2020 жылы компания құндылықты құруды жалғастыра отырып, көбінесе даму стратегиясын тәртіпті нарықтық тәсілдемені ұстануды, келісімшарттар портфелін әртараптандыруды және жаһандық нарықтарда уранның болуын үйлестіруді дәйекті іске асырудың, қызмет тиімділігін арттыру, шығындарды тежеу және қызметтің негізгі түрі ретіндегі уран өндіруге назарды сақтау бойынша тұрақты емес жұмыстың арқасында өз міндеттемелерін орындады.
06
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ШОЛУ

Топ қызметінің нәтижелеріне әсер ететін маңызды факторлар

Жаһқанды сын-қатерлерге қарамастан, «Қазатомөәнерксіп» ҰАК» АҚ тұрақты өндірістік және ққаржылы нәтижелерді генерациялауды жалғастыруда, бұл компанияға қуаттарды дамытуға, еңбек пен қғоршаан ортаны қғғорауа, стратегиялық маңызды активтерге белсенді инвестициялауға мүмкіндік береді.

2020 және 2019 жылдардағы Топ қызметінің нәтижелеріне әсер еткен және компанияның болжамдары бойынша болашақта топ қызметінің нәтижелеріне әсер етуді жалғастыратын елеулі факторлар мыналарды қамтиды:

  • табиғи уранды сату үшін алынған баға және уран өнімі бағасының өзгеруі
  • активтер құрылымындағы өзгеріс
  • валюта бағамдарының өзгеруінің әсері
  • пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтарды қоса алғанда, салық салу
  • күкірт қышқылының құны және қолда бар болуы
  • пандемияға байланысты бағаның өзгеруі және аса маңызды операциялық материалдардың болуы
  • қорларды бағалаудағы өзгерістердің әсері
  • еншілес кәсіпорындармен, БК, БО және қауымдасқан кәсіпорындармен мәмілелер

Табиғи уранды сату және уран бағасының өзгеруі үшін алынған баға

GRI 102-10

Топтың негізгі өнімі болып табылатын U3O8-дің споттық нарықтық бағасы Топтың кірісіне айтарлықтай әсер етеді. Топтың кірісінің көп бөлігі U3O8-ді спот бағасына сілтеме жасайтын баға келісімшарттары бойынша сатуға түседі. Споттық бағаларға қосымша Топтың сатудағы тиімді бағасы осы кезеңдегі келісімшарттар портфеліндегі белгіленген баға құрауышы бар келісімшарттар үлесіне байланысты болады. Тиісінше әрбір қарастырылатын кезеңдегі сатудың орташа бағасы спот нарығының бағасынан өзгеше болуы мүмкін. Споттық нарықтағы бағалардың сатудың орташа бағасына әсері туралы барынша толық ақпарат «Уранды өткізу бағалары бойынша сезімталдықты талдау» бөлімінде берілген.

Төмендегі кестеде көрсетілген кезеңдердегі орташа спот бағасы және U3O8 фунты үшін сатудың орташа бағасы көрсетілген.

Орташа апталық споттық бағасы және U3O8 фунты үшін сатудың орташа бағасы

Көрсеткіш Өлшемб ірл. 2019 2020 Өзгеріс
Орташа апталық спот бағасы (U3O8 фунтына) 12 АҚШ долл. 25,84 29,60 15%
теңге 9 892 12 236 24%
Топтың сатудағы орташа бағасы (U3O8 фунтына) АҚШ долл. 26,60 29,54 11%
теңге 10 184 12 210 20%
Қазатомөнеркәсіпті өткізудің орташа бағасы (U3O8 фунтына) АҚШ долл. 26,89 29,63 10%
теңге 10 294 12 247 19%

2020 жылы уранның бағасына әсер еткен ерекше нарықтық үрдістерге қатысты қосымша ақпаратты корпоративтік веб-сайтта орналасқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы 4-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері» есебінде көруге болады.

12 Дереккөз: UxC Деректері.

Топ құрамындағы өзгеріс

2020 және 2019 жылдары Топ есептілік кезеңнің нәтижелеріне аайтарлықтай әсер еткен бірнеше мәмілелерді аяқтады.

2020 жылы:
  • 2020 жылғы 17 наурызда Топ Қазатомөнеркәсіпке тиесілі «Уранды байыту орталығы» АҚ-дағы үлесінің 50%-ын (минус бір акция) осы бірлескен кәсіпорын бойынша серіктесі – ТВЭЛ-ге сату бойынша «ТВЭЛ» АҚ-мен мәмілені аяқтады. Топ «Уранды байыту орталығы» АҚ-ның бір акциясын өзінде қалдырады, ол топтың ТВЭЛ-мен алдын ала келісілген шарттарға сәйкес уранды байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізу құқығын сақтайды. Мәміле сомасы 6 253 жылғы 31 желтоқсанда белгіленген бағам бойынша 2019 миллион ресей рублін немесе 90 миллион еуроны құрады. Нақты алынған сыйақы 90 млн еуроны (43 858 млн теңгеге балама)
2019 жылы:
  • 2019 жылғы ақпанда «Хорасан-U» БК» ЖШС-ның қатысушылары байқау кеңесінде көпшілігі Топқа дауыс берген құрылтай құжаттарының өзгерістерін бекітті. Нәтижесінде Топ «Хорасан-U» БК» ЖШС-ны бақылай алатын болды. Топ «Хорасан-U» БК» ЖШС-ны 2019 жылдың 1 наурызынан бастап шоғырландыра бастады
  • 2019 жылы «Хорасан-U» БК» ЖШС-ның сатып алынған активтері мен міндеттемелерінің әділ құнын бағалау аяқталды және Топ 2019 жылы кірістер мен шығындар туралы есепте ескерілген 54,6 млрд теңге сомасында кіріс алды

Еншілес кәсіпорындардың, БК, БО, қауымдасқан кәсіпорындардың және Топтың басқа да инвестицияларының жалпы саны 2019 жылғы 42-ден 2020 жылы 39-ға дейін қысқарды.

Валюта бағамдарының өзгеру әсері

Топтың валюта бағамдары ауытқуының әсеріне ұшырауы сатуды, сатып алуды жүзеге асырумен және шетел валютасындағы қарыздарды тартумен байланысты. Топтың негізгі ақша ағындары АҚШ долларымен көрсетілген, өйткені:

  • уран АҚШ долларымен бағаланады, сондықтан Топтың сатудан түскен шоғырландырылған түсімнің басым бөлігі АҚШ долларымен (2020 жылы – 91%; 2019 жылы – 88%) жинақталады
  • Компания уран және уран өнімін өз БК және қауымдасқан кәсіпорындарынан АҚШ долларында көрсетілген U3O8 споттық нарығындағы басым бағаларға сүйене отырып айқындалған бағалар бойынша теңгемен көрсетілген келісімшарттарға сәйкес сатып алады
  • Топ қарыздарының елеулі үлесі негізгі кірістердің валютасы болып табылатын АҚШ долларымен (85% – 2020 жылы; 88% – 2019 жылы) деноминацияланған

Операциялық, өндірістік және күрделі шығындарды қоса алғанда, Топ шығыстарының едәуір бөлігі теңгемен көрсетілген. Осылайша Топ кірістерінің басым бөлігі АҚШ долларымен, ал оның шығыстарының басым бөлігі теңгемен көрсетілгендіктен, Топқа, әдетте, АҚШ долларының теңгеге қатысты нығаюы тиімді болады, бұл кейіннен Топтың қаржылық нәтижелеріне оң әсерін тигізеді. Алайда Топтың АҚШ долларымен көрсетілген несиелік міндеттемелері болғандықтан, АҚШ долларын нығайтудың оң әсері ішінара немесе толығымен теңестірілуі мүмкін. Бұдан басқа, Компания уран өнімін өзінің бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарынан теңгемен көрсетілген келісімшарттар бойынша споттық нарықтық баға бойынша сатып алады, ол өз кезегінде АҚШ долларымен көрсетіледі. Осылайша АҚШ долларының едәуір нығаюы осындай келісімшарттар бағасының теңгемен тиісінше өсуіне алып келеді.

Топ мүмкіндігінше валюталық мәндегі төлемдердің валюталық мәндегі ақша ағындарының көрсеткіштерімен арақатынасын бақылай отырып, валюталық бағамдардың ауытқу тәуекелдерін теңестіруге тырысады. Осы арақатынастың арқасында Топ туынды қаржы құралдарын пайдаланбай табиғи хеджирлеуге қол жеткізеді.

2020 жылы теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 375,87 теңгеден 448,52 теңгеге дейінгі диапазонда болды. 2020 жылдың соңында теңгенің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) АҚШ долларына шаққандағы бағамы 420,71 теңгені құрады. Валюта бағамдарының ауытқуының әсері Топтың 2020 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай оң әсер етті. Топтың 2020 жылғы бағамдық айырма бойынша кірісі 3 759 млн теңгені құрады.

Төмендегі кестеде 2020 және 2019 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚҰБ деректеріне сәйкес жыл кезеңіндегі және соңындағы орташа айырбас бағамдары теңге/АҚШ доллары келтірілген.

Жыл кезеңіндегі және соңғ?ындаы орташа айырбас бағамдары, теңге / АҚШ

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2019 2020 Өзгеріс
Кезең ішіндегі орташа айырбас бағамы 13 теңге/АҚШ долл. 382,87 413,36 8%
Кезеңнің соңындағы айырбас бағамы теңге/АҚШ долл. 381,18 420,71 10%

13 Орташа курстар әр күнтізбелік күн үшін күнделікті айырбастау бағамдарының орташа мәні ретінде есептеледі.

Салық салу және пайдалы қазбаларды өндіру салығы («ПҚӨС»)

Қазақстандағы ПҚӨС өндірудің өндірістік өзіндік құнына байланысты салық салынатын шығыстарға 29% мөлшерінде есеп айырысу салығын есептеу жолымен айқындалады (формула негізінде – төмендегі кестені және сілтемені қараңыз). Салық салынатын шығыстар пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты барлық тікелей шығыстарды, оның ішінде кезең ішінде тау-кен-дайындық жұмыстарын өтеуді және өндіру жөніндегі қызметпен тікелей байланысты кез келген басқа да амортизациялық аударымдарды қамтиды, бірақ қайта өңдеуге арналған шығындарды, жалпы және әкімшілік шығыстарды болдырмайды. ПҚӨС жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша жеке есептеледі. Осылайша нәтижесінде алынған ПҚӨС сомасы өндірілетін өнімнің өзіндік құнына тікелей байланысты болып келеді.

Келесі кестеде көрсетілген жылдардағы Топтың салықтары берілген:

Топтың есептелген салықтары, млн. теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Корпоративтік табыс салығы 14 43 948 65 492 49%
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық 15 22 916 20 110 (12%)
Басқа салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер 16 60 335 55 490 (8%)
Жалпы есептелген салық 127 199 141 092 11%

14 Қолданыстағы мөлшерлеме: 20%; есеп айырысу: пайдаға салынатын салық ставкасына көбейтілген салық салынатын табыс (салық есептілігі негізінде).

15 Қолданыстағы мөлшерлеме: өнімді ерітіндідегі уран құны үшін 18,5%; есептеу: салықты есептеу өндіру құнына жүзеге асырылады және кейбір шығыстар бойынша пайданың 20 пайыздық маржасына және ПҚӨС 18,5% ставкасына негізделген. 29% мөлшерінде салықты есептеу мынадай формула бойынша айқындалады: (1 + 20%) × 18,5% ÷ (1 – (1 + 20%) × 18,5%).

