЕҚ және ӨҚ саласындағы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде Өндірістік қауіпсіздік департаментімен келісу рәсімінен өтеді. Жұмыстарды жүргізу немесе қызметтерді көрсету кезеңінде өндірістік қауіпсіздік және ЕТҰ департаментінің жұмыскерлері ЕҚ және ӨҚ нормалары мен қағидаларының сақталуына тұрақты түрде тексерулер мен бақылау жүргізеді. Тәуекелдерді бағалау және мақсаттар қою кезінде, сондай-ақ ЕҚ және ӨҚ мәселелері бойынша оқытуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау кезінде Топ мердігерлерінің оқиғалары туралы ақпарат міндетті түрде ескеріледі.
Білім деңгейін арттыру мақсатында мердігер ұйымдардың жұмыскерлері үшін Компания ЕҚ және ӨҚ аспектілері бойынша оқытуды ұйымдастырады, ал уәкілеттілер мердігерлерді тұрақты негізде ЕҚ және ӨҚ мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысады.
Ядролық қауіпсіздік
Ядролық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ядролық материалдарды пайдаланатын Топ кәсіпорындары ядролық материалдармен жұмыс істеу кезінде технологиялық регламенттердің және ядролық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Топ кәсіпорындары арасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ ядролық материалдарға ие.
Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Топ кәсіпорындарында ядролық материалдарды түгендеу уақтылы жүргізіледі және ядролық қауіпсіздіктің жайкүйі тексеріледі.
Ядролық бөлінетін материалдармен (ЯБМ) жұмыстарды қадағалауды және бақылауды бас физик қызметі (БФҚ) жүзеге асырады. 2020 жыл ішінде қызмет келесі іс-шараларды өткізді:
- дайын өнім қоймасы, уран өндірісі, МАГАТЭ ТБУ қоймасы және «Үлбі металлургия зауыты» АҚ қосалқы бөлімшелері мамандарының ядролық қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру
- «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-дағы ядролық қауіпсіздік жағдайын комиссиямен тексеру
- «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның барлық ядролық қондырғыларында өзін-өзі қолдайтын тізбекті ядролық реакцияның пайда болуы туралы авариялық сигнал беру жүйесінің дабыл сигналдары бойынша персонал мен қызметтердің аварияға қарсы жаттығулары
Есепті жыл ішінде бұзылу мен бұзушылықтардың болмауы шаралар тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Радиациялық қауіпсіздік
2020 жылы жұмыс орындарында, үй-жайларда, өндірістік аумақтарда және бақыланатын аймақтарда радиациялық жағдайға тұрақты бақылау жүргізілді. Барлық радиациялық көрсеткіштер норма шегінде және 2019 жылдан бері өзгерген жоқ.
2020 жылы Компания кәсіпорындарында радиациялық авариялар мен оқыс оқиға орын алмаған. Сәулеленудің жылдық дозаларының бақылау деңгейлерінен асып кету тіркелген жоқ.
2020 жылы персоналға радиациялық әсердің орташа дозасы табиғи радиациялық фонды қоса алғанда, жылына 1,45 мЗв құрады. Табиғи радиациялық фонның көрсеткіштері жылына 0,38-ден 1,43 мЗв-ға дейін құрады.
Өз кезегінде Топ кәсіпорындарында персоналдың ең жоғары жылдық тиімді дозасы 2019 жылғы деңгейде қалып, жылына 4,94 мЗв құрады.
Радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және персоналды қорғау мақсатында радиациялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі:
- үй-жайлардағы жөндеу жұмыстары және жабдықтарды жаңғырту
- бүлінген немесе ескірген жабдықты ауыстыру
- желдету жүйелерін жөндеу және жаңғырту
- төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне шығару
- жаңа жетілдірілген радиациялық бақылау аспаптарын сатып алу
- жұмыскерлерді радиациялық қауіпсіздік жөніндегі курстардан өткізу
2020 жылы төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне (РҚКП) кәсіпорындардан 2,85 мың тонна төмен радиоактивті қалдықтар шығарылды, 22 бірлік радиациялық бақылаудың жаңа аспаптары сатып алынды, лицензияланған ұйымдарда радиациялық қорғау және қауіпсіздік жөніндегі курстарда кәсіпорындардың 3 973 жұмыскерлері өтті.
2020 жылы МАГАТЭ «Уран өндіру және қайта өңдеу индустриясындағы кәсіби радиациялық қорғау. № 100 қауіпсіздік есебін» шығарды. Көрсетілген есеп МАГАТЭ-нің персоналды радиациялық қорғау жөніндегі бағдарламасы шеңберінде уранды өндіруге және қайта өңдеуге байланысты әсерлерден қызметкерлерді қорғауға кезеңдік тәсілді іске асыру кезінде оның қауіпсіздік стандарттарын қолдануды қамтамасыз ету үшін әзірленді. МАГАТЭ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ны қоса алғанда, ірі уран өндірушілердің өкілдері кіретін сарапшылар тобы соңғы 5 жыл бойы құжатпен жұмыс істеді.
Өндірістік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері 2020 жылдың қараша айында АЭХА-ның радиациялық қорғау жөніндегі RP2020 «Improving Radiation Protection in Practice» халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияның негізгі міндеті радиациялық қауіпсіздік саласындағы жетекші әлемдік мамандардың тәжірибе алмасуы болды.
Конференция аясында компанияның өндірістік қауіпсіздік департаменті ЖҰШ әдісін қолданатын уран өндіруші кәсіпорындардағы радиациялық қорғау және радиациялық мониторинг жүйесіне шолу жасады.
Төтенше жағдайларға дайындық
ТЖ және өрт қауіпсіздігі желісі бойынша іс-шаралар кешені 2020 жылы
Компания төтенше жағдайларға дайындықтың жоғары деңгейін қолдауға бағытталған іс-шараларды үнемі жүзеге асырады. Осы мақсатта 2020 жылы өрт қауіпсіздігі бойынша сыртқы аудит және жеке өрт қаупін бағалау жүргізілді. Тексеру нәтижелері өрттің қауіпті факторлары адамдардың өміріне қауіп төндірмейтінін көрсетті.
Қоғам ғимаратында тұрақты негізде өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерін тексеру жүргізіледі. Есептік кезеңде келесі жүйелер тексерілді: өрт су құбыры – 4 рет (сорғылардың жұмысы – 2 рет, өрт түтіктерін тексеру – 2 рет), сплинклерлік өрт сөндіру – 1 рет, өрт дабылы – 2 рет, алғашқы өрт сөндіру құралдары – 8 рет, қоғам ғимаратынан адамдарды қауіпсіз эвакуациялаумен оқу-жаттығу іс – шарасы – 1 рет.
Есепті жылы «Нұр-Cұлтан қаласы, Е-10 көшесі, 17/12 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әкімшілік ғимаратында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық» өзектендірілді.

COVID-19
Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуымен Компания қызметкерлер арасында сырқаттану қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын қабылдады:
- Топ жұмыскерлерін жеке қорғану құралдарымен, зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету ұйымдастырылды
- персоналды карантин режимінің ерекшеліктері мен мінез-құлық ережелері туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізілді
- технологиялық процестерге қатыспаған қызметкерлер уақтылы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды
17 тамыздан бастап қызметкерлердің 20%-ы ПТР-тестілеуден өткеннен кейін кеңседегі жұмысқа қайта оралады және 80%-ына қашықтан жұмыс форматының режимі сақталады.
Топтың барлық іс-шаралары, жоспарлары мен жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес жедел түзетіліп, өзектендірілді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирус инфекцияның 1 077 жағдайы тіркелді, оның 1 042-сі қалпына келді, белсенді формамен 30 адам есепте тұрды. Есепті кезеңде Қоғам бойынша COVID-19-дан 5 өлім жағдайы тіркелді. «Каустик» АҚ мен «ҮМЗ» АҚ-да екі жағдай, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-да бір жағдай.
Жұмыскерлердің денсаулығын сақтау және жұқтыру қаупін азайту мақсатында компанияның барлық ЕТҰ-ларында ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілді. ЕТҰ орналасқан аумақтардағы сырқаттанушылық деңгейін болжау және қабылданатын эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін Топта СOVID-19 бойынша мамандандырылған талдамалық платформа енгізілді. Аурудың өршуін визуализациялау және жүйе жасауға мүмкіндік беретін сараптамалық болжамдар алдын алу шараларын қабылдауға және аурудың ықтимал өсуіне ертерек дайындалуға мүмкіндік береді.