16 Мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, әлеуметтік салық, бюджетке төленетін басқа да төлемдер, ҚҚС және ЖТС (ЖТС бойынша Компания салық агенті болып табылады) қамтиды.

Есептелген салықтардың жалпы сомасы 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда, негізінен корпоративтік табыс салығының ұлғаюы есебінен 11%-ға ұлғайды. Өсім уранға арналған споттық бағалардың неғұрлым жоғары болуы және АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуі есебінен салық базасының ұлғаюына, сондай-ақ шоғырландырылатын компаниялар мен БО өндірген уран үлесінің ұлғаюына байланысты.

Мұндай уранды сату кезінде сатудың өзіндік құны негізінен өндірістің өзіндік құны болып табылады. «Уранды байыту орталығы» АҚ-ның 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сатуы салық салу базасына бір реттік әсер етті. ПҚӨС және басқа да салықтардың төмендеуі негізінен 2020 жылы уран өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты.

Күкірт қышқылының құны мен қолжетімділігі

ЖҰШ әдісімен уран өндіру үшін күкірт қышқылының көлемі әжептәуір болуы қажет. Күкірт қышқылының болмауы Топтың өндіріс кестесін бұзуы мүмкін, ал күкірт қышқылы бағасының өсуі Топтың пайдасына теріс әсер етуі ықтимал.

Топ төлейтін күкірт қышқылы үшін тоннаның орташа өлшенген бағасы 2020 жылы тоннасына 22 203 теңгеге дейін өсті (2019 жылы тоннасына 21 304 теңгеден). 2020 жылы күкірт қышқылына жұмсалатын шығындар Топтың уран өндіруші кәсіпорындарының өндірістік өзіндік құнының шамамен 13%-ын құрады.

Пандемияға байланысты бағаның өзгеруі және аса маңызды операциялық материалдардың болуы

ЖҰШ әдісімен уран өндіру белгілі бір маңызды өндірістік материалдар мен компоненттердің импортын талап етеді. Бұл позицияларды не Топ тікелей Қазақстанға импорттайды, не Топ осындай материалдарды сатып алатын жергілікті өнім берушілер импорттайды. Пандемияға байланысты жаһандық көлік шектеулеріне және кейбір елдер енгізген экспорттық шектеулерге байланысты Топ құбырлар мен сорғылардың белгілі бір түрлері сияқты кейбір негізгі материалдарға кідірістерге және/немесе шектеулі қолжетімділікке тап болды.

Кейбір жағдайларда жеткізілім мен қолжетімділіктің шектеулері қажетті пайдалану материалдарын сатып алу шығындарының өсуін туындатты, бұл өндіріс шығындарының аздап өсуіне әкелді және кірістілікке теріс әсер етті. Басқа жағдайларда белгілі бір материалдарға қол жеткізу толықтай мүмкін болмай, өндіріс үшін жоғары тәуекелге алып келді. Бүгінгі күні бұл тәуекел үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар арасында ағымдағы қорларды қайта бөлу есебінен төмендеді. Дегенмен егер Топ өзінің барлық кәсіпорындары үшін маңызды материалдарды жеткілікті сатып ала алмаса, бұл жоспарланған өндіріс кестесіне әсер етуі мүмкін.

Қорларды бағалаудағы өзгерістердің әсері

Топ қорлар мен ресурстарды JORC кодексіне сәйкес, білікті үшінші тарап тарапынан есеп айырысуларды бағалауды қоса алғанда, жыл сайынғы негізде бағалайды. Нәтижесінде қорлар мен ресурстар жыл сайын қолданыстағы стандарттарға сәйкес қайта сыныпталуы мүмкін. Мұндай қайта жіктеу Топтың қаржылық есептілігіне әсер етуі ықтимал. Мысалы, егер қайта сыныптау Топ жоспарлаған кенішті игеру мерзімінің өзгеруіне әкеп соқтырса, бұл амортизациялық шығыстарға, құнсыздануға арналған шығыстарға, сондай-ақ әдетте кенішті игеру мерзімі өткеннен кейін туындайтын кенішті жоюға арналған шығыстарға барынша әсер етуі мүмкін.

Еншілес компаниялармен, БК, БО және қауымдасқан кәсіпорындармен мәмілелер

Компания U3O8‑ді өзінің еншілес кәсіпорындарынан, БО-дан, БК-ден және қауымдасқан кәсіпорындарынан негізінен қолданылатын нарықтық дисконттарды ескере отырып, споттық баға бойынша сатып алады. Жиі сатып алынатын U3O8 көлемдері компанияның тиісті сату кәсіпорындарындағы қатысу үлесіне сәйкес келеді.

Топтың уран сегментінен түсетін кірісі негізінен екі ағыннан тұрады:

  • Сатып алынған U3O8 (БК және қауымдасқан кәсіпорындар) сату, және
  • Компания және оның шоғырландырылған еншілес компаниялары мен серіктестіктері шығарған меншікті U3O8‑ді сату

Сатып алынатын уранды сатудың өзіндік құны БК және қауымдасқан кәсіпорындардан сатып алу бағасына тең, ол негізінен тиісті дисконттары бар басым споттық баға болып табылады. Тиісінше БК және қауымдасқан кәсіпорындар нәтижелерінің үлесі Топ пайдасының едәуір бөлігін құрайды және оны топтың қаржылық нәтижелерін бағалау кезінде ескеру қажет. 2020 жылы U3O8 спот бағасының 4,07% мөлшеріндегі орташа дисконтты ескере отырып сатып алынды.

Компания, шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар мен БО өндірген меншікті уранды сату кезінде сатудың өзіндік құны негізінен өндірістің өзіндік құнынан тұрады. Мұндай сатулар үшін уран өнімінің толық маржасы уранды экспортқа өткізуді ескере отырып, Топтың шоғырландырылған нәтижелерінде көрсетіледі.

Келесі кестеде көрсетілген кезеңдерде Компания сатып алған көлемдер берілген:

Компания сатып алған U3O8 көлемі, тонналар

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
БК және қауымдасқан кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 3 050 2 676 (12%)
БО-дан және еншілес кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 11 010 8 586 (22%)
Жиыны 14 060 11 262 (20%)

БК, БО, қауымдасқан және еншілес кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 көлемі 2020 жылы 11 262 тоннаны құрады. 2019 жылы 14 060 тоннамен салыстырғанда 20%-ға төмендеу негізінен U3O8 өндірісі көлемінің 100% негізде де, қатысу үлесіне пропорционалды түрде де төмендеуімен туындады.

Жоғарыда көрсетілген көлемдерден басқа, Компания (оның THK еншілес сауда компаниясын қоса алғанда) көлемдерді үшінші тараптардан әртүрлі бағалар бойынша сатып алады.

Қызметтің түйінді көрсеткіштерін талдау

Шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштер

Осы бөлімдегі барлық салыстырулар 2020 жыл мен 2019 жылдың 12 айының негізінде дайындалды. Төменде келтірілген кестеде 2020 және 2019 жылдардағы Топтың шоғырландырылған нәтижелеріне қатысты қаржылық ақпарат берілген:

Қаржылық көрсеткіштер, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Түсім 502 269 587 457 17%
Сатудың өзіндік құны (307 498) (319 624) 4%
Жалпы пайда 194 771 267 833 38%
Сату бойынша шығыстар (10 827) (14 352) 33%
Жалпы және әкімшілік шығыстар (32 024) (29 582) (8%)
Операциялық пайда 151 920 223 899 47%
Өзге де кіріс/(шығын), оның ішінде мынадай бір жолғы әсерлер: 61 924 21 159 (66%)
Бірлескен кәсіпорынға салынған инвестицияның істен шығуының нәтижесі (бір жолғы әсер) 17 - 22 063 100%
Бизнесті сатып алу нәтижелері (бір реттік әсер) 18 54 649 - -
Бірлескен операция бойынша міндеттемені есептен шығарудан түсетін кіріс (бір жолғы әсер) 19 16 995 - -
Қауымдасқан кәсіпорындар нәтижелеріндегі үлес 23 547 39 482 68%
БК нәтижелерінің үлесі 9 864 604 (94%)
Салық салынғанға дейінгі кіріс 247 255 285 144 15%
Табыс салығы бойынша шығыстар (33 506) (63 776) 90%
Таза пайда 213 749 221 368 4%
Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын жыл ішіндегі пайда 189 998 183 541 (3%)
Меншік иелеріне жатқызылатын акцияға таза пайда (базалық және ажыратылған) теңге/акция 20 733 708 (3%)
Түзетілген таза пайда (бір реттік әсерлерсіз) 142 105 199 305 40%
Түзетілген EBITDA көрсеткіші 21 248 719 325 734 31%
EBITDA көрсеткіші 22 (қатысу үлесіне пропорционалды) 22 217 266 295 465 36%

17 «Уранды байыту орталығы» АҚ-ның бірлескен кәсіпорнына инвестициялардың шығарылуының нәтижесі.

18 2019 жылы топ «Хорасан-U» БК ЖШС-ні біріктірудің әділ құны бойынша пайданы көрсетті.

19 БО бойынша міндеттемені есептен шығарудан түсетін табыс БО-дан 2018 жылғы сатып алынбаған уран көлеміне жатады, оны Топ әріптестерімен келісім бойынша келесі кезеңдерде сатып алуды жоспарламайды, осыған байланысты 2018 жылы танылған осы міндеттеме 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында есептен шығарылды.

20 Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын, шығарылған акциялар бөлімінен шығарылған акциялардың жалпы санына бөлінетін, ең жақын тұтас теңгеге дейін дөңгелектелген жыл ішіндегі пайда ретінде есептеледі.

21 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі.

22 Бұрын ол «түзетілген EBITDA (қатысу үлесіне пропорционалды)» ретінде анықталды. БК және Қауымдасқан кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесті шегергенде және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесі (әрбір есепті кезең ішінде оның болмашы әсеріне байланысты «Буденовское» БК ЖШС EBITDA қоспағанда), «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК, «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС түзетілген EBITDA көрсеткішіндегі бақыланбайтын үлесті шегергенде және «Хорасан-U» БК» ЖШС кез келген өзгерістерді шегергенде, EBITDA-ның топтың іске асырылмаған кірісі.

Шоғырландырылған түсім және басқа да қаржылық көрсеткіштер

Топтың шоғырландырылған түсімі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 587 457 млн теңгені құрады, бұл негізінен U3O8 спот бағасының өсуіне және 2020 жылы АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуі есебінен 2019 жылмен салыстырғанда 17%-ға ұлғайды. Бұл өсім 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы сату көлемінің аздап ұлғаюымен қолдау тапты.

Төмендегі кестеде 2020 жылмен салыстырғанда 2019 жылғы қызметтің негізгі бағыттары бойынша кірістер көрсетілген:

Шоғырландырылған түсім, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс Үлесі
2019 2020
Уран өнімі 23 438 518 529 196 21% 87% 90%
Бериллий өнімдері 19 717 21 866 11% 4% 4%
Тантал өнімдері 9 543 12 205 28% 2% 2%
Өзгелері 34 491 24 190 (30%) 7% 4%
Түсім жиыны 502 269 587 457 17% 100% 100%

23 UO2 ұнтағын және отын таблеткаларын өндіруді және сатуды қамтиды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты, сондай-ақ шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар мен компаниялардан өндірілген меншікті уран үлесінің ұлғаюы себебінен 2019 жылмен салыстырғанда 47%-ға ұлғайып, 223 899 млн теңгені құрады. Компания өндірген меншікті уранды сату кезінде сатудың өзіндік құны негізінен өндірістің өзіндік құнынан тұрады және Топтың шоғырландырылған нәтижелерінде уран өнімінің толық маржасы көрсетіледі.

2020 жылы таза пайда 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға ұлғайып, 221 368 млн теңгені құрады. 2020 жылы «Уранды байыту орталығы» АҚ-ы инвестициясының шығуынан 22 063 млн теңге мөлшерінде таза кіріс алынды. Осы бір жолғы әсерге түзетуді ескере отырып, 2020 жылы түзетілген таза пайда 2020 жылы операциялық пайданың өсуіне сәйкес 2019 жылғы түзетілген таза пайдамен салыстырғанда 40%-ға ұлғайып, 199 305 млн теңгені құрады. 2019 жылы бастапқы кезде 2018 жылы танылған 16 995 млн теңге сомасында БО бойынша міндеттемені есептен шығарудан кіріс алынды. Бұл кіріс Топ келесі кезеңдерде сатып алуды жоспарламаған 2018 жылы БО-дан сатып алынбаған уран көлеміне қатысты болды, осыған байланысты осы міндеттеме 2019 жылы есептен шығарылды. Сондай-ақ 2019 жылы «Хорасан-U» БК» ЖШС-ы Топ құрамына енгізілді, осы мәміле бойынша бір жолғы әсер 54 649 млн теңгені құрады.

Түзетілген EBITDA көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 31%-ға ұлғайып, 2020 жылы 325 734 млн теңгені құрады, ал EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың қорытындысы бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға ұлғайып, 295 465 млн теңгені құрады. Өзгерістер негізінен жоғары операциялық пайдаға, сондай-ақ БК мен қауымдасқан кәсіпорындардың EBITDA ұлғаюына байланысты болды.

Уран сегменті

Уран сегментінің қаржылық көрсеткіштері, егер өзгесі көрсетілмесе, млн теңгемен

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2019 2020 Өзгеріс
Кезең ішіндегі орташа айырбас бағамы теңге/АҚШ долл. 382,87 413,36 8%
Уран сегментінен түсетін түсім 24 437 160 527 936 21%
оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша) 25 424 756 521 594 23%
Уран өнімінен түсетін кірістердің үлесі % 85% 89% 5%

24 Бұл сегмент UO2 ұнтағын және отын таблеткаларын өндіруді және сатуды қамтымайды. Шоғырландырылған қаржылық есептіліктен «Сегменттік ақпарат» ескертпесі сыртқы түсімнің және уран сегменті бойынша басқа сегменттерден түскен түсімнің сомасы ретінде есептелген.

25 Уран сегментін өндіру және сату көрсеткіштері бөлімінен есептелген: сату көлемі U3O8 (шоғырландырылған) Топтың орташа сату бағасына көбейтілген теңге/кг.

U3O8 шоғырландырылған сатылымдары 2019 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайып, негізінен U3O8 споттық бағасының өсуіне, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне және 2020 жылы өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты сатудың орташа бағасының өсуі есебінен 2020 жылы 521 594 млн теңгені құрады.

Уран сегментін өндіру және сату көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2019 2020 Өзгеріс
Өндіріс көлемі U3O8 (100% негізінде) тонна 22 808 19 477 (15%)
Өндіріс көлемі U3O8 (қатысу үлесіне пропорционалды) 26 тонна 13 291 10 736 (19%)
Сату көлемі U3O8 (шоғырландырылған) 27 тонна 16 044 16 432 2%
соның ішінде Компанияның сату көлемі 28 тонна 14 148 14 126 (0%)
Топтың дайын өнімінің қалдықтары (U3O8) тонна 9 906 7 537 (24%)
Компанияның дайын өнімінің қалдықтарын қоса алғанда (U3O8) 29 тонна 8 571 6 761 (21%)
Топтың сатудағы орташа бағасы тенге/кг 26 475 31 743 20%
Топтың сатудағы орташа бағасы АҚШ долл./фунт 26,60 29,54 11%
Компанияның сатудағы орташа бағасы 30 АҚШ долл./фунт 26,89 29,63 10%
Орташа апталық спот бағасы АҚШ долл./фунт 25,84 29,60 15%
Айдың соңындағы орташа споттық баға 31 АҚШ долл./фунт 25,64 29,96 17%

26 U3O8 өндірісінің көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды) Компания мен ТНК-нің сатып алатын уран көлеміне тең емес.

27 Компанияның сату көлемі (Топта ескерілген): Компанияның жә?не THK-нің сыртқы сатып алушыларына сатудың? жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер ескерілмейді.

28 Топ бойынша сату көлемі мен ҚАӨ-нің сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) 2020 жылғы бірінші тоқсанда UF6 уран гексафториді формасында сатылған шамамен 100,5 тонна уран баламасын және 2019 жылғы төртінші тоқсанда АЭЖХА ТБУ банкінің атына тө?мен байытылған UF6 нысанында сатылған уран баламасының шамамен 315 тоннасын қамтымайды.

29 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескерілетін): Компания қалдықтарының жалпы кө?лемін және THK-ні қамтиды.

30 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ мен THK қорытынды сыртқы сату үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшенген баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.

31 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгілеулерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранның споттық баға белгілеулерінің орташа мәні болып табылады, өйткені келісімшарттық бағалар шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты болады.

Уран сегментіндегі қызметтер мен сатулардың барлық жылдық нәтижелері пандемияның әсерін ескере отырып түзетілген Компанияның 2020 жылғы болжалына сәйкес келді.

2020 жылы U3O8 өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда пропорционалды және 100%-ға төмен болды, бұл кен орындарын игеру жұмыстарының төмендеуімен және COVID-19 пандемиясының аясында екінші тоқсанда қызметкерлер санының азаюымен байланысты. Әдетте кен орындарын игеру кезеңінен ЖҰШ әдісімен өндіруге көшу үшін төрт айдан сегіз айға дейін уақыт қажет, осыған байланысты пандемиямен күресу мақсатында 2020 жылдың бірінші жартысында қабылданған қауіпсіздік шаралары 2020 жылдың екінші жартысында өндіруге айтарлықтай әсер етті. 100% негізде (минус 15%), сондай-ақ қатысу үлесіне пропорционалды (минус 19%) өндіріс көлемінің пайыздық төмендеуіндегі айырма өндірістің әртүрлі деңгейімен және Топтың құрамына кіретін әрбір кәсіпорынға үлестік қатысудың әртүрлі деңгейімен байланысты.

2020 жылы U3O8 шоғырландырылған сату көлемі БК бойынша серіктестердің («АППАҚ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС) пайдасына өткізілген неғұрлым жоғары көлемнің арқасында 2019 жылмен салыстырғанда біршама жоғары болды. 2020 және 2019 жылдардың қорытындысы бойынша Компанияның сату көлемі ұқсас деңгейде сақталды.

Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 2020 жылы 7 537 тоннаны құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 24%-ға төмен. Компания деңгейінде U3O8 дайын өнімінің қорлары (қалдықтары) 6 761 тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 21%-ға аз. Қорлардың азаюы негізінен U3O8 өндірісінің көлемі 100% негізде де, қатысу үлесіне пропорционалды түрде де төмендеді, ал сату деңгейі өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Компанияның стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіптің дайын өнімі қорларының (қалдықтарының) деңгейі маусымдылығына, өндіру және сату көлемдеріне қарай өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға сәйкес түрленіп отырады.

Топтың теңгемен сатуының орташа бағасы 2020 жылы 31 743 теңге/кг (29,54 АҚШ доллары/фунт) құрады, бұл уран өніміне орташа спот бағасының өсуіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Компания деңгейіндегі сатудың орташа бағасы да ұқсас себептерге байланысты жоғары болды.

Компанияның келісімшарт портфелінің ағымдағы баға белгілеуі уранның ағымдағы споттық бағаларымен тығыз өзара байланысты.

Алайда 2020 жылы сатудың орташа бағасының өсуі уранның споттық нарықтық бағасының өсуінен сәл өзгеше болды, өйткені кейбір жеткізілімдер нарықтық бағаның өсуіне дейін белгіленген бағаларға негізделді, ал кейбіреулері нарықтық баға төмен болған кезде наурыздағы споттық бағалары бойынша индекстелді.

Уран сегментін өндіру көлемі

Төмендегі кестеде көрсетілген ақпарат әрбір кәсіпорын бойынша уранның жалпы өндірісін көрсетеді (100% негізде). COVID-19 пандемиясына қарсы күрес шеңберінде компания қабылдаған өндірісте персонал санын азайту жөніндегі шараларға байланысты кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстар көлемін қысқартудың әсері ЖҰШ әдісімен өндіру процесінің ерекшеліктеріне және әрбір кәсіпорындағы тау-кен-дайындық жұмыстарының жоспарлары мен әзірлеу сатысындағы айырмашылықтарға байланысты 2020 жыл ішінде барлық кәсіпорындар үшін бірдей болған жоқ.

Активтер бөлінісінде уран сегментін өндіру көлемі

Өндіру көлемі (U3O8 формасындағы тонна) Үлесі 2019 2020 Өзгеріс
«ОРТАЛЫҚ ӨК» ЖШС 100% 1 694 1 308 (23%)
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС 100% 1 541 1 230 (20%)
«РУ-6» ЖШС 100% 864 660 (24%)
«АППАҚ» ЖШС 65% 800 633 (21%)
«Инкай» БК» ЖШС 32 60% 3 209 2 693 (16%)
«Байкен-U» ЖШС 52,5% 1 560 1 181 (24%)
«Семізбай-U» ЖШС 51% 960 753 (22%)
«Қаратау» ЖШС 50% 2 600 2 460 (5%)
«Ақбастау» БК» АҚ 50% 1 550 1 363 (12%)
«Хорасан-U» БК» ЖШС 50% 1 599 1 455 (9%)
«ЗАРЕЧНОЕ» «БК» АҚ 49,98% 778 648 (17%)
«КАТКО» БК» ЖШС 49% 3 252 2 833 (13%)
«Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» БК» ЖШС 30% 2 401 2 260 (6%)
Жиыны 22 808 19 477 (15%)

32 «Инкай» БК» ЖШС үшін жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне пропорционалды) Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған Сату туралы келісімге сәйкес айқындалады.

Өндіруші активтер

«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС
Құрылған жылы
2011 жыл
Өндірісі
1 308 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы
Жұмысшылар саны
519 адам
Бас директор
Жұмағали Жұматайұлы Маркенбаев
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2000 – 2033 жж.
Топтың иелену үлесі
100%
Кен орны
1. Мыңқұдық, Орталық учаске
2. Жалпақ

Еншілес ұйым

Компания «Орталық» ӨК» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы болып табылады.

ЖШС өз қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мыңқұдық Орталық кен орны учаскесінде және Жалпақ кен орнында жүзеге асырады.

Кен орны

Мыңқұдық кен орны 1973 жылы ашылды, Орталық учаскесін өндірістік пайдалану 2008 жылы басталды. Мыңқұдық Орталық кен орнының учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2033 жылға дейін қолданылады.

Жалпақ кен орнында тәжірибелік-өндірістік өндіру жүргізілуде. Барлауға арналған келісімшарт 2010 жылғы 31 мамырда жасалды. Өндіріс табысты болған жағдайда толық көлемде өндіру 2022 жылы басталады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 24,6 мың тоннаны құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 39 мың тонна.

«РУ-6» ЖШС
Құрылған жылы
1983 жыл
Өндірісі
660 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Жұмысшылар саны
397 адам
Бас директор
Дәуіржан Мұхамеджанұлы Ысқақов
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
1996 – 2022 жж
Топтың иелену үлесі
100%
Кен орны
1. Солтүстік Қарамұрын
2. Оңтүстік Қарамұрын

Еншілес ұйым

Компания «РУ-6» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы болып табылады.