Жұқтыру қаупін төмендету бойынша тосқауыл шаралары ретінде мынадай іс-шаралар атқарылды:
- байланыссыз бейнетермометрия
- зарарсыздандыратын туннельдер орнатылды, кәсіпорындардың кіру топтарында ПТР-тестілеу арқылы рұқсат беру ұйымдастырылды
- жұмыскерлер пайдалануы үшін зарарсыздандыру құралдарының, ЖҚҚ, антисептиктердің азаймайтын қоры құрылды
- жұмыс орындарында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етілді
- тұмауға қарсы вакциналау жүргізілді. 2020 жылдың екінші жартыжылдығында Топ жұмыскерлерінің 25%-ы вакцинамен қамтылды
- ЕТҰ-да карантиндік аймақтар жайластырылды және жұмыскерлерде COVID-19 анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмдері әзірленді. Оқу-жаттығу өткізілді
- міндетті ПТР-тестілеумен бекітілген қайта басып шығару алгоритмі бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді
COVID-19-дың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс жұмыскерлер арасында аурудың деңгейін төмендетіп, Компанияның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, өндірістік қуаттылықты сақтап қалды.
Қоршаған ортаны қорғау






Қазатомөнеркәсіп адамдарды таза энергиямен қамтамасыз етуге және болашақ ұрпақ үшін планетаны сақтауға ұмтылады. Топ қоршаған ортаны қорғауды өз қызметінің жоғары басымдықтарына жатқызады және қоршаған ортаға әсер етудің нөлдік деңгейіне қол жеткізуді мақсат етеді. Бұл үшін Компания кешенді шаралар қабылдай отырып, экологиялық қауіпсіздік деңгейін және өз кәсіпорындарының тұрақты дамуын үздіксіз арттыра отырып, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) жөніндегі процестерді жетілдіру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін жаңа технологиялар мен үздік әлемдік практикаларды енгізеді. Табиғи уран өндіру бойынша әлемде көшбасшы орынды иелене отырып, Компания осы элементті жер қыртысынан алудың неғұрлым экологиялық әдісін – жерасты ұңғымалық шаймалауды (ЖҰШ) пайдаланады. Бұл технология жұмыскерлер мен халықтың денсаулығына қауіпті азайтады, өндіру аяқталғаннан кейін жер асты суларының өзін-өзі емдеуді қамтамасыз етеді және кең аумақтардың радиоактивті ластануының болмауымен сипатталады.
Қазатомөнеркәсіптің Қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттары БҰҰ-ның 3, 7, 8, 9, 12, 13-тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді Олардың Тобы 2030 жылға дейінгі әлемдік күн тәртібі шеңберінде ҚОҚ саласындағы неғұрлым басым топ деп айқындады.
Экологиялық менеджмент жүйесі
Экологиялық менеджмент Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздігі жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) топтың еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың интеграцияланған жүйесі шеңберінде жұмыс істейді. Кешенді тәсіл қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметпен және басқа да аралас облыстармен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Компанияның Директорлар кеңесінің жанында өндірістік қауіпсіздік комитеті (HSE) жұмыс істейді. Комитет отырыстарында экологиялық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін орындау туралы есептілік қаралады, экологиялық менеджмент жүйесінің жай-күйі мен оны жетілдіру жолдарын талданады. Директорлар кеңесі экологиялық саясатты жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты бекітеді және оның талаптарының орындалуына мониторинг жүргізеді.
2020 жылы Өндірістік Департамент бастамасымен «Жасыл» экономиканы дамытудың жаһандық трендін қолдауға бағытталған. Мына бағыттарды қамтиды:
- «жасыл» энергетика
- өндірістік процестің энергия тиімділігі
- қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту (шығарындылар, төгінділер, қалдықтар)
- материалдар мен жабдықтарды екінші рет пайдалану (Reuse)
- Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің «санасын жасылдандыруға» бағытталған іс-шаралар
Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік орталығының өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады. Департамент Топтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысын ұйымдастырады, осы жұмыстың тиімділігіне талдау жүргізеді, Компанияның жоғары басшылығы үшін есептер дайындайды. Еншілес және тәуелді ұйымдар деңгейінде табиғат қорғау саясатын іске асыруды, барлық өндірістік процестердің ҚОҚ саласындағы заңнамалық талаптарға және корпоративішілік рәсімдерге сәйкестігін қамтамасыз ететін бөлімшелер қалыптастырылған.
Экологиялық саясат
ЭМЖ мәселелерін басқарудың негізгі тәсілдері мен қағидаттары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясатында көрініс тапқан. Құжатта компанияның қоршаған орта саласындағы мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен қатар Саясат ережелерін сәтті жүзеге асыруда әр жұмыскердің жоғары және төменгі буындарға белсенді қатысуының маңыздылығы көрсетілген.

Қазатомөнеркәсіптің Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының түйінді қағидаттары

Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты адам денсаулығы мен экологиялық қауіпсіздіктің басымдығы

Барлық деңгейдегі басшылардың экологиялық қағидаттарды іске асырудағы көшбасшылығы мен бейілділігі

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазатомөнеркәсіптің қызметі жүзеге асырылатын елдердің ұлттық заңнамасына сәйкестігі

Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қызметін жүзеге асыратын жерлерде тұратын халыққа және қоршаған ортаға өндірістік қызметтің әсерін барынша азайту
Қазатомөнеркәсіптің экологиялық саясаты іске асырылған үш жыл ішінде Компанияға елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл қоғамдық және мемлекеттік экологиялық сараптамалардың оң қорытындыларымен расталады. Саясатты жоспарлы қайта қарау 5 жылда бір рет жүзеге асырылады. 2020 жыл ішінде ҚОҚ саласында жоспардан тыс өзгерістер мен толықтырулар саясатқа енгізілген жоқ. Қазатомөнеркәсіптің барлық қызметі Қазақстан Республикасының қоршаған орта саласындағы ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Бұдан басқа Компанияда 2018 жылдан бастап экологиялық және әлеуметтік салалардағы іс-қимыл жоспарын (ESAP жол картасы) іске асыру бойынша жол картасы іске асырылуда. ESAP жол картасы топтың денсаулық сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды және әлеуметтік саласын басқару жүйелерін халықаралық экологиялық талаптарға және озық салалық тәжірибелерге (GIIP: Good International Industry Practice, халықаралық қаржы корпорациясының экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі Стандарт) сәйкес келтіруге көмектеседі.
- Корпоративтік сала (ҚОҚ саласындағы қызметкерлерді
- Биоалуантүрлілік (өсімдіктер, жаба жануарла көшпелі мал шаруашылығы)
- Су, топырақ және ауа мониторингі
- Қалдықтарды басқару (шығарып әкету және)
- Циклдің өмірлік циклін аяқтауды жоспарлау (жабу/тарату)
- Әлеуметтік сала және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және жергілікті халықпен өзара іс-қимыл
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
2020 жылғы наурызда Қазатомөнеркәсіп өндірістік қауіпсіздік менеджментінің интеграцияланған жүйесінің сертификаттау аудитінен сәтті өтті және TÜV International Certification сертификатын алды. Аудитті «Интерсертификат-ТЮФ» ЖШС (Германия) сарапшылары «Қазақстан Республикасындағы ТЮФ Тюринген» сарапшыларымен бірлесіп жүргізді.
Осы сертификат табиғи уран қосылыстарының экспорттық жеткізілімдерін ұйымдастыру кезінде компания DIN EN ISO 14001:2015 (экологиялық менеджмент жүйелерін сертификаттау) және DIN EN ISO 45001:2018 (Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджментін сертификаттау) талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесін және денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін қолданатынын куәландырады.
Сертификаттау Қазатомөнеркәсіпке топта жүзеге асырылатын қызмет түрлерімен байланысты қауіптерге ұшырауы мүмкін қоршаған орта, персонал немесе басқа да мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді азайту процестерін жетілдіруге және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелерді неғұрлым тиімді орындауға мүмкіндік береді.
Топтың барлық өндірістік кәсіпорындарында ISO 14001 стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару жүйесі және ISO 50001 сәйкес құрылған энергоменеджмент жүйесі жұмыс істейді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару тәсілдерін жетілдіру бөлігіндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазатомөнеркәсіп 2020 жылы Компанияда ҚОҚ мәселелерін басқарудың кешенді тәсілін қамтитын өндірістік қауіпсіздікті басқарудың интеграцияланған жүйесін енгізуді аяқтады.
Экологиялық тәуекелдерді бағалау және басқару белгіленген кезеңділікпен (жылына бір рет) компанияның тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес Қоғам Басқармасы жанындағы тәуекелдерді басқару комитеті қоршаған ортаға қолайсыз әсерлер туындаған кезде іс-шаралар жоспарларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және дайындайды. 2020 жылы қоршаған ортаны қорғау саласында елеулі тәуекелдер анықталған жоқ.