2018 жылдың қараша айында Компания «РУ-6» ЖШС-ның пайдасына Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарын игеру және жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін берді.

Кен орны

Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындары 1979 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы басталды.

Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2022 жылғы 27 қарашаға дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 14,2 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 14,2 мың тонна уран.

«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС
Құрылған жылы
2015 жыл
Өндірісі
1 230 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы
Жұмысшылар саны
1059 адам
Бас директор
Ғылымбек Орынбекұлы Орынбек
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
1996 – 2041 жж.
Топтың иелену үлесі
100%
Кен орны
1. Қанжуған (Қайнар учаскесін қоса алғанда)
2. Мойынқұм, № 1 учаске (Оңтүстік), оңтүстік бөлігі
3. Мойынқұм, № 3 учаске (Орталық), солтүстік бөлігі
4. Уванас
5. Мыңқұдық, Шығыс учаскесі

Еншілес ұйым

Компания «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы болып табылады.

2018 жылғы қарашада компания «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШСның пайдасына Қанжуған кен орны, Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің оңтүстік бөлігі және № 3 (Орталық) учаскесінің солтүстік бөлігі, Мыңқұдық Шығыс кен орнының учаскесі және Уванас кен орны бойынша тиісті өндірістік активтермен бірге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін берді.

Кен орны

Қанжуған кен орны 1972 жылы ашылды, өндірістік пайдалану 1997 жылы басталды. Қанжуған кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2022 жылғы 15 қарашаға дейін қолданылады.

Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің оңтүстік бөлігі 1976 жылы, № 3 (Орталық) учаскенің солтүстік бөлігі 1974 жылы ашылды. № 1 учаскенің оңтүстік бөлігін өндірістік пайдалану 1997 жылы, № 3 учаскенің солтүстік бөлігі 2017 жылы басталды.

№ 1 (Оңтүстік) учаскенің оңтүстік бөлігіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2000 жылғы 26 қыркүйекте жасалды. Уранды өндіру, барлау және сату құқығы 2021 жылғы 26 қыркүйекке дейін қолданылады.

2010 жылғы 31 мамырда № 3 (Орталық) учаскенің солтүстік бөлігіне жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалды. Уранды өндіру, барлау және сату құқығы 2041 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.

Уванас кен орны 1963 жылы ашылды, өндірістік пайдалану 1997 жылы басталды. Уванас кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2022 жылғы 15 қарашаға дейін қолданылады.

Мыңқұдық кен орны 1973 жылы ашылды, Шығыс учаскесін өндірістік пайдалану 1997 жылы басталды. Мыңқұдық Шығыс кен орнының учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2022 жылғы 15 қарашаға дейін қолданылады.

Қазіргі уақытта Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің оңтүстік бөлігінде және Уванас кен орнында уран өндіру қорлардың сарқылуына байланысты тоқтатылды. Аумақтарды мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 26,9 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 26,9 мың тонна уран.

«АППАҚ» ЖШС
Құрылған жылы
2005 жыл
Өндірісі
633 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы
Жұмысшылар саны
339 адам
Бас директор
Авдеев Александр Борисович
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2005 – 2035 жж.
Топтың иелену үлесі
65%
Кен орны
Батыс Мыңқұдық

Еншілес ұйым

Компанияға «АППАҚ» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 65% қатысу үлесі тиесілі (SumitomoCorporation 25%, The Kansai Electric Power Co., Inc. 10% тиесілі).

БК-ы өз қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мыңқұдық Батыс кен орны учаскесінде жүргізеді.

Кен орны

Мыңқұдық кен орны 1973 жылы ашылды, Батыс учаскесін өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды.

Мыңқұдық Батыс кен орнының учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2035 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 17,2 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 17,2 мың тонна уран.

«Инкай» БК» ЖШС
Құрылған жылы
1996 жыл
Өндірісі
2 693 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы
Жұмысшылар саны
760 адам
Бас директор
Елнар Қайратұлы Пернеш
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2000 – 2045 жж.
Топтың иелену үлесі
60%
Кен орны
Инкай, № 1 учаске

Еншілес ұйым

Компанияның «Инкай» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 60%-ы тиесілі (Cameco-ға 40%ы тиесілі).

Кәсіпорын өз қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Инкай кен орнының № 1 учаскесінде жүргізеді.

Кен орны

Инкай кен орны 1976 жылы ашылды, № 1 учаскені сынау 2002 жылы басталды.

Инкай кен орнының № 1 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшартты «Инкай» БК» ЖШС 2000 жылғы 13 шілдеде жасады. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2045 жылғы 13 шілдеге дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 135,0 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 135,0 мың тонна уран.

«Байкен-U» ЖШС
Құрылған жылы
2006 жыл
Өндірісі
1 181 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Жұмысшылар саны
470 адам
Бас директор
Ринат Маратұлы Байсұлтанов
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2006 – 2058 жж.
Топтың иелену үлесі
52.5%
Кен орны
Солтүстік Харасан,
Харасан-2 учаскесі

Еншілес ұйым

«Байкен-U» ЖШС-ның 52,5%-ы Компанияға тиесілі, тікелей үлесі 5% және Energy Asia (BVI) Limited арқылы 47,5%.

БК қызметін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-2 учаскесінде жүргізеді.

Кен орны Қазақстанда жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уранды өндіру бойынша ең терең кен орны болып табылады.

Кен орны

Солтүстік Харасан кен орны 1972 жылы ашылды, учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2010 жылы басталды.

Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-2 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2006 жылғы 1 наурызда жасалды. Уранды барлау, өндіру және cату құқығы 2058 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 18,4 мың тоннаны құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 18,4 мың тонна.

«Семізбай-U» ЖШС
Құрылған жылы
2006 жыл
Өндірісі
753 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы және Ақмола облысы, Біржан сал ауданы
Жұмысшылар саны
527 адам
Бас директор
Олжас Бауыржанұлы Қияқбай
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2005 – 2030 жж.
Топтың иелену үлесі
51%
Кен орны
1. Иіркөл
2. Семізбай

Бірлескен кәсіпорын

Компанияға «Семізбай-U» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51%-ы тиесілі (Қытай ұлттық ядролық энергетикалық тобына 49% тиесілі).

БК қызметін Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Иіркөл кен орнында және Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы Семізбай кен орнында жүргізеді.

Кен орны

Иіркөл кен орны 1976 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды. Иіркөл кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 14 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2030 жылғы 4 наурызға дейін қолданылады.

Семізбай кен орны 1973 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 2009 жылы басталды. Семізбай кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2006 жылғы 2 маусымда жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2031 жылғы 2 маусымға дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 25,4 мың тонна уранды және минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 25,4 мың тонна уранды құрайды.

«Қаратау» ЖШС
Құрылған жылы
2005 жыл
Өндірісі
2 460 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы
Жұмысшылар саны
597 адам
Бас директор
Нұрбек Жаныбекұлы Кәрібжанов
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2005 – 2040 жж.
Топтың иелену үлесі
50%
Кен орны
Буденовское, № 2 учаске

Бірлескен кәсіпорын

Компания мен Uranium One Netherlands B.V.-ға (Росатом тобына кіреді) «Қаратау» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысудың 50% үлесі тиесілі.

ЖШС Түркістан облысы Созақ ауданындағы Буденновское кен орнының № 2 учаскесінде қызметін жүргізеді.

Кен орны

Буденов кен орны 1979 жылы ашылды, № 2 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды.

Буденовское кен орнының № 2 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2040 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 41,4 мың тонна уранды және минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 41,4 мың тонна уранды құрайды.

«Хорасан-U» БК» ЖШС
Құрылған жылы
2014 жыл
Өндірісі
1 455 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Жұмысшылар саны
83 адам
Бас директор
Адай Есіркепұлы Өмірбеков
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2005 – 2058 жж.
Топтың иелену үлесі
50%
Кен орны
Солтүстік Харасан,
Харасан-1 учаскесі

Еншілес ұйым

Компанияға «Хорасан-U» БК» ЖШСның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 50%-ы тиесілі (Uranium One Utrecht B.V. (Росатом тобына кіреді) меншігінде –30%, Energy Asia Holdings Ltd меншігінде – 20%.

«ХОРАСАН-U» БК» ЖШС өз қызметін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-1 учаскесінде жүзеге асырады.

Кен орны

Солтүстік Хорасан кен орны 1972 жылы ашылды, Хорасан 1 учаскесін өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды.

Солтүстік Хорасан кен орнының Хорасан -1 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2058 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарындағы кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 38,3 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 38,3 мың тонна уран.

«Ақбастау» БК» АҚ
Құрылған жылы
2006 жыл
Өндірісі
1 362 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы
Жұмысшылар саны
51 адам
Бас директор
Бахтияр Құлманұлы Әміров
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2007 – 2038 жж.
Топтың иелену үлесі
50%
Кен орны
Буденовское, № 1, № 3, № 4 учаскелері

Бірлескен операциялар

Компания және Uranium One Amsterdam B.V.-ға (Росатом тобына кіреді) «Ақбастау» БК» АҚ-ы акцияларының 50%-ы тиесілі.

АҚ-ы Түркістан облысы Созақ ауданындағы Буденовское кен орнының № 1, № 3 және № 4 учаскелерінде жұмыс істейді.

Кен орны

Буденов кен орны 1976 жылы ашылды, № 1, № 3 және № 4 учаскелерді өнеркәсіптік пайдалану 2012 жылы басталды.

Буденов кен орнының № 1, № 3 және № 4 учаскелерін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар 2007 жылғы 20 қарашада жасалды. № 1 учаскедегі уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2037 жылғы 20 қарашаға дейін, № 3 және № 4 учаскелерде 2038 жылғы 20 қарашаға дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 39,7 мың тоннаны құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 39,7 мың тонна.

«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ
Құрылған жылы
2001 жыл
Өндірісі
648 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы
Жұмысшылар саны
372 адам
Бас директор
Жандос Нұрланұлы Бекбаев
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2002 – 2025 жж.
Топтың иелену үлесі
49,98%
Кен орны
Заречное

Қауымдастырылған ұйым

Компания және Uranium One Holland B.V.-ға (Росатом тобына кіреді) «Заречное» БК» АҚ акцияларының 49,98%-ы тиесілі, «Қарабалты тау-кен комбинаты» АҚ акцияларының 0,04%-ы тиесілі.

БК қызметін Түркістан облысы Отырар ауданындағы Заречное кен орнында жүргізеді.

Кен орны

Заречное кен орны 1977 жылы ашылды, кен орнын өнеркәсіптік пайдалану 2007 жылы басталды.

Заречное кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2002 жылғы 23 қыркүйекте жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2025 жылғы 23 қыркүйекке дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 4,3 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 4,6 мың тонна уран.

«КАТКО» БК» ЖШС
Құрылған жылы
1996 жыл
Өндірісі
2 833 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы
Жұмысшылар саны
1212 адам
Бас директор
Жерар Фриес
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2000 – 2039 жж.
Топтың иелену үлесі
49%
Кен орны
1. Мойынқұм, № 1 учаске (Оңтүстік), солтүстік бөлігі
2. Мойынқұм, № 2 учаске (Төртқұдық)

Бірлескен кәсіпорын

Компанияға «КАТКО» БК» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 49%-ы тиесілі (Orano (бұрын AREVA) 51%-ы тиесілі).

БК қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің солтүстік бөлігінде және № 2 (Төртқұдық) учаскесінде жүргізеді.

2017 жылдың сәуірінде Компания мен Orano келісімге келді, оның аясында 2022 жылдан бастап компаниялар БК бөлген пайданың 60%-ын алады.

Кен орны

Мойынқұм кен орны 1976 жылы ашылды, № 1 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2001 жылы басталды.

Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің және № 2 (Төртқұдық) учаскесінің солтүстік бөлігін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2000 жылғы 3 наурызда жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2039 жылғы 4 наурызға дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 56,1 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 56,1 мың тонна уран.

Оңүтстік тау-химиялық компания» БК» ЖШС
Құрылған жылы
2014 жыл
Өндірісі
2 260 тонна
Орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы
Жұмысшылар саны
858 адам
Бас директор
Ерлан Лесбекұлы Тәшімов
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімдері
2001 – 2029 жж.
Топтың иелену үлесі
30%
Кен орны
1. Ақдала
2. Инкай, № 4 учаске

Қауымдастырылған ұйым

Компанияға «Оңтүстік тау-химиялық компани» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 30%-ы тиесілі (Uranium One Rotterdam B.V. (Росатом тобына кіреді) 70%-ы тиесілі).

БК қызметін Ақдала кен орнында және Түркістан облысы Созақ ауданындағы Инкай кен орнының № 3 учаскесінде жүргізеді.

Кен орны

Ақдала кен орны 1982 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 2004 жылы басталды. Ақдала кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2001 жылғы 28 наурызда жасалды. Уранды өндіру, барлау және сату құқығы 2026 жылғы 28 наурызға дейін қолданылады.

Инкай кен орны 1976 жылы ашылды, № 4 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2007 жылы басталды. Инкай кен орнының № 4 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және сату құқығы 2029 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 37,5 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 82,6 мың тонна уран.

ҮМЗ сегменті

UO2 ұнтақ және отын таблеткалары

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Отын таблеткалары Сату көлемі, тонна 86,08 60,3 (30%)
Керамикалық ұнтақтар Сату көлемі, тонна - 0,8 100%
Скраптардан қостотығы Сату көлемі, тонна 56,20 56,40 0%

Отын таблеткаларын сату көлемі 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2020 жылы 30%-ға 60,3 тоннаға дейін төмендеді, бұл тапсырыс берушілер тарапынан сұраныстың төмендеуіне байланысты UF6 қайта өңдеуге түскен санның азаюына байланысты. 2020 жылы керамикалық ұнтаққа жаңа тапсырыстар аз болды.

ҮМЗ-нің сирек жер өнімдерін сату

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Бериллий өнімдері Сату көлемі, тонна 1 636,38 1 375,08 (16%)
теңге/кг 12 049 15 902 32%
Тантал өнімдері Сату көлемі, тонна 119,75 143,73 20%
теңге/кг 79 693 84 918 7%
Ниобий өнімдері Сату көлемі, тонна 9,41 16,11 71%
теңге/кг 26 148 16 846 (36%)

2020 жылы бериллий өнімдерін сату 2019 жылмен салыстырғанда сатып алушылардың тапсырыстары санының азаюына байланысты 16%-ға төмендеді. Өткізу бағасы 2020 жылы 32%-ға өсті, бұл АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне және тазарту дәрежесі неғұрлым жоғары әрі түсті металдар нарығындағы бағасы неғұрлым жоғары тауарларға өнім ассортиментінің өзгеруіне байланысты.

Тантал өнімдерін өткізу көлемі мен бағасы 2020 жылы тантал құймалары мен жаңқаларына сұраныстың артуына байланысты 2019 жылмен салыстырғанда жоғары болды.

Ниобий гидрототығына тапсырыстар көлемінің ұлғаюына байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы ниобий сатылымы 71%-ға ұлғайды. Сонымен қатар 2020 жылы тапсырыс аз тазартылған және арзан құны бар өнімдерге арналған, бұл сатылым бағасының төмендеуіне алып келді.

Өткізудің өзіндік құныи

Төмендегі кестеде компоненттер бойынша Топтың 2020 және 2019 жылдардағы өзіндік құны көрсетілген:

Топтың өзіндік құны, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс Үлес
2019 2020
Шикізат және материалдар 147 331 167 546 14% 48% 52%
Тозу және амортизация 60 044 60 002 (0%) 19% 19%
Персоналдың еңбегіне ақы төлеу 29 632 31 874 8% 10% 10%
Табыс салығынан басқа салықтар 27 021 23 775 (12%) 9% 8%
Қайта өңдеу және өзге де қызметтер 18 566 19 738 6% 6% 6%
Өзгесі 24 904 16 689 (33%) 8% 5%
Сатудың өзіндік құнының жиынтығы 307 498 319 624 4% 100% 100%

Сатудың өзіндік құны 2019 жылмен салыстырғанда 4%ға ұлғайып, 2020 жылы 319 624 млн теңгені құрады.

Шикізат пен материалдардың құны 2020 жылы 167 546 млн теңгені құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті, бұл шикізат пен материалдар құнының өсуіне, оның ішінде U3O8 споттық бағалардың өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі және U3O8 өткізу көлемінің шамалы ұлғаюы нәтижесінде.

2020 жылы персоналдың еңбекақысы 2019 жылмен салыстырғанда 8%-ға ұлғайып, негізінен 2019 жылдың екінші жартыжылдығында орын алған негізгі өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы қорының өсуі есебінен 31 874 млн теңгені құрады.

Негізгі үлесі ПҚӨС-ке тиесілі табыс салығынан басқа салықтар 2020 жылы 23 775 млн теңгені құрады, 2019 жылмен салыстырғанда негізінен Қазақстанның салық заңнамасындағы өзгерістер есебінен 12%-ға азайды, атап айтқанда, тікелей өндірістік шығындарға жатқызудың орнына ЖҰШ әдісімен кен орындарын игеру кезінде қышқылдану үшін пайдаланылатын күкірт қышқылына жұмсалатын шығындарды капиталдандыруға көшу, осылайша ПҚӨС есептеу үшін базаны азайту.

2020 жылы қайта өңдеуге және өзге де өндірістік қызметтерге арналған шығындар 19 738 млн теңгені құрады, бұл негізінен қосалқы өндірістік персоналға еңбекақы төлеу қорының өсуі себебінен өндірістік қосалқы қызметтер бойынша шығындардың ұлғаюына байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 6%-ға артық.

Техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, басқа да шығыстарды қамтитын шығыстардың өзге баптары 2020 жылы компанияның COVID-19 пандемиясына қарсы күрес шеңберінде қабылдаған шараларына байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 33%-ға төмендеп, 16 689 млн теңгені құрады.

C1, AISC уран өнімінің ақшалай өзіндік құны және күрделі шығындары

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
C1 ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне пропорционалды) АҚШ долл./фунт 9,28 8,67 (7%)
AISC ақша өзіндік құн+ күрделі шығындар (қатысу үлесіне пропорционалды) АҚШ долл./фунт 11,94 11,72 (2%)
Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде)33 млн тенге 66 973 60 947 (9%)

33 Тарату қорлары мен жою шығындарын қамтымайды. «Күрделі шығындарды шолу» бөлімінде қорытынды нәтижелерге тарату қорлары мен жою шығындары кіреді.

Қатысу үлесі бойынша ақшалай өзіндік құн (С1) және ақшалай өзіндік құн + қатысу үлесі бойынша күрделі шығындар (AISC) (АҚШ долларындағы баламасы) 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда тиісінше 7%-ға және 2%-ға азайды. Нәтижелер күтілгеннен әлдеқайда жақсы және 2020 жылға арналған болжамды диапазондардан төмен болды (C1 үшін 10,00 – 11,00 доллар және AISC үшін 13,00-14,00 доллар). Төмендеу негізінен теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты болды.

Өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындары (100% негізде) COVID-19 пандемиясының таралуын болдырмау үшін 2020 жылғы екінші тоқсанда өндірісте персонал санының азаюы нәтижесінде кен орындарын игеру бойынша жұмыстар көлемінің қысқаруы салдарынан 2019 жылмен салыстырғанда 9%-ға қысқарып, 60 947 млн теңгені құрады.

Төмендегі кестеде C1 ақшалай өзіндік құнының жалпы бөлінуі көрсетілген (ақпарат жалпы түсіну үшін берілген, өйткені нақты пропорциялар кәсіпорынға, кен орнына және өңірге байланысты өзгеріп отырады):

Жалпы жатқызылатын ақшалай шығындардың санаттары (С1)

Көрсеткіш 2019 2020
Материалдар мен шығын материалдары 27% 24%
ПҚӨС 19% 19%
Өңдеу және басқа қызметтер 15% 18%
Персоналдың еңбегіне ақы төлеу 14% 17%
Жалпы және әкімшілік шығыстар 7% 7%
Іске асыру бойынша шығыстар 3% 3%
Өзгесі 15% 12%
Жиыны 100% 100%

Сату бойынша шығыстар, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс Үлес
2019 2020
Тиеу, тасымалдау және сақтау жөніндегі шығыстар 6 790 10 351 52% 63% 72%
Персоналдың еңбегіне ақы төлеу 1 035 1 139 10% 10% 8%
Шикізат және материалдар 255 212 (17%) 2% 1%
Жалға алу 70 113 61% 1% 1%
Тозу және амортизация 70 66 (6%) 1% -%
Өзгесі 2 607 2 471 (5%) 24% 17%
Сату бойынша шығыстар жиынтығы 10 827 14 352 33% 100% 100%

2020 жылы сату бойынша шығыстар негізінен уран өнімін жеткізу межелі пункттерінің өзгеруі және АҚШ долларына қатысты теңге бағамының әлсіреуі салдарынан 2019 жылмен салыстырғанда 33%-ға ұлғайып, 14 352 млн теңгені құрады, өйткені жеткізуге, тасымалдауға және сақтауға арналған шығыстардың едәуір бөлігі шетел валютасында көрсетілген.

Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ), млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс Үлес
2019 2020
Жалпы және әкімшілік шығыстар жиынтығы 32 024 29 582 (8%) 100% 100%
оның ішінде амортизация және тозу 1 611 1 744 8% 5% 6%

ЖӘШ-тің төмендеуі негізінен COVID-19 пандемиясының әсерінен қызметкерлердің орташа деңгейінің төмендеуіне, іссапарлардың аздығына және шығындардың басқа да қысқаруына байланысты.

БК және қауымдасқан кәсіпорындар кірістеріндегі үлесі

БК және қауымдасқан кәсіпорындардың кірістеріндегі үлес 2020 жылы 40 086 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Осы өсім негізінен уранның спот бағасының өсуіне және теңгенің әлсіреуіне байланысты болды, бұл өз кезегінде БК мен қауымдасқан кәсіпорындардың операциялық көрсеткіштеріне және олардың Топқа бағытталған нәтижелеріне оң әсер етті.

Салық салынғанға дейінгі пайда және табыс салығы бойынша шығыстар, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Салыққа дейінгі түсім 247 255 285 144 15%
Корпоративтік табыс салығы 33 506 63 776 90%

2020 жылы салық салуға дейінгі пайда 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға ұлғайып, 285 144 млн теңгені құрады. Өсім негізінен шоғырландырылатын еншілес кәсіпорындар мен БО өндірген өз уранын сату үлесінің артуы, сондай-ақ сатудың орташа бағасының өсуі есебінен болды.

Табыс салығы бойынша шығыстар 2019 жылмен салыстырғанда негізінен операциялық пайданың ұлғаюы және салықтық әсері бар «Уранды байыту орталығы» АҚ-ның сату есебінен 90%-ға ұлғайып, 2020 жылы 63 776 млн теңгені құрады.