Сақтық қағидаты
Жаңа объектілер құрылысын жоспарлау кезінде ықтимал экологиялық тәуекелдер қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) жүргізу кезінде ескеріледі. ОЖ-ға ықтимал әсерлерді талқылау үшін Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мүдделі тараптарды тарта отырып, қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
Компания жеткізушілермен және мердігерлік ұйымдармен жұмыс кезінде экологиялық қауіпсіздікті басқарады. Өнімдер мен қызметтерді сатып алуға қойылатын экологиялық талаптар Қазатомөнеркәсіптің «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар» корпоративтік стандартында айқындалған. Осы талаптарды сақтау контрагенттер тарапынан міндетті болып табылады.
Компания топтың табиғат қорғау талаптарына сәйкестігін ақпараттандыру және қамтамасыз ету үшін мердігерлермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді және бұл жұмысты жеткізушіні таңдау және шарт жасасу кезеңінде бастайды. Өндірістік қауіпсіздік департаменті, сондай-ақ мердігерлермен және жеткізушілермен келісімдерге қауіпсіздікке байланысты қажетті талаптар мен міндеттемелерді енгізуді қамтамасыз ету үшін шарттарды келісу процесіне міндетті түрде қатысады.
Өндірістік қауіпсіздік департаменті еншілес және тәуелді ұйымдардың жауапты қызметтерімен бірлесіп, тексеру жүргізу арқылы мердігерлердің қызметін тікелей жергілікті жерлерде бақылайды. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлердің қызметін бағалаумен және олардың ҚОҚ саласындағы барлық корпоративтік стандарттарды сақтауымен есептер қалыптастырылады.
Экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін бағалау
Қазатомөнеркәсіптің қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жүйесі жұмысының тиімділігін бағалау тұрақты негізде жүргізіледі. Өндірістік қауіпсіздік департаменті апта сайын аппараттық және өндірістік кеңестер шеңберінде Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелеріне экологиялық аспектілерді басқару мәселелері жөнінде баяндайды. Бұдан басқа департамент тоқсан сайын ESAP Жол картасының орындалуы туралы есепті қалыптастырады және оны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің өндірістік қауіпсіздік комитетінің (HSE) мүшелеріне ұсынады.
Негізгі нәтижелер
Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін Қазатомөнеркәсіп жыл сайын технологиялық процестерді жетілдіруге, тазарту құрылыстарының тиімділігін арттыруға және ҚОҚ саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қаражат инвестициялайды.
2020 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы шығыстар мен инвестициялардың көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті. Қаражаттың жартысы – 1 137,3 млн теңге – атмосфераға ұйымдастырылмаған шығарындыларды азайтуды қоса алғанда, технологиялық процестерді жетілдіруге салынды. Қолданыстағы шаңгаз ұстау және су тазарту жабдықтарының тиімділігін арттыруға 64,3 млн теңге жұмсалды. Бұдан басқа Компания жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге қаражат бөледі. 2020 жылы бұл бағытқа 273,7 млн теңге инвестиция салынды. Сонымен қатар 695,0 млн теңге түрлі іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталды, оның ішінде өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату/көму, бұрғылауды радиоэкологиялық сүйемелдеу, бақылау ұңғымаларын салу, көгалдандыру, ҚОҚ мәселелерін насихаттау.
Қазатомөнеркәсіптің қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстары мен инвестициялары, млн теңге

2020 жылғы ақпанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі XXII корпоративтік кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қазатомөнеркәсіп арасында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты – Компания кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі қоршаған орта компоненттерінің жағдайын жақсарту және Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік қызметінің халық пен қоршаған ортаға әсерін барынша азайту. Осы меморандум шеңберінде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның қатты радиоактивті қалдықтарын бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында көму жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы жоба іске қосылғаннан кейін зауыт қатты радиоактивті қалдықтарды «Үлбі металлургия зауыты» АҚ қалдық шаруашылығы учаскесінің арнайы құрылыстарына орналастыруды тоқтатады, бұл радиоактивті қалдықтардың қоршаған ортаға және өңір халқына теріс әсер ету қаупін барынша төмендетеді.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Компанияның өндірісте қоршаған ортаға зиянды азайтуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізуге бағытталғаны қуантады».
2020 жылы Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Заңнамалық талаптарды сақтау шеңберінде топтың ЕТҰ үнемі өндірістік экологиялық бақылауды (ӨЭК) жүзеге асырады. ӨЭК аккредиттелген зертханаларды тарта отырып, бекітілген жоспар-кестеге сәйкес тоқсан сайын өткізіледі.
2020 жылы Қазатомөнеркәсіп кеніштеріндегі өндірістік экологиялық бақылауды талдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Қарамұрын, Хорасан, Құланды және Батыс Мыңқұдық кеніштері үшін соңғы 3-4 жылдағы ПЭК нәтижелері талданды. Талдау нәтижелері бойынша 2021 жылы өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын өзектілендіруге ұсынымдар әзірленетін болады.
2020 жылы жалпы Топ кәсіпорындары бойынша экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін айыппұлдар мен экономикалық санкциялар 11,5 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 35%-ға аз (17,6 млн теңге), қаржылық емес санкциялар жоқ. Сот талқылаулары болған жоқ.
Қаратау, Хорасан-1 және Батыс Мыңқұдық кеніштері үшін мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің (МАЖ) принциптік сызбасы, МАЖ жобалауға арналған техникалық тапсырма және жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.
Экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің (ЭМАЖ) деректер базасын құру бойынша жоба шеңберінде 2020 жылы Сырдария және Шу-Сарысу провинцияларының кеніштері орналасқан аумақтың негізі-цифрлық картасы әзірленді. Цифрланған аумақтың жалпы ауданы шамамен 165 мың км2 (480 км х 340 км) құрады. Картографиялық материалдарды жасау жоспары әзірленді.
ESAP Жол картасының іс-шараларын іске асыру процесінде 2019-2020 жылдары «ЖҰШ кенішінің өндірістік объектілерінің қоршаған орта объектілеріне және жергілікті халыққа экологиялық және әлеуметтік әсерін зерттеу» жүргізілді. Зерттеу аясында 2020 жылдың маусым айында «Жоғары технологиялар институты» ЖШС қызметкерлері «РУ-6» ЖШС жақын маңдағы елдімекендерде болды. Олар Шиелі ауданының әкімдігі мен алып Қарғалы, Ақмола, Керделі, Еңбекші және Жуантөбе ауылдық округтерінің елді мекендерін аралады.
Сапар барысында келесі іс-шаралар өткізілді:
- жер пайдаланушылармен кеңес
- көшпелі мал шаруашылығының көші-қон жолдарын қоса алғанда, қоршаған аумақтарда су және жер пайдалану түрлерін анықтау
- көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халықты қоса алғанда, су және жер пайдалануды (әсер етудің әлеуетті рецепторларын) сәйкестендіру
- мәдени мұра ескерткіштерін сәйкестендіру
- кәсіпорынның экологиялық, әлеуметтік әсеріне назар аударатын жергілікті қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында мүдделі тараптарды сәйкестендіру
Мүдделі тараптармен диалог құру мақсатында 2020 жылы компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына бейнеролик жасау аяқталды. Ролик Топтың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бейілділігін көрсетеді, экологиялық қауіпсіздікті басқарудың негізгі құралдары қолжетімді түрде ашылған. Роликтің алғашқы таныстырылымы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздігі жөніндегі XXIII жылдық корпоративтік кеңесте өтті. Енді бейне ашық көздерден барлық стейкходлер топтарына қолжетімді.
ҚОҚ саласындағы оқыту
Табиғат қорғау қызметін неғұрлым тиімді басқару үшін компания қызметінде озық халықаралық салалық практиканы (GIIP) зерделеу және қолдану бөлігінде қажетті құзыреттер мен білім алу мақсатында 2020 жылы ЕТҰ басшылары мен жер қойнауын қорғауға, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге жауапты мамандар қатарынан топтың 156 қызметкері экологиялық қауіпсіздік саласында бірқатар оқытудан өтті:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында өндірістік экологиялық бақылауды (мониторингті) жүзеге асыру
- Уран кен орындарындағы биоалуандылықты бағалау
- ISO 14063: 2020 негізінде экологиялық ақпарат алмасу процестерін әзірлеу. Ішкі аудит (стандарттың жаңа нұсқасы)
- Сертификаттау курсы «AA1000 SES стандарты негізінде мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да экологиялық және әлеуметтік салалардағы (ESAP) іс-қимыл жоспарының жол картасы, негізгі бағыттар және оны іске асыру
10-11 қарашада Қазақстандық ядролық университет Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп ЕТҰ бірінші басшылары үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да экологиялық және әлеуметтік салалардағы іс-қимыл жоспарының жол картасы (ESAP), негізгі бағыттар және оны іске асыру» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Оқытудың мақсаты – ESAP жоспарын жүзеге асыруда бірінші басшылардың рөлі мен белсенділігін арттыру. Оқыту барысында сарапшылар ESAP мақсаттары мен міндеттері, озық халықаралық салалық практикалардың (GIIP) талаптары, халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) стандарттары және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару тұжырымдамалары сияқты іске асыруға жоспарланған міндеттердің мәнмәтінін түсінуді қамтамасыз ету үшін негізгі ұғымдарға шолу жасады.