Топтың пайдасына қолданылатын табыс салығының мөлшерлемесі 2020 және 2019 жылдары 20%-ды құрайды. Тиімді салық мөлшерлемесі 2020 және 2019 жылдары тиісінше 22% және 18% құрады. Тиімді салық мөлшерлемесі салық есебінде танылмайтын кірістер мен шығыстардың белгілі бір элементтеріне байланысты корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесінен ерекшеленеді, мысалы, 2020 жылы бірлескен кәсіпорынға салынған инвестицияның істен шығуынан немесе 2019 жылы бірлескен операция бойынша міндеттемені есептен шығарудан түскен кіріс.

Күрделі шығындарға шолу

Топтың күрделі шығындарының негізгі бөлігін табиғи уран өндіруді жүзеге асыратын еншілес, бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындар көтереді. Мұндай шығындар келесі негізгі компоненттерден тұрады:

  • ұңғымаларды салуға арналған шығындар
  • кеңейтуге, оның ішінде өндірістік қуаттарды кеңейтуге, жаңа аудандарға қызметтер мен көлік маршруттарының спектрін кеңейтуге, жаңа жүйелер мен процестерді енгізуге арналған шығындар
  • өндіріс тоқтағанға дейін үш жыл бұрын тоқтатылатын мерзімді шығыстарды, инфрақұрылымға, жабдықтарды ұстауға және ауыстыруға арналған шығыстарды көрсететін өндірісті қолдауға арналған күрделі шығыстар
  • тарату қорына жарналар және AISC есебіне енгізілмеген кенішті жабуға арналған шығындар

Төмендегі кестеде көрсетілген кезеңдерде уран өндіруді жүзеге асыратын Топтың еншілес ұйымдарының, БО, БК және қауымдасқан кәсіпорындарының шығыстары көрсетілген. Күрделі шығындар сомасы Топтың жекелеген компанияларының тәуелсіз басқару ақпаратынан шоғырландырылмаған негізде алынды, сондықтан Топтың қаржылық есептілігінде көрсетілген негізгі өндірістік құралдар мен жабдықтарды толықтыру сомаларына салыстыруға келмейді немесе сәйкес келмейді. Инвесторларға күрделі шығындар туралы мұндай ақпаратқа шамадан тыс сенбеуге кеңес беріледі, өйткені ол ХҚЕС-ке сәйкес дайындалмаған кәсіпорындардың жеке бухгалтерлік мәліметтеріне негізделген аудиттелмеген шоғырландырылмаған қаржылық ақпарат болып табылады:

Топтың өндіру кәңсіпорындарыны күрделі шығындары, млн теңгеде

Кәсіпорын Үлес 2019 2020
WC1 S2,4 LF/C3 Жиыны WC1 S2,4 LF/C3 Жиыны
«ОРТАЛЫҚ» ӨК ЖШС 100% 2 091 194 139 2 424 3 451 851 175 4 477
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС 100% 3 488 830 444 4 762 5 231 925 238 6 394
«РУ-6» ЖШС 100% 2 217 804 253 3 274 1 902 672 226 2 800
«АППАҚ» ЖШС 65% 1 076 507 48 1 631 2 666 833 142 3 641
«Инкай» БК» ЖШС 60% 8 517 2 634 (1) 11 150 4 306 2 203 23 6 532
«Байкен-U» ЖШС 52,5% 4 392 998 150 5 540 4 634 400 250 5 284
«Семізбай-U» ЖШС 51% 2 810 946 123 3 879 3 108 468 211 3 787
«Буденовское» БК» ЖШС 51% - - - - - - 46 46
«Қаратау» ЖШС 50% 4 203 5 683 96 9 982 1 713 890 171 2 774
«Ақбастау» БК» АҚ 50% 2 249 351 132 2 732 2 382 713 106 3 201
«Хорасан-U» БК» ЖШС 50% 2 138 422 119 2 679 3 698 805 202 4 705
«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ 49,98% 3 858 275 9 4 142 3 129 263 17 3 409
«КАТКО» БК ЖШС 49% 8 499 2 491 632 11 622 8 237 3 067 13 903 25 207
«Оңтүстік кен-химиялық компаниясы» БК» ЖШС 30% 4 456 845 224 5 525 3 772 627 251 4 650
Өндіру активтерінің жиыны 49 994 16 980 2 368 69 342 48 229 12 717 15 961 76 907

1 Ұңғымалар құрылысы.

2 Өндірісті қолдау.

3 Тарату қоры/жабылуы. 2020 жылы «КАТКО» БК ЖШС есептеу әдіснамасын өзгертті және өзінің LF/C толықтырды.

4 Оның ішінде кеңейтуге жалпы шығындар («Инкай» БК ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «КАТКО» БК ЖШС) 2020 жылы 2,2 млрд теңге және 2019 жылы 7 млрд теңге сомасында.

Өндірістің жоспарланған деңгейіне қол жеткізу үшін Топтың өндіруші кәсіпорындары жыл сайын қорлардың болуы негізінде ұңғымаларды бұрғылаудың және өндірудің қажетті көлемін бағалайды. Бұл шығыстар полигондардың жұмысқа қабілеттілігін қолдауға арналған капиталдандырылған шығыстарға жатады. Осы шығыстардың негізгі құрамдас бөлігі ұңғымаларды салу шығыстары болып табылады.

Ұңғымаларды салуға және 14 өндіруші кәсіпорынның өндірісін қолдауға жұмсалған шығындар 2020 жылы 58 682 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 2%-ға төмен. Негізінен нәтижелер COVID-19 пандемиясы аясында кен орындарын игеру қызметінің төмендеуіне байланысты өндіру көлемінің қысқаруына байланысты ұңғымалар құрылысына арналған шығыстардың төмендеуіне байланысты 2020 жылға көзделген болжамды мәндерден (65-75 млрд теңге) айтарлықтай төмен болды. Төмендеу Қазақстанның салық заңнамасындағы өзгерістермен өтелді, атап айтқанда, ЖҰШ әдісімен кен орындарын игеру кезінде қышқылдану үшін пайдаланылатын күкірт қышқылына жұмсалатын шығындар тікелей өндірістік шығындарға жатқызудың орнына ұңғымалар құрылысының құрамында капиталдандырылады.

Ұңғымаларды салуға және өндіруді қғолдауа арналған шығындар, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Ұңғымалар құрылысы 49 994 48 229 (4%)
Өндірісті қолдау 34 10 026 10 453 4%
Құрылысқа және қолдауға арналған шығыстар жиынтығы 60 020 58 682 (2%)

34 «Қызылқұм» ЖШС-ның негізгі құрал-жабдықтарын қосады.

Төмендегі кестеде келтірілген ақпарат 2020 жылы әрбір өндіруші кәсіпорын үшін тау-кен дайындық жұмыстарының (ТДЖ деп аталады) өтелуін, негізгі құралдар мен амортизацияны көрсетеді.

Tау-кен дайындық жұмыстарын өтеу және көлемі, млн теңгеде, егер өзгесі көрсетілмесе

Кәсіпорын Дайын қорлардың көлемі (тонна) Кезең соңындағы ТДЖ қалдығы Кезең соңындағы ГБЖ қалдығы Кезең аяғындағы НҚ-ның бастапқы (тарихи) құны (ТДЖ-дан басқа)) Кезең аяғындағы НҚ-ның баланстық құны (ТДЖ-дан басқа) Кезең ішіндегі амортизация (ТДЖ-дан басқа)
«ОРТАЛЫҚ» ӨК ЖШС 2 760 10 506 289 18 906 11 617 818
«ҚазатомөнеркәсіпSaUran» ЖШС 4 020 14 657 2 692 16 214 6 159 921
«РУ-6» ЖШС 2 813 7 021 - 7 240 4 423 368
«АППАҚ» ЖШС 1 435 4 595 1 985 9 420 4 798 325
«Инкай» БК» ЖШС 4 896 22 219 17 728 99 090 59 275 2 253
«Байкен-U» ЖШС 3 030 9 128 6 168 20 273 10 313 1 022
«Семізбай-U» ЖШС 2 578 7 331 36 17 145 8 747 798
«Буденовское» БК» ЖШС - - - 53 37 7
«Қаратау» ЖШС 2 621 7 181 2 827 29 041 16 179 1 027
«Ақбастау» БК» АҚ 1 574 4 524 6 404 11 261 7 134 401
«Хорасан-U» БК» ЖШС 35 2 235 6 299 9 097 16 102 10 195 631
«КАТКО» БК ЖШС 4 540 20 544 1 975 52 624 17 172 1 708
«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ 2 323 8 328 438 8 701 2 338 416
«Оңтүстік кен-химиялық компаниясы» БК» ЖШС 4 529 10 997 6 101 20 615 10 496 1 538

35 «Қызылқұм» ЖШС негізгі құрал-жабдықтарын қосылады.

Резервтер және геологиялық зерттеулер

SRK Consulting (UK) Limited (2021 жылғы 12 қаңтардағы) хатына сәйкес 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық өндірме активтерінің минералдық қорлары (жылдық сарқылуды қоса алғанда) шамамен 479 мың тоннаны (100% негізде) және Компанияға келетін қатысу үлесіне барабар 281,1 мың тоннаны құрады.

Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 751,9 мың тоннаға (100% негізде) бағаланды, онда 479,2 мың тонна – Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды көлемде. 2019 жылмен салыстырғанда минералдық ресурстардың көлемі шамамен 35,8 мың тоннаға ұлғайды, бұл Буденов кен орнының 6 және 7-учаскелерінде 55,4 мың тонна мөлшеріндегі қорлардың өсуімен түсіндіріледі, ол өндіру есебінен 2020 жылы өндіру активтеріндегі минералдық ресурстарды өтеу 19,6 мың тонна көлемінде ішінара тегістелді.

2019 жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-ы 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 30 тонна кен қоры бар Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесін қазуды аяқтады. Уванас кен орны да игерілген. 2020 жылы жер қойнауын пайдалану салдарын жою процесін ұйымдастыру бойынша рәсімдер басталды.

Қорлар мен ресурстар, мың тонна

Өтімділік және күрделі ресурстар

Қазатомөнеркәсіп басшылығы үнемі өзгеріп отыратын нарықтық ортада қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Топтың қаржылық менеджмент саласындағы саясаты қолданыстағы қызметті қолдау және бизнесті дамыту үшін капиталдың берік базасын қолдауға бағытталған.

Топтың өтімділікке деген қажеттілігі негізінен айналым капиталын қаржыландыруға, күрделі шығындарға, қарызға қызмет көрсетуге және дивидендтер төлеуге қатысты. Тарихи тұрғыдан алғанда, Топ негізінен айналым капиталын және капиталдың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қаржыландыру үшін операциялық қызметтен ақша ағындарын пайдаланды, бұл қажет болған кезде сыртқы қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, болашақта жүзеге асырылуы жоспарланған. Қажет болған жағдайда Компания белгілі бір инвестициялық жобаларды қорландыру үшін жобалық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастырады.

Ақшалай қаражат және қаржыландырудың қолжетімді көздері

Топ қолайсыз шығындардың туындауына жол бермей, өз міндеттемелерін өтеу үшін жеткілікті қажетті ақша қаражатының тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін және Топ беделіне қатер төндірмей, өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін өзінің өтімділікке деген қажеттілігін басқарады.

Қаржы құралдары, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Ақша қаражаты және оның баламалары 98 560 113 347 15%
Қысқа мерзімді депозиттер 1 - (100%)
Барлық ақша қаражаты 98 561 113 347 15%

2020 жылы ақша қаражаты мен оның баламалары 2019 жылғы 98 560 млн теңгеге қарағанда 113 347 млн теңгені құрады.