Семинарға ЕТҰ-ның жоғары буынының 37 басшысы мен менеджерлері қатысты. Оқыту қатысушылары жоғары қызығушылық танытты, белсенді пікір алмасу болды, бұл онлайн-оқытудың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға оң әсер етті.
ESAP жол картасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін топтың корпоративтік орталығы мен кәсіпорындарының 294 өкілі оқытудан өтті.
«Экологияға қосқан үлесі үшін» марапаттары
Топ кәсіпорындары қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға және штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізуде. Осы бағыттағы 2020 жылғы жетістіктердің ішінде «АППАК» ЖШС және «СП «Хорасан-U» ЖШС үшін стационарлық көздерде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің жобасын әзірлеуді, сондай-ақ «Байкен-U» ЖШС-ға экологиялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді бөліп көрсетуге болады. Енді негізгі экологиялық көрсеткіштер туралы деректер бақылаушы мемлекеттік органға онлайн режимде беріледі.
2020 жылдың қорытындысы бойынша «Инкай» БК» ЖШС және «Байкен-U» ЖШС жыл сайынғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Экологиялық сананы арттыру
Қазатомөнеркәсіп экологиялық мәдениетті дамытады және қызметкерлер, әріптестер, клиенттер және басқа да мүдделі тараптар арасында экологиялық құндылықтарды насихаттайды. Экологиялық мәдениет пен хабардарлықты қолдау мен дамытуға компанияның барлық қызметкерлері – бірінші басшылардан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін қатысады. Компания қызметкерлердің экологиялық акциялары мен бастамаларын көтермелейді, өйткені бұл ҚОҚ саласындағы топтың басты мақсаты – ғаламшарды болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға көмектеседі.
Жыл сайын экологиялық акцияларға компаниялар тобының барлық ЕТҰ белсенді қатысады. 2020 жыл ішінде Қазатомөнеркәсіп және оның ЕТҰ қызметкерлері халықтың экологиялық санасын арттыратын бірқатар бастамаларды іске асырды.
22 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Жер-Ана күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Климатты қалпына келтіру, экологиялық білім беруді тарату және тұрақты «циркулярлық» экономика құру бойынша, Дүниежүзілік қолдауға қол жеткізу үшін бұл күні бүкіл планетада көптеген экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізіледі. Қазатомөнеркәсіп өз үлесін қосуда. 2020 жылы осы күні «КАТКО» БК ЖШС қызметкерлері Төртқұдық учаскесінде вахталық лагерь аумағында 50 түп көшет отырғызды. «КАТКО» БК ЖШС осындай акцияны жыл сайын өткізеді: 2015 жылдан бастап Төртқұдық және Мойынқұм учаскелерінде 500-ден астам көшет отырғызылды.
Дүниежүзілік тазалық күніне орай 21 қыркүйекте табиғатты ластау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасына назар аудару үшін «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» компаниясында сенбілік өткізілді. Сенбілікке «Қанжуған» (52 адам), «Орталық Мойынқұм» (22 адам), «Мыңқұдық» (43 адам), «Уванас» (9 адам) кеніштерінің және кәсіпорынның басқару аппаратының (36 адам) қызметкерлері қатысты. 5 бірлік техника жұмылдырылды. Аумақтарды жинау барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілді.
Барлығы 8 700 кг қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды, олар одан әрі кәдеге жарату үшін сұрыпталды. Кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтар өндірістік радиоактивті емес қалдықтар полигонына шығарылды.
Сондай-ақ, жаппай сенбілік 19 қыркүйекте «Инкай» БК ЖШС кенішінде өткізілді, оған барлық қызметкерлер белсенді қатысты. Осыған ұқсас іс-шаралар «Сауда-Көлік Компаниясы» ЖШС және «АППАҚ» ЖШС, «Заречное» БК» АҚ, «Оңтүстік Тау-кен-химия компаниясы» БК» ЖШС кеніштерінде өтті.
Жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қазатомөнеркәсіп және оның ЕТҰ табиғат пен экологияға арналған фоторепортаж дайындады. Фотосуреттерден Қазақстанның оңтүстік өңірінің керемет пейзаждарын, флорасы мен фаунасының алуан түрлілігін көруге болады. Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің балалары да планетаға деген сүйіспеншілігін және суреттердегі жаппай ластану тақырыбына алаңдаушылығын білдіре отырып, қоршаған ортаны сақтау және қорғау жөніндегі үлкен іске өз үлестерін қосты.
Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік орталығында энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу жөніндегі заманауи шешімдерді қамтитын «Жасыл кеңсе» жобасы іске асырылуда: тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды, электр энергиясы мен суды үнемді жұмсау үшін кеңсе үй-жайларында қозғалыс датчиктері қолданылады.
Компанияда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қолдауымен 2020 жылдың басында басталған қағаз құжат айналымын қысқарту жөніндегі бастама жұмыс істейді.
Мысалы, «Инкай» БК» ЖШС ішкі нормативтік құжаттаманы келісу және бекіту процесін оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында 2018 жылдан бастап Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесінің базасында «Ішкі бақыланатын құжат» модулі жұмыс істейді. Модульді пайдалану кезеңінде кәсіпорында 1 000-ға жуық құжат бекітілді, бұл 10 000-ға жуық қағаз парағын сақтауға мүмкіндік берді.
Даму жоспарлары
2021 жылы Компания қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында келесі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
- DIN EN ISO 14001:2015 және DIN EN ISO 45001:2018 талаптарына сәйкестікке қоршаған орта менеджменті жүйесіне (СМОС), денсаулық сақтау менеджменті және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне (СМОЗиОБТ) алғашқы бақылау-кеңейту аудитін жүргізу
- «Радиоактивті қалдықтарды көму сәтіне дейін олармен жұмыс істеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартын өзектендіруді жүргізу
- кеніштердің өндірістік қызметінің экологиялық және әлеуметтік әсерлерін зерттеуді жалғастыру
- әлеуетті тәуекелдерді ескере отырып, ӨЭК бағдарламаларын өзектендіруге ұсынымдар әзірлеуді жүргізу
- экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің (ЭМАЖ) дерекқорын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру
- «Уранның жер асты және жер асты суларына ЖҰШ әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» КСС стандартын әзірлеу және келісу
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ-ның мүдделі тараптарымен экологиялық және әлеуметтік аспектілерде өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеу « нұсқаулығын бекіту
- авариялық ден қою және кумулятивтік әсердің болуын алдын ала бағалау жоспарларын жаңарту
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да экологиялық ақпарат алмасу процестерін әзірлеу тәртібі» нұсқаулығын бекіту
- Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық рейтингін жасау үшін өлшемшарттарды әзірлеу
- «Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы биоалуандылықты бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартын әзірлеуді аяқтау
Климаттың өзгеруі

Климаттың өзгеруіне байланысты бүкіл әлемде жыл сайын су ресурстарының тапшылығы, азық-түліктің жетіспеушілігі, биоалуантүрліліктің жоғалуы және табиғи апаттар сияқты құбылыстар елеулі бола түсуде. Бұл ауыр экономикалық салдарға, ашаршылық пен соғысқа әкеледі.
Қазатомөнеркәсіп климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақыратын БҰҰ-ның № 13 орнықты даму мақсатын және Париж келісімін ұстанады.
Ядролық энергетика экономиканың көміртексіз салаларының бірі болып табылады және атмосфераға парникті газдардың (ПГ) шығарындыларын айтарлықтай қысқартуға көмектеседі. Уран шикізатын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы бола отырып және атом электр станцияларына отын жеткізе отырып, Қазатомөнеркәсіп ядролық энергетиканың дамуын қамтамасыз етеді, сол арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күресте елеулі жанама әсер етеді.
Қазатомөнеркәсіптің уран шикізатын өндіру жөніндегі өндірістік процестері жер асты ұңғымалық шаймалаудың неғұрлым экологиялық технологиясына негізделген, оны қолдану парниктік газдардың атмосфераға ең аз шығарылуымен ілесе жүреді. ПГ тобының қызметі барысында қазандықтардың қажеттіліктері үшін отынды (дизель, мазут, көмір) тұтынуға байланысты, бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде, кейбір ЕТҰ-да қалдықтарды жағуға арналған пештерді қолдану кезінде пайда болады, сондай-ақ жылжымалы көздер, оның ішінде автокөлік ескеріледі.