Алынған және төленген дивидендтер

Компания Топ кәсіпорындары үшін басты болып табылады және өзінің бизнес-операцияларынан түсетін табыстан басқа БК-дан, қауымдасқан кәсіпорындардан және басқа да инвестициялардан дивидендтер алады. 2020 және 2019 жылдары Топ өз БК және қауымдасқан кәсіпорындарынан және өзге де инвестициялардан тиісінше 47 886 млн теңге және 13 266 млн теңге мөлшерінде дивидендтер алды. 2020 жылы ұлғаю негізінен БК және қауымдасқан кәсіпорындар қызметінің операциялық нәтижелерінде және өзге де инвестициялардың ұлғаюымен, сондай-ақ Компанияның еншілес ұйымдардан, БК және қауымдасқан кәсіпорындардан дивидендтік ағындарды барынша арттыру үшін өзінің дауыс беру құқығын пайдалануға ұмтылуымен байланысты. Компанияның Қазақстан Республикасындағы инвестициялар объектілерінен алған дивидендтеріне салық салынбайды.

2020 жылы Компания өз акционерлеріне 2019 жылғы қызмет қорытындылары бойынша 99 002 млн теңге мөлшерінде дивидендтер төледі, бұл 2018 жылдың қорытындылары бойынша 2019 жылы төленген дивидендтер сомасымен салыстырғанда 80 001 млн теңге мөлшерінде 24%-ды құрады. Бұл ретте дивидендтердің мөлшері Компанияның бекітілген дивидендтік саясаты және Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) акционерлердің мақұлдауы негізінде айқындалады. Осылайша Компания IPO шеңберінде 2019 және 2020 жылдары кемінде 200 млн АҚШ доллары сомасында дивиденд төлеу бойынша берген уәдесін орындады. Одан әрі дивиденд мөлшері Компанияның дивидендтік саясаты негізінде есептелетін болады және Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің ұсынымдары негізінде АЖЖЖ-ның шешімімен айқындалатын болады.

«Ақша қаражатының қозғалысы» бөлімін қараңыз

Айналым капиталы

Төмендегі кестеде 2020 және 2019 жылдардағы Топтың айналым капиталын бөлінуі көрсетілген:

Топтың айналым капиталы, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Тауар-материалдық қорлар 217 059 233 389 8%
Дебиторлық берешек 90 627 117 418 30%
Өтеуге ҚҚС 44 874 48 621 8%
Басқа да ағымдағы активтер 36 12 257 8 159 (33%)
Алдын ала төленген пайда салығы 12 110 9 986 (18%)
Кредиторлық берешек (58 562) (43 948) (25%)
Қызметкерлерге сыйақы (136) (169) 24%
Пайдаға салынатын салық бойынша міндеттемелер (467) (927) 99%
Басқа да салық және міндетті төлем міндеттемелері (12 717) (8 713) (31%)
Басқа да ағымдағы міндеттемелер (20 682) (34 518) 67%
Таза айналым капиталы 284 363 329 298 16%

36 2019 жылғы 31 желтоқғсандаы жағдай бойынша 1 млн. теңге мөлшерінде ққыса мерзімді депозиттерді қоспайды.

Топтың таза айналым капиталы барлық қарастырылған кезеңдерде оң болды.

Келесі кестеде 2020 және 2019 жылдың соңындағы Топтың тауарлық-материалдық құндылықтарының (қорларының) компоненттері көрсетілген:

Топтың тауарлыққ-материалды құқңндылытарыны компоненттері, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Дайын тауарлар және қайта сатуға арналған тауарлар 171 452 185 397 8%
оның ішінде уран өнімі 170 105 183 633 8%
Аяқталмаған өндіріс 22 317 22 923 3%
Шикізат және материалдар 19 071 20 179 6%
Өңдеудегі материалдар 1 045 1 204 15%
Отын 787 655 (17%)
Қосалқы бөлшектер 626 682 9%
Басқа да материалдар 4 913 5 104 4%
Ықтимал сатудың таза құнына дейін айналыстан шығаруға және есептен шығаруға арналған сома (3 152) (2 755) (13%)
Барлық қорлар 217 059 233 389 8%

Топ уран нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді және нарық конъюнктурасына байланысты өзінің тауарлық-материалдық қорларын ұлғайту стратегиясын ұстануы мүмкін.

Топтың ең үлкен қорлары – бұл негізінен U3O8 кіретін дайын тауарлар мен қайта сатылатын тауарлар. 2020 жылдың соңында Топтың аяқталмаған өндірісі мен шикізатының деңгейі 2019 жылмен салыстырғанда тиісінше 3%-ға және 6%-ға ұлғайды.

Көлемнің азаюына қарамастан қорлар құнының өсуі негізінен U3O8 спот бағасының өсуіне және 2020 жыл ішінде АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне байланысты болды. Компанияның стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіп қорларының деңгейі маусымдылығына, өндіру және сату көлемдеріне байланысты өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға сәйкес өзгеріп отырады.

Ақша қаражатының қозғалысы

Келесі талдау негізделген, Қаржылық есептілікпен және оған тиісті ескертпелермен бірге қаралуы тиіс.

Келесі кестеде топтың 2020 және 2019 жылдардағы шоғырландырылған ақша ағындары көрсетілген:

Топтың шоғғырландырылан ақша ағындары, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты 37 159 529 161 593
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаты (28 271) 48 759
Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты (159 103) (201 415)
Ақша қаражаты мен оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы) (27 845) 8 937

37 Төленген табыс салығы мен пайыздарды көрсетеді.

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты

Операциялық ақша ағындары 2020 жылы 161 593 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 1%-ға артып, 159 529 млн теңгені құрады, негізінен:

  • U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне және 2019-2020 жылдарға жеткізу кестесінің өзгеруіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы сатып алушылардан түскен ақша түсімдерінің 88 429 млн теңгеге ұлғаюы, және
  • АҚШ долларына қатысты теңге бағамының әлсіреуіне және БК мен қауымдасқан кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 споттық бағасының өсуіне байланысты 2020 жылы жеткізушілерге төлемдердің 64 893 млн теңгеге ұлғаюы
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаты

Инвестициялық қызметтен түскен таза ақша ағындары 2019 жылы 28 271 млн теңге мөлшеріндегі жылыстаумен салыстырғанда 2020 жылы 48 759 млн теңгеге дейін ұлғайды.

«Күрделі шығындарды шолу» бөлімін қараңыз

2020 жылғы өзгерістер негізінен келесідегідей шартталған:

  • «Уранды байыту орталығы» АҚ-ның бірлескен кәсіпорнына қатысу үлесін сатудан 43 858 млн теңге сомасында ақшалай қаражат түсумен
  • COVID-19 пандемиясына байланысты кен орындарын әзірлеу жөніндегі қызметтің төмендеуіне байланысты тау-кен дайындық жұмыстарының (ТДЖ) төмендеуі себебінен негізгі құралдарды сатып алудың, кен орындарын әзірлеу жөніндегі активтерді сатып алудың және барлау және бағалау активтерін сатып алудың жиынтық сомасы 14 186 млн теңгеге азаюы
Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты

Қаржылық қызметтен түскен таза ақшаның әкетілуі 2020 жылы 201 415 млн теңгені және 2019 жылы 159 103 млн теңгені құрады. 2019 жылмен салыстырғанда ақша ағындарының ұлғаюы негізінен 2020 жылы қарыздар баланстарының таза қозғалысының 16 776 млн теңгеге өзгеруі, акционерлердің атына төленген дивидендтердің 19 001 млн теңгеге ұлғаюы және 2019 жылмен салыстырғанда бақыланбайтын үлестің 6 533 млн теңгеге ұлғаюы есебінен болды.

Берешек

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың қаржылық міндеттемелері 117 962 млн теңгені (2019 жылы 176 396 млн теңге) құрады, оның ішінде:

Жалпы берешек және кепілдіктер, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Банктік қарыздар 71 847 6 734 (91%)
Банктік емес қарыздар 91 838 6 734 3%
Кепілдіктер 15 038 19 390 29%
Қаржылық міндеттемелер 176 396 117 962 (33%)

Келесі кестеде 2020 және 2019 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың қарыздарының сомасы көрсетілген:

Топтың ққаржылы міндеттемелерінің сомасы, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Ұзақ мерзімді 70 104 76 570 9%
Банк кредиттері - -
Банктік емес қарыздар, соның ішінде: 70 104 76 570
Шығарылған облигациялар 69 300 76 300
Жалдау бойынша міндеттемелер 804 270
Ағымдағы 91 254 22 002 (76%)
Банк кредиттері 71 847 6 734
Банктік емес қарыздар, соның ішінде: 19 407 15 268
Банктік емес несиелер 641 -
Вексель бойынша міндеттемелер 17 460 14 004
Жалдау бойынша міндеттемелер 590 476
Шығарылған облигациялар 716 788
Кредиттер мен қарыздар жиынтығы 161 358 98 572 (39%)

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың ұзақ мерзімді банктік кредиттері жоқ. Ағымдағы банктік кредиттер негізінен қысқа мерзімді кредиттік желілер шеңберінде 12 айға дейінгі мерзімде өтеуге берешекті қамтиды. Жаңартылатын корпоративтік несие желілері Топ үшін өтімділіктің қосымша көзі болып табылады және негізінен ақша қаражатының түсу мерзіміне байланысты ақша қаражатының тапшылығын уақытша жабу үшін пайдаланылады. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың жаңартылатын кредиттік желілері бойынша жалпы лимиті 590 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде 16 млн АҚШ доллары пайдаланылды (574 млн АҚШ доллары пайдалануға қолжетімді).

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша банктік емес қарыздар бойынша берешек 91 838 млн теңгені құрады және негізінен компанияның номиналды құны 70 млрд теңге және 2024 жылғы қазандағы өтеу мерзімі ұзақ мерзімді индекстелген купондық облигацияларын қамтиды, олар 2019 жылғы қыркүйекте «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) сауда алаңында орналастырылған.

Вексельдер бойынша міндеттемелер «талап бойынша» өтеу мерзімімен «Хорасан-U» БК» ЖШС-ға тиесілі. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы вексельдер бойынша талап ету құқығы «Қызылқұм» ЖШСға тиесілі. 2020 жылы вексельдердің бір бөлігі өтелді.

Кепілдіктер екінші тарап өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда Топтың төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі баланстан тыс қайтарып алынбайтын міндеттемелерін білдіреді.

Басқа міндеттемелер қаржылық жалдау, лизинг және басқа да қаржылық берешек бойынша міндеттемелерді қамтиды.

Кредиттік және кепілдік келісімдерге сәйкес Топ қаржылық міндеттемелердің меншікті капиталға арақатынасы, қаржылық міндеттемелердің салықтарды, сыйақыны, тозу мен амортизацияны төлегенге дейінгі пайдаға арақатынасы (EBITDA) сияқты Топтың шоғырландырылған ақпаратына негізделген кейбір белгіленген қаржылық көрсеткіштерді (ковенанттарды) сақтауға міндетті. Жыл бойы және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша топ жоғарыда көрсетілген барлық міндетті көрсеткіштерді (ковенанттар) орындады.