Топта тұрақты негізде парниктік газдар шығарындыларының мониторингі бойынша қызмет жүзеге асырылады, Қазатомөнеркәсіп бақылайтын объектілерден тікелей шығарындылардың көлемін сандық бағалау жүргізіледі (қамту 1). Парниктік газдар шығарындыларына мониторингті және есепке алуды өндірістік қауіпсіздік департаменті жүзеге асырады.
Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының көлемі, мың тонна CO2-экв
Парниктік газдар шығарындыларының 2020 жылы төмендеуі COVID-19 пандемиясына, кейбір ЕТҰ газына көшуге, сондай-ақ жылы ауа-райына байланысты бірқатар іс-шаралардың төмендеуіне байланысты. Сонымен қатар, ПГ шығарындылары көлемінің төмендеуіне Созақ ауданы әкімдігінің теңгеріміне «Уранэнерго» ЖШС мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы меморандум негізінде екі қазандықты беру себеп болды.
Әрбір ЕТҰ үшін парниктік газдар шығарындыларының жылдық көлемі шығарындылар туралы есептілік және қазақстандық шығарындылар саудасы жүйесіне қатысу үшін ұлттық деңгейде қабылданған СО2 баламасының 20 000 тоннасының шекті мәнінен аспайды.
Парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін Қазатомөнеркәсіп баламалы энергия көздерін белсенді пайдаланады, энергия үнемдеу технологияларын қолданады, энергетикалық тиімділікті арттыруға қаражат инвестициялайды (толығырақ «Энергия тиімділігі» кіші бөлімінде).
Топ кәсіпорындары электр энергиясын өндіру үшін күн энергиясын пайдаланады. 2020 жылы фотоэлектрлік станциялар 3,52 МВт*сағ электр энергиясын өндірді. Өндірілетін электр энергиясы өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады, бұл жылына 53 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. «Жасыл» электр энергиясының артығы Қазатомөнеркәсіп жұмыс істейтін өңірлердің тұрғындары мен кәсіпорындарының пайдалануы үшін жергілікті электр желілеріне беріледі.
Халықтың климаттық өзгерістерді жұмсарту үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту қажеттілігін түсінуін арттыру үшін Қазатомөнеркәсіптің еңбек ұжымдары мен еншілес ұйымдары жыл сайын «Жер сағаты», «Автокөліксіз күн» сияқты халықаралық бастамаларды қолдайды, сондай-ақ проблемаға назар аудару үшін өз іс-шараларын ұйымдастырады, ағаштар отырғызумен және аумақтарды көгалдандырумен айналысады.
Атмосфераға шығарындылар
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту Қазатомөнеркәсіптің табиғатты қорғау қызметінің маңызды аспектісі болып табылады. Компания үнемі технологиялық жетілдірулерді енгізу арқылы өз өндірісінің ауа сапасына теріс әсерін азайтуға тырысады.
Компанияда осы саладағы негізгі нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығы, сондай-ақ Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің әдістемесі болып табылады.
Топ кәсіпорындарында заманауи шаң мен газ ұстайтын қондырғылар қолданылады. Мысалы, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС аффинаж цехтарында АКЖП55 тесу пештерінен шығатын технологиялық газдарды шаңды ұстау және тазарту үшін импульстік керамикалық сүзгісі бар қондырғы (ИСҚ-45) сәтті пайдаланылуда. Жабдық атмосфераға радиациялық шаңның шығарылуын болдырмайды және атмосфераға жиынтық шығарындыларды 20%-ға қысқартады.
55 АКЖП – айналмалы көлденең жылу пеші.
2020 жылы қазбалы отыннан (көмір мен мазут) таза энергия көздерін (газ) пайдалануға көшу бастамасы аясында «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының Автошаруашылығы мен ауыстырып тиеу базасын газдандыру жұмыстары жүргізілді. Жаңғыртуға инвестициялар 37,9 млн теңгені құрады. Бұдан басқа, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне меншік құқығына берілуіне байланысты табиғи газды тұтыну көрсеткіші алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 2 000 000 мың м3-ге қысқарды. Бұл Компания бойынша NOx шығарындыларының жалпы көлемі көрсеткішінің шамамен 19%-ға – 2019 жылғы 0,118 мың тоннадан 2020 жылы 0,096 мың тоннаға дейін қысқаруына әкелді.
Жалпы 2020 жылы Топ бойынша ластаушы заттардың шығарындылары 1,5%-ға азайды – 2019 жылғы 1,248 мың тоннадан 2020 жылы 1,229 мың тоннаға дейін. Шығарындылардың (NOx, SOx, ұшпа органикалық қосылыстар және қауіптілігі 1-сыныпты заттар) азаюы COVID-19 пандемиясына байланысты өндірістік қызметтің төмендеуімен: кейбір уран өндіруші кәсіпорындарда құрылыстың тоқтатылуымен (шлам жинақтағыштар және басқа да объектілер құрылысы), қызметкерлердің көпшілігін қашықтан жұмысқа ауыстырумен, сондай-ақ қазандықтар мен стационарлық дизель электр станциялары үшін отын тұтынудың төмендеуімен, т.б. байланысты, өйткені жылы ауа райы жағдайында өнімді ерітінділерді өңдеу цехын (ӨЕӨЦ), спорт кешенін, жатақханаларды жылытуға қажеттілік болған жоқ.
Су ресурстары
Су Қазатомөнеркәсіптің негізгі өндірістерінде де, осмос қондырғыларының жұмысында да технологиялық процестің елеулі құрамдас бөлігі болып табылады, одан кейін деминерализацияланған су жергілікті қоғамдастықтардың мұқтаждықтары үшін сыртқы желіге жеткізілетін электр энергиясын алуға арналған шикізат болып табылады. Қызметтің кейбір аймақтарында Компания жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіпті сумен қамтамасыз етеді.
Компания БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қолдайды, соның ішінде 6 ТДМ – «Су ресурстарының болуын және ұтымды пайдаланылуын және барлығы үшін санитарияны қамтамасыз ету», сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес жүзеге асырады (66-бап). Бұдан басқа, су ресурстарын тиімді басқару Компанияның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясатын іске асырудың құрамдас бөлігі болып табылады, ол жергілікті қоғамдастықтармен, мемлекетпен және инвесторлармен өзара іс-қимылды жақсартуға да ықпал етеді.
Қазатомөнеркәсіптің су пайдалануға байланысты барлық қызметі су ресурстарын қорғау саласындағы рұқсат беру құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпорындарды сумен жабдықтау бөлек схема бойынша жүзеге асырылады: өндірістік-техникалық және ауыз су. Ауыз су сапасындағы жерасты суларының болмауына байланысты кәсіпорындарда ішуге және тамақ дайындауға әкелінетін су пайдаланылады. Суды тұтынуды су қабылдайтын құдықтардағы шығын өлшегіштер және су құятын жерлерде орнатылған су есептегіштері бақылайды.
Компанияның су қабылдағышы су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді. Қазатомөнеркәсіп осал, мемлекет қорғайтын, жергілікті қоғамдастықтар немесе биоалуантүрлілік үшін аса құнды деп танылған көздерден су алуды жүзеге асырмайды.
Алынатын судың жалпы мөлшерінің 82%-ы жер асты суларына келеді, жер үсті көздерінен судың 7%-ы алынады, бұл ретте жер үсті көздерінен су алудың жоспарлы қысқаруы байқалады – үш жыл ішінде жер үсті суын алу 17,8%-ға – 2018 жылғы 951,1 мың м3-ден 2020 жылы 781,4 мың м3-ге дейін қысқарды. Сонымен қатар есепті кезеңде 2019 жылмен салыстырғанда муниципалдық және басқа да сумен жабдықтау жүйелерінен алынатын су мөлшері 35%-ға – 836,6 мың м3-ден 1 131,1 мың м3-ге дейін ұлғайды. Бұл COVID-19 пандемиясына байланысты санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерге су тұтынудың артуымен байланысты.

Су қабылдағыштың құрылымы
Топтың бірқатар кәсіпорындарындағы табиғи көздерден су алуды азайту үшін жабық циклдар қолданылады. 2020 жылы бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су көлемі 63 029 мың м3 («Каустик» АҚ-ны ескере отырып-12 865 мың м3 және «СКЗ-U» ЖШС-44 461,2 мың м3) мың м3 құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 334%-ға артық.
Суды пайдалану нәтижесінде Топ кәсіпорындарында өндірістік, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар түзіледі. Кеніштердің сарқынды суларының төгінділері тазартылады және жинақтағыш тоғанға ағызылады. 2020 жылы кәсіпорындардың сарқынды суларды ағызу көлемі 5 239,4 мың м3 құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға аз.
Төгінділердің барлық көлемі тазартылды және ағызылатын судың сапасына қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес келді. 2020 жыл ішінде Топтың ЕТҰда төгінділердегі ластаушы заттардың лимиттерінен асып кетудің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
Өткізілген іс-шаралардың ішінде «Инкай» БК» ЖШС-де ағынды сулардың кәріз септиктерін тазарту бойынша регламенттеуші рәсімдердің өткізілуін атап өту қажет. Тазарту барысында 150 тонна тұнба тазартылды. Жүргізілген жұмыстар ағынды сулардағы шекті рұқсат етілген концентрациялардың артуын болдырмауға және су шығарудағы ластаушы заттардың артық болуын болдырмауға көмектесті.
Сарқынды су төгінділерінің көлемі, мың м3
Көрсеткіш | 2018 | 2019 | 2020 | Өзгеріс 2020-2019 |
---|---|---|---|---|
Сарқынды су төгінділерінің жалпы көлемі | 5 249,9 | 5 674,5 | 5 239,4 | -7,67% |
Жер асты суларының ластануы
ЖҰШ әдісін пайдалана отырып уран өндіру процесінде жер асты суларының ластану қаупі бар. Осы экологиялық тәуекелді азайту үшін Қазатомөнеркәсіптің барлық пайдаланылатын кеніштерінде кен орнының аймағы кен шоғырынан 500 метр радиустағы санитариялық аймақпен қоршалады. Кәсіпорындарда заңнамамен белгіленген барлық талаптарға сәйкес жер асты суларының жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
2020 жылы «Уранның жерасты және жерасты суларына ЖҰШ әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартын әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Стандартты бекіту және енгізу 2021 жылға жоспарланған.

Қалдықтармен жұмыс істеу
Қалдықтарды басқару – Қазатомөнеркәсіп үшін аса маңызды экологиялық аспектілердің бірі. Осы процесті сапалы бақылау үшін Компания қалдықтарды басқару жүйесін дамытады, қалдықтардың пайда болуы мен қозғалысының есебін үнемі жақсартады, қалдықтарды қайта пайдалануды ұлғайту үшін әлеуетті арттырады.
Топ қалдықтармен жұмыс істеу кезінде ұлттық заңнаманың талаптарын басшылыққа алады, ол кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және жою үшін барлық түзілген қалдықтардың түріне және құрамына қарай оларды бөлек жинауды қамтамасыз етуге міндеттейді. ЕТҰ-да контейнерлер мен металл сыйымдылықтарға арналған уақытша жабдықталған алаңдар айқындалған, олар қалдықтардың түрі, сондайақ олардың қауіптілік дәрежесі көрсетілген жақсы көрінетін айырым белгілерімен белгіленген.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы корпоративтік стандарттар:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның кәсіпорындарында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу қағидалары
- Радиоактивті қалдықтарды көму сәтіне дейін олармен жұмыс істеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында өнім бірлігіне қалдықтардың пайда болу нормативтерін есептеу әдістемесі
«Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-Ө бұйрығына (2013 жылғы 14 ақпандағы өзгерістер), сондай-ақ Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің әдістемесіне сәйкес ЕТҰ түзілген, пайдаланылған, залалсыздандырылған және мердігерлік ұйымдарға берілген қалдықтардың есебін жүргізеді. Ақпарат жинау тоқсан сайын ұсынылатын есептер негізінде жүзеге асырылады.

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік және коммуналдық қалдықтардың мынадай түрлері түзіледі:
- қатты және сұйық радиоактивті қалдықтар
- флюоритті мыс-молибден кенін өндіру кезіндегі аршу жыныстары
- ЖҰШ полигонында ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі бұрғылау шламдары
- плавик қышқылын өндіру кезіндегі фторлы гипс
- жылу энергиясын өндіру кезіндегі күл-қож қалдықтары
- коммуналдық қалдықтар
- пайдаланылған мұнай өнімдері
- автомобиль шиналары
Қалдықтарды басқарудың бекітілген бағдарламалары мен қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сәйкес мынадай іс-шаралар орындалуда:
- өңделген бұрғылау шламдарын радиоактивті емес бұрғылау шламдарына арналған полигондарға орналастыруға (қоймалауға) тұрақты бақылау жүргізіледі
- өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратуға тұрақты түрде уақтылы шығару орындалады
- кеніштер аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын бөлек жинау пункттері және уақытша сақтаудың арнайы орындары ұйымдастырылған
2020 жылы Қазатомөнеркәсіпте түзілген қалдықтардың жалпы саны 6%-ға өсіп, 1 129, 37 мың тоннаны құрады.
Қалдықтардың өсуіне есептік кезеңде жүргізілген келесі іс-шаралар әсер етті:
- Металл сынықтарының қалдықтары жойылды
- «Инкай» БК» ЖШС-де ағынды сулардың кәріз септиктерін тазарту бойынша регламенттеуші рәсімдерді жүргізу шеңберінде 150 тонна лай тұнбасы кәдеге жаратылды
- мердігерлік ұйымдар жүргізетін құрылыс және жөндеу жұмыстарының саны артты
- «РУ-6» ЖШС-де 272,50 тонна қатты төмен радиоактивті қалдықтар көмілді
- Бериллий және тантал өндірісі көлемінің ұлғаюы қосымша 18 760,14 тонна қалдықтардың (шламдардың, аршылған жыныстардың) түзілуіне әкелді)
- «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ы «Қаражал» кенішінде өндірістік қызмет салдарынан 71 747,66 тонна аршыма жыныстар пайда болды
2020 жылы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да бериллий өндірісінен сұйық өндірістік қалдықтарды (шламдарды) қабылдауға және № 2 картадан пульпаның ағартылған бөлігін буландыру арқылы қабылдауға және кәдеге жаратуға қажетті № 5 буландырғыш тоғанның 2-ші кезегінің құрылысы аяқталды. № 5 буландырғыш тоған (карта) пайдалануға беріледі:
- «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның қалдық қоймасына орналастырылатын сұйық өндірістік қалдықтар саны мен карта бетінен буланатын сұйықтық мөлшері арасындағы теңгерімге қол жеткізу
- № 2 картаны кейіннен қайта құру үшін табиғи құрғатуға аудару
Сондай-ақ «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да 2020 жылы 1С қалдық қоймасының картасын жабу жүргізілді. Карта аралас жер асты полимерлі экранмен жабылған, ол қатты қалдықтар арқылы жауын-шашынның инфильтрациясы арқылы жер асты суларының ластануын болдырмайды.
Қатты радиоактивті қалдықтар
Уран өндіру процесінде Топ кәсіпорындарында түзілетін қатты радиоактивті қалдықтар белсенділігі төмен деп сипатталады және радиация деңгейі бойынша қатты радиоактивті қалдықтармен қауіптілігі төмен болып табылады. Топтың өндіруші кәсіпорындары қатты радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату үшін арнайы бөлінген орындарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуды жүзеге асырады.
2020 жылы Топтың уран өндіруші кәсіпорындарының радиоактивті қалдықтарының (РАҚ) жалпы көлеміне ТРҚҚ-ның әртүрлі түрлерінің үлесі
ТРҚҚ-ның түрлері | РАҚ-тың жалпы көлеміне салым, % |
---|---|
Құм, құм тұндырғыштардың тұнбасы | 50 |
Төгілген жерден ластанған топырақ, бұрғылау шламы | 18 |
Иі қанған шайыр | 19 |
Ластанған жабдықтар, металл қалдықтары | 7 |
Арнайы киім, ЖҚҚ, шүберек, сүзгілер | 4 |
Пластикалық қалдықтар (құбырлар және т. б.) | 2 |
Шілде айында ESAP 2020 жылға арналған жол картасы аясында онлайн-форматта қоршаған ортаны қорғау мамандары үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның кәсіпорындарында өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбында семинар өтті.
Аталған іс-шараны Қазақстан ядролық университеті Қазатомөнеркәсіптің Өндірістік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп өткізді. Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына және халықаралық қаржы корпорациясының экологиялық стандарттарына, сондай-ақ озық халықаралық салалық тәжірибелерге (GIIP) сәйкес Топ кәсіпорындарында өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша білім мен дағдыларды меңгеру. Семинарға атом холдингінің 13 ЕТҰ-нан 33 тыңдаушы қатысты.
Энергия тиімділігі
ЖҰШ әдісімен уран өндіру энергияны көп қажет ететін процесс болып табылады, сондықтан Қазатомөнеркәсіп энергия тиімділігі жоғары жабдықты енгізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, өндірістік процестерді жаңғырту арқылы энергия тиімділігін арттыруға және өндірістің энерергосыйымдылығын азайтуға бағытталған.
Энергия тиімділігі мәселелерін басқару ISO 50001:18001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін барлық Топтың кәсіпорындарында енгізілген энергия менеджменті жүйелеріне негізделеді.
Энергия көздерін тұтыну және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Компания басшылығы үшін уран шығаруға жұмсалатын электр энергиясы шығысының жылдық жоспарлы үлестік нормаларынан асып кетуіне жол бермейтін ҚТК белгіленген.
Энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау үшін Топ кәсіпорындарында 5 жылда бір рет энергия аудиті жүргізіледі. Аудит нәтижелері Қазатомөнеркәсіптің өндіруші кәсіпорындары бойынша Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде пайдаланылады. Бұл жоспарды Компания жыл сайын Қазатомөнеркәсіптің 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жоспары шеңберінде құрастырады.
2020 жылы энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде нақты экономикалық тиімділік 910 млн теңге жоспардағы 847 млн теңгені құрады. Бірқатар кәсіпорындар бойынша жоспардың орындалмауы күрделі эпидемиологиялық жағдайдан туындаған төтенше жағдайға байланысты. COVID-19 пандемиясы және енгізілген карантиндік шаралар өндірілетін жұмыстардың қысқаруына, энергия үнемдеу іс-шараларын жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен материалдардың уақтылы жеткізілмеуіне әкелді.
2020 жылы Қазатомөнеркәсіпте энергия тұтыну 78%-ға қысқарды. Бұл «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне меншік құқығына ауысуына байланысты. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қарашадағы №851 қаулысы) осылайша табиғи газды тұтыну 2 млрд мM3-ден астамға қысқартылды.
Энергияны тұтыну56, мың ГДж
Көрсеткіш | 2018 | 2019 | 2020 | Өзгеріс 2020-2019 |
---|---|---|---|---|
Жылу энергиясы | 11 551 | 11 628 | 887 | -92% |
Электр энергиясы | 5 766 | 5 257 | 2 849 | -46% |
Энергияны тұтынудың барлығы | 17 317 | 16 885 | 3 737 | -78% |
56 Отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды есептеу «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің есебінсіз жүргізілді.
Бастапқы энергия көздерін пайдалану, мың ГДж57
Түрі | 2018 | 2019 | 2020 | Өзгеріс 2020-2019 |
---|---|---|---|---|
Жаңартылмайтын: | ||||
Көмір | 2,5 | 1,8 | 2,6 | 44% |
Отын (бензин, мазут, дизель) | 170 | 155 | 130 | -16% |
Жаңартылатын: | ||||
Сутек | 5,8 | 3,7 | 5,0 | 36% |
57 ГДж ауыстыру үшін келесі коэффициенттер қолданылды: 1 тонна көмір = 4.22 ГДж; 1 тонна отын = 4.19 Гдж; 1 гигакалория жылу энергиясы = 4.186 ГДж; 1 киловатт/сағ электр энергиясы = 0.0036 ГДж; 1 м3 сутегі = 0.010865 ГДж
Сутекті «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі ұнтақтарды қалпына келтіру және таблеткаларды күйдіру пештерінде қалпына келтіру атмосферасын жасау үшін пайдаланады. 2020 жылы 5,0 мың ГДж пайдаланылды, бұл 2019 жылға қарағанда 1,3 мың ГДж-ға артық – 3,7 мың ГДж. Сутекті тұтынудың артуы 2019 және 2020 жылдардағы өнім шығару ерекшеліктерінің сандық және сапалық айырмашылығымен байланысты.
Энергия сыйымдылығы58
Көрсеткіш | 2018 | 2019 | 2020 | Өзгеріс 2020-2019 |
---|---|---|---|---|
Өнім өндіруге, шикізатты өндіруге және қайта өңдеуге электр энергиясын тұтыну, мың ГДж | 1 854 | 1 943 | 1 773 | -8,4% |
Өнім өндіру, шикізат өндіру және қайта өңдеу, тоннан | 21 699 | 22 761 | 19 587 | -13,9% |
Меншікті энергия сыйымдылығы, мың ГДж / т | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 5,9% |
58 «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС, «ЗАРЕЧНОЕ» БК» ЖШС, «АППАҚ» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «Қаратау» ЖШС, «ОТХК» ЖШС, «КАТКО» БК ЖШС, «Семізбай» ЖШС, «Инкай» БК ЖШС кәсіпорындары бойынша деректер.
Баламалы энергетика
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында отын-энергетика ресурстарының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік беретін және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ықпал ететін мынадай баламалы энергия көздері пайдаланылады:
- фотоэлектр станциялары (ФЭС)
- гелион қыздырғыштар (немесе күн су жылытқыштары)
- жылу сорғы қондырғылары (ЖСҚ)
Компанияның 2020 жылы баламалы энергия көздерін пайдаланудан әсері, мың теңге
Компания үнемі өз кәсіпорындарында энергияның жаңа балама көздерін қолдану мүмкіндіктерін іздейді. Осылайша 2020 жылы «Renovatio Central Asia» ЖШС компаниясымен энергияны сақтау үшін аккумуляторлық батареяларды жеткізуге қатысты кездесу өтті. Аталған компания Қызылорда облысында жобалық қуаты 120 МВт күн электр станциясының жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. 2020 жылдың екінші маңызды оқиғасы «Энергияны жинақтау жүйесі» жобасы бойынша «OnEnergy» компаниясымен кездесу болды, оның нәтижесінде электр энергиясын жинақтау жүйесінің алдын ала ТЭН-ін әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Уранэнерго» ЖШС-ның энергиялық тиімді шешімдерді белсенді енгізуде. «Нақты уақыт режимінде күштік трансформаторлар мониторингі» жобасы шеңберінде 2020 жылдан бастап «Уранэнерго» ЖШС жоғары вольтты қосалқы станцияларындағы трансформаторлардың жағдайы мен есептілік үдерістерін автоматтандыру бойынша поляк «RedNT» компаниясымен жұмыс жүргізілуде. Жоба кәсіпорынға трансформатордың май температурасы мен орамалары, ауа ылғалдылығы, ішкі қысым, газ және ылғалдылық деңгейі сияқты маңызды параметрлерін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жоба «РУ-6» ЖШС-де іске асырылды. Сондай-ақ «Уранэнерго» ЖШС өкілдері «Power Monitoring Expert» жобасы бойынша «General Electric» компаниясымен кездесу өткізді, ол диспетчерлік қызметтердің жұмысын оңтайландыруға және есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Электрмен жабдықтау сенімділігінің проблемалық мәселелерінің бірі климаттық әсерлерден туындаған электр берудің әуе желілерін (ӘЖ) ажырату болып табылады: найзағайдың артық кернеулері, жел және көкмұз жүктемелері. Бұл ретте көкмұз және жел жүктемелерінің үйлесуі ӘЖ-дегі технологиялық бұзылулардың (үзілістің, қабаттасудың, сымдардың қызып кетуінің) неғұрлым ауыр салдарларын тудырады, олар электр энергиясы сапасының техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді.
2019 жылы осы мәселенің ең тиімді шешімдерін іздеу жүргізілді және «Метеор зауыты» АҚ-ның ресейлік компаниясының өкілдерімен «Уранэнерго» ЖШС 110 кВ ӘЖ-де көкмұз жүктемелерін бақылаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату туралы келіссөздер жүргізілді (оған көкмұз түзілуін және жел, көкмұз жүктемесі мен сымдар температурасының датчиктерін бақылау бекеті кіреді). Зауыт өкілдері ӘЖ-нің неғұрлым проблемалы учаскелерінің жүктемелерін қарап, өлшеді. 2020 жылы «Уранэнерго» ЖШС-ы «Метеор зауыты» АҚ-мен шарт жасасты, оған сәйкес осы жүйені ӘЖ-110 кВ орнату және қосу жүргізілді.
КБұл жүйеге «KEGOC» АҚ-ы компаниясының өкілдері қызығушылық танытты және 2021 жылы «Метеор» зауыты» АҚ және «KEGOC» АҚ-ы компанияларының өкілдерімен осы технологияларды осы кәсіпорындарда енгізу үшін келіссөздер жүргізілді.

Фотосуреттің авторы: Ринат Хайбулин, «КАТКО» БК ЖШС
Биоалуантүрлілік
Қазатомөнеркәсіптің қоршаған ортаны қорғау саласындағы басты міндеттерінің бірі биоалуантүрлілікті сақтау және өндірістік қызметті жүзеге асыру орындарында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану болып табылады. Кен орындарын игергеннен кейін Компания уран өндірудің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға толық жауапты болады.
Топтың меншігіндегі, жалға алған және басқаруындағы жердің жалпы ауданы 114 942,95 га құрайды, Қазатомөнеркәсіптің уран кен орындарының аумағында қорықтар немесе басқа да ерекше қорғалатын табиғи объектілер жоқ. Сонымен қатар Компания қолданыстағы биоалуантүрлілікті сақтау үшін уран кен орындары аумағындағы флора мен фаунаның жай-күйін зерттеуге күш салуда.
ASAP жол картасын іске асыру шеңберінде 2019 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп тау-кен әзірлемелері қызметінің тіршілік ету ортасына, өсімдіктерге және жануарлардың қорғалатын түрлеріне әсер ету деңгейін айқындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. 2019 жылы орындалған жұмыстардың бір бөлігімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы біріктірілген Жылдық есебінің «Биоалуантүрлілік» бөлімінде танысуға болады.
2020 жылы Қазатомөнеркәсіптің уран кен орындарындағы экологиялық жағдайды бағалау және биоалуантүрлілікті бағалау жөніндегі зерттеулер жалғастырылды:
- «Инкай» БК» ЖШС аумағында өсімдіктерді, жабайы жануарларды, мал жаю орындарын зерттеу бойынша зоолог және ботаник экспедициясы жүргізілді
- Тау-кендік жер аумағында топырақ жамылғысының, өсімдіктердің картасы, жануарлардың тіршілік ету мүмкіндігінің картасы жасалды
- Экспедиция кезінде табылған өсімдіктер мен жануарлар туралы аралық есеп жасалды
- Жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің популяциясын зерттеуге ыңғайлы болу үшін тау-кендік жер телімінің барлық аумағы трансектілерге бөлінген
- Барлық трансект бақылау нүктелері ГИС дерекқорына енгізілген және олардың орналасқан жері әсер ету объектілеріне қатысты карталарда көрсетілген
Биоалуантүрлілікті зерттеу жұмыстары құстар мен сүтқоректілердің қоныс аударуына байланысты маусымдық зерттеулерге сәйкес тіршілік ету ортасын дәлірек контурлау және сезімтал экожүйелерді анықтау үшін жалғасуда. Зерттеудің аяқталуы 2021 жылға жоспарланған.
2020 жылы Оңтүстік Қазақстанның уран өндіруші кеніштеріне іргелес аумақтарға кешенді экологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер қоршаған орта объектілері мен жергілікті халыққа ықтимал техногендік және кумулятивтік әсерлерді анықтау үшін кеніштердің жер бұрғыштары аумағында және олардан 10 км радиуста жүргізілді.
Зерттеу барысында мыналар жүзеге асырылды:
- Қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан кәсіпорындардың өндірістік қызметіне талдау жасалды
- Атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының экологиялық жай-күйінің қолда бар фондық деректері талданды, топырақтың типтері, жер асты су тұтқыш жиектердің құрылымы, флора мен фаунаның түрлік құрамы зерттелді
- Топырақ жамылғысының, жер үсті және жер асты суларының, атмосфералық жауын-шашынның экологиялық жай-күйі бойынша жаңа деректер жиналды. Алғаш рет ГТП-да топырақтың микробиоценозы мен фитоуыттылығы бойынша зерттеулер жүргізілді
- Қоршаған орта объектілеріне әсер етудің әлеуетті арналары айқындалды және экологиялық тәуекелдердің бастапқы тізбесі жасалды
Нәтижесінде кәсіпорындардың өндірістік қызметінің шетелдегі қоршаған орта объектілеріне әсері санитарлық-қорғау аймағы белгіленбеген деген қорытынды жасалды. Жүргізілген зерттеулер алғашқы кешенді болып табылады және жүргізілген кезеңдегі қоршаған орта жағдайының көрсеткіштерін көрсетеді.
2020 жылы Қазатомөнеркәсіп «Уран кен орындарында, өндірістік объектілерде және оларға іргелес аумақтарда биоалуантүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартын әзірлеу бойынша жұмыстарды бастады.
2020 жылғы 22-23 қыркүйекте Қазатомөнеркәсіптің ESAP жол картасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған өзектендірілген іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қазақстандық ядролық университет Қазатомөнеркәсіптің Өндірістік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп «Уран кен орындарындағы биоәртүрлілікті бағалау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Қазатомөнеркәсіптің 14 ЕТҰ-ның 31 өкілі қатысты. Дәріскерлер ретінде Қазатомөнеркәсіптің Өндірістік қауіпсіздік департаменті Қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздік бөлімінің бас сарапшысы Самат Қайрамбаев және Қазақстанның биоалуантүрлілігі бойынша БҰҰДБ сарапшысы, биолог, зоолог, Орталық Азияның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары бойынша IUCN сарапшысы Константин Плахов дәріс оқыды.
Курс биоалуантүрлілік саласында білім алуға және оны сақтау мәселелерін зерттеуде практикалық дағдыларды алуға, биоалуантүрлілікті талдау және бағалау әдістерін игеруге және оларды экологиялық мониторинг үшін қолдануға, биологиялық әртүрлілікті қалпына келтірудің негізгі стратегияларын ескере отырып сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адамның табиғи ортамен тұрақты өзара әрекеттесуіне бағытталған.
Фотосуреттің авторы: Ринат Хайбулин, «КАТКО» БК ЖШС
Кен орындарын игергеннен кейін Компания уран өндірудің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға толық жауапты болады. Заңнамалық талаптарға сәйкес, Қазатомөнеркәсіп кен орнын пайдалану аяқталғанға дейін үш жыл бұрын жою жобаларын, оның ішінде жоюға жататын жер қойнауын пайдалану салдары, флора мен фаунаны толықтыру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды учаскенің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы мәліметтерді қамтитын жою жобаларын әзірлейді. Кен орындарын жою жоспарлары жерді рекультивациялаудан кейін де жүргізілетін жұмыстар кешенін де қамтиды (гидробионттардың, өсімдіктердің, микрофлораның және жануарлардың жай-күйіне мониторинг). 2020 жылы «Аппақ» ЖШС жер қойнауын пайдалану салдарының қызметін жою жоспары өзектендірілді, онда жою жұмыстары құнының сметалық есептері ұсынылған.
Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаға әсерді болжау мен мониторингілеуді жақсарту және кеніштерді жабуды жоспарлау жөніндегі міндеттерді іске асыру шеңберінде экологиялық сараптаманы жетілдіруді жалғастыруда. 2020 жылы Экологиялық жобалау және мониторинг орталығы «Уран өндіруші кәсіпорындарды жою кезінде рекультивациялау және экологиялық мониторинг бойынша жұмыстардың құнын есептеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартын әзірлеуді аяқтады.
«Кәсіпорындарды жоюға арналған ағымдағы шығындарды тұрақты талдау (ARO міндеттемелерін бағалау) бойынша жоюдың сметалық құнын есептеу және рәсімдер жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» стандартының жобасы әзірленді және келісуде тұр, ол жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен уран өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жоспарын әзірлеуге және шығындарды тұрақты өзектілендіру (ARO міндеттемелерін бағалау (Asset Retirement Obligations) бойынша рәсімдерді қоса алғанда, жою және рекультивациялау жұмыстарының сметалық құнын есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандартқа қосымша өндіруші ЕТҰ өндірістік объектілерін жабу өлшемшарттарының тізбесін қалыптастыру бойынша тәсілдерді айқындайтын құжат әзірленді.
ЕТҰ Топтары жасыл желектерді қалпына келтіру және топырақты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2020 жылы «Инкай» БК» ЖШС-ның қызметкерлері 258-ден астам ағаш отырғызды, қарқынды шөлейттенудің алдын алу және топырақты нығайту үшін екі гектарға сексеуіл тұқымын себу жүргізілді. Жыл сайын екі гектар аумаққа тұқым себу салдарынан 2021 жылға қарай кен орны аумағының 24 гектары қаңырап бос қалудан сақталатын болады.
2020 жылдың 4 тоқсанында «КАТКО» БК ЖШС кеніштерінде биоәртүрлілікті бағалау бойынша науқан жүргізілді. Науқан аясында «Кеніштердің табиғаты қызметкерлердің көзімен» атты жарқын конкурс өткізілді: бірнеше ай бойы қызметкерлер кәсіпорынның байланыс қызметіне кен орнында түсірілген флора мен фаунаның көркем фотосуреттерін ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланып, олардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фотосуреттің авторы: Ринат Хайбулин, «КАТКО» БК ЖШС

Фотосуреттің авторы: Ринат Хайбулин, «КАТКО» БК ЖШС