Төмендегі кестеде 2020 және 2019 жылдардағы банктік қарыздар бойынша Топтың орташа алынған пайыздық мөлшерлемесі келтірілген:

Топтың орташа алынған пайыздық мөлшерлемесі, %

Көрсеткіш 2019 2020
Орташа алынған пайыздық мөлшерлеме, оның ішінде: 3,76 3,12
Тіркелген пайыздық мөлшерлемелер 3,67 3,31
Өзгермелі пайыздық мөлшерлемелер 3,91 1,99

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме өткен жылмен салыстырғанда төмендеді және 3,12%-ды құрады. 2020 жылы кредиттер мен қарыздар бойынша топтың орташа алынған мөлшерлемесіне ЛИБОР мөлшерлемелерінің төмендеуі негізгі әсер етті, оның мәні Топтың кредиттері бойынша ауыспалы пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру кезінде пайдаланылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар Топтың міндеттемелері Топтың кредиттер мен қарыздар бойынша жалпы борышының 93%-ын және құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі бар 7%-ын (тиісінше 2019 жылдың соңында 90% және 10%) құрайды.

Компанияға халықаралық рейтингтік агенттіктердің несиелік рейтингтері берілді:

  • Moody’s Investors Service Baa3, болжам «Тұрақты» (2020 жылдың 29 маусымында расталған)
  • Fitch Ratings BBB-, болжам «Тұрақты» (2020 жылдың 26 наурызында расталған)

Таза қарыз/Түзетілген EBITDA

Келесі кестеде Компания басшылығы 2020 және 2019 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін пайдаланатын негізгі коэффициенттер келтірілген. EBITDA түзетілген көрсеткіші бойынша Компания басшылығының мақсатты мәні – 1,0-ден төмен.

Таза қарыз коэффициенті / түзетілген EBITDA, млн теңгеде

Көрсеткіш 2019 2020 Өзгеріс
Кредиттер мен қарыздар жиынтығы (кепілдіктерді қоспағанда) 161 358 98 572 (39%)
Ақша қаражатының барлық балансы (98 561) (113 347) 15%
Таза қарыз 62 797 (14 775) (124%)
Түзетілген EBITDA 38 248 719 325 734 31%
Таза қарыз/Түзетілген EBITDA (коэффициент) 0,25 (0,05) (120%)

38 Түзетілген EBITDA келесідей есептелген: салыққа дейінгі пайда - қаржылық кірістер + қаржылық шығындар +/- бағамдық айырмашылық + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір реттік және бір реттік оқиғалар.

2021 жылға арналған болжамды көрсеткіштер

2021 жылға арналған болжамды көрсеткіштер

( 430 теңге/1 АҚШ доллары бағамы бойынша ) 2021
Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3O8 (100% негізде), тонна 39 22 500–22 800 40
Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3O8 (қатысу үлесіне пропорционалды), тонна 41, 42 12 550–12 800 43
Топтың өткізу көлемі, тонна 44 (шоғырландырылған) 15 500–16 000
оның ішінде компанияны өткізу көлемі, тонна 45 13 500–14 000
Топтың жалпы түсімі (қаржылық есептілікке сәйкес) 46, млрд теңге 620–640
оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (топ бойынша), млрд. теңге 540–560
Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ доллары/фунт 47, 48 $9,00 — $10,00
Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ доллары/фунт 49, 50 $12,00 — $13,00
Күрделі шығындар (100% негізде), млрд теңге 51 90–100

39 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.

40 COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі біздің күткенімізден өзгеше болуы мүмкін.

41 Өндіріс көлемі (иелену үлесіне пропорционалды): Компанияның иелену үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне пропорционалды) Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК ЖШС-ны қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушылар бойынша қалған бөлікті қамтымайды. Өндірістің нақты нақты көлемдері конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.

42 2021 жылы күтілетін ChinaGeneralNuclear (CGN) компаниясының «Орталық» ӨК» ЖШС-дегі қатысу үлесінің 49%-ын сатуға байланысты U3O8 өндіріс көлеміндегі қатысу үлесіне, C1 және AISC көрсеткіштеріне пропорционалды өзгерістерді болдырмайды (қажетті мақұлдауларды алған жағдайда).

43 COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі біздің күткенімізден өзгеше болуы мүмкін.

44 Топтың сату көлемі: Қазатомөнеркәсіп пен оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді кәсіпорындарын сатуды қамтиды (осы құжаттың бірінші бетінде Топ келтірген анықтамаларға сәйкес).

45 Компанияның сату көлемі (топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек THK компаниясының қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.

46 Күтілетін түсім уранның бағасына және белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамына негізделген. Пайдаланылатын бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2020 жылғы түсім айтарлықтай дәрежеде нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығының әсеріне ұшырауы мүмкін.

47 2021 жылы күтілетін ChinaGeneralNuclear (CGN) компаниясының «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын сатуға байланысты U3O8 өндіріс көлеміндегі қатысу үлесіне, C1 және AISC көрсеткіштеріне пропорционалды өзгерістерді болдырмайды (қажетті мақұлдауларды алған жағдайда).

48 Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

49 2021 жылы күтілетін ChinaGeneralNuclear (CGN) компаниясының «Орталық» ӨК» ЖШС-дегі қатысу үлесінің 49%-ын сатуға байланысты U3O8 өндіріс көлеміндегі қатысу үлесіне, C1 және AISC көрсеткіштеріне пропорционалды өзгерістерді болдырмайды (қажетті мақұлдауларды алған жағдайда). Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

50 Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

51 Күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды.

Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша 2021 жылы болжал нарыққа бағдарланған стратегияға және 2018-2022 жылдар аралығындағы кезеңде өндіріс көлемін 20%-ға (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің жоспарланған деңгейімен салыстырғанда) қысқарту ниетіне сәйкес бұрынғысынша сақталып отыр. 2021 жылы өндіріс көлемі 22 500-ден 22 800 тоннаға дейін уранды (100% негізде) және 12 550-ден 12 800 тоннаға дейін уранды (қатысу үлесіне барабар) құрайды деп болжануда; қысқартуды есепке алмағанда, 2021 жылы өндіріс көлемі жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттарға сәйкес шамамен 28 000 тонна уран (100% негізде) деңгейінде болжанатын еді.

Сату көлемі бойынша 2021 жылға арналған болжал да нарыққа бағытталған стратегияға сәйкес келеді. Топ уран сатылымын 15 500-ден 16 000 тонна аралығында, оның ішінде Компанияның 2020 жылға ұқсас 13 500 - 14 000 тонна уран сатылымын болжауда. Өндіріс көлемінен асатын сатулар негізінен қорлар есебінен, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестермен жасалған келісімшарттар мен келісімдер бойынша Компанияның еншілес және тәуелді кәсіпорындары есебінен және өзге үшінші тараптар есебінен жүзеге асырылады деп күтілуде.

Түсім, сондай-ақ С1 «Ақшалай өзіндік құн» (қатысу үлесі бойынша) және AISC «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» (С1 қатысу үлесі бойынша + күрделі шығындар) көрсеткіштері, егер теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 2021 жылға арналған 430 теңге/1 АҚШ долларын құрайтын бюджеттік көрсеткіштен өзгеше болған жағдайда, жоғарыда келтірілген болжамдардан ерекшеленуі мүмкін.

Компания табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейін қатысу үлесіне пропорционалды жылдық өндірістің шамамен алты-жеті айлық көлемі деңгейінде (шамамен 6 500-ден 7 500 тоннаға дейін уран, THK сауда көлемдерін есепке алмағанда) ұстап тұруға ұмтылысын жалғастыруда. Сонымен бірге Компания тұрақты түрде нарық мониторингін жүргізеді және ұзақ мерзімді нарықтық құнды құру стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіп маусымына байланысты кез келген уақыт кезеңінде және нарықтық жағдайлардың өзгеруіне сәйкес өндіріс пен сату көлемін оңтайландыру мақсатында нысаналы диапазоннан тыс қор деңгейін сақтай алады.

Уранды сату бағалары бойынша сезімталдықты талдау

Төмендегі кестеде U3O8 Тобының орташа жылдық сату бағасы осы жылдағы спот бағаларының өзгеруіне (сол жақ бағанда көрсетілген) қалай жауап бере алатындығы көрсетілген (жоғарғы қатарда көрсетілген). Қазіргі уақытта кестеде U3O8 Тобының орташа сату бағасы уранның нарықтық спот бағасымен тығыз байланысты екендігі айқын көрінеді.

Сезімталдықты осы талдауды анықтамалық ақпарат ретінде ғана пайдалану керек және іс жүзінде уран нарығындағы споттық бағалар U3O8 сатудың орташа жылдық бағасының осы кестеде көрсетілгеннен өзгеше болуына алып келуі ықтимал. Кесте өзгеруі мүмкін, сондай-ақ Топтың бақылауынан тыс тәуекелдер мен белгісіздіктерге ұшырайтын болашақ бизнес мүмкіндіктерін бағалауды қоса алғанда, бірнеше негізгі болжамдарға негізделген. Осы кестедегі сілтемелерге назар аударыңыз және қосымша ақпарат алу үшін.

Уранды өткізу бағалары бойынша сезімталдықты талдау

Орташа жылдық спот бағасы (АҚШ долл.) 2021E 2022E 2023E 2024E 2025E
20 24 22 22 22 22
30 31 31 31 31 31
40 38 40 41 41 41
50 46 49 50 50 50
60 53 59 59 59 59
70 60 68 68 68 68
«Болашаққа қатысты мәлімдемелер» бөлімін қараңыз

Мәндер доллардағы бүтін сомаларға дейін дөңгелектенеді. Бұл сезімталдықты талдау келесі негізгі болжамдарға негізделген:

— АҚШ-тағы жылдық инфляция 2% құрайды;

— Талдау 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілді және 2021-2025 жылдарға U3O8 нысанында шамамен 13.5 мың тонна уранды ең төменгі жылдық сату көлемінің (пропорционалды негізде) негізінде дайындалды, оның ішінде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша келісімшарттар жасалған көлемдер келісімшарттың қолданыстағы шарттарына сәйкес сатылатын болады (яғни тіркелген баға компонентімен (келісілген баға формуласына сәйкес есептелген) және/немесе жекелеген спот, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалар); 2020 жылға арналған сату көлемі (пропорционалды негізде) нақты баға бойынша ескерілді; нарықтық сигналдарға икемді және пропорционалды ден қою үшін Қазатомөнеркәсіптің маркетингтік стратегиясы оның портфеліндегі тіркелген және нарықтық бағасы бар келісімшарттардың нақты үлесіне бағытталмаған;

— Осы кестедегі мақсаттар үшін U3O8 расталмаған көлемдері сатып алушылармен тікелей жасалатын және споттық бағаларға негізделген қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша сатылатын болады деп болжануда.

Негізгі тәуекелдер

GRI 102-15

Компания Топтың қызметі мен нәтижелеріне елеулі материалдық әсер етуі мүмкін мынадай негізгі тәуекелдерге ұшырайды:

  • ядролық өнеркәсіптегі ірі авариялар уран бағасының күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін
  • ядролық энергия бірқатар басқа энергия көздерімен бәсекелеседі, ал баламалы энергия көздерінің орнықты және неғұрлым төмен бағалары ядролық шикізатқа сұраныстың төмендеуіне, ядролық энергетиканы дамыту мен АЭС салу бағдарламаларының қысқаруына, соның салдарынан уранға сұраныстың және оның нарықтық бағасының төмендеуіне алып келуі мүмкін
  • ядролық энергия қоғамдық пікірге байланысты тәуекелдерге ұшырайды, бұл ядролық энергияға деген сұранысқа елеулі жағымсыз әсер етуі және ядролық энергетиканы реттеуді күшейтуге әкелуі мүмкін
  • Топтың рентабельділігі уранның нарықтық бағасымен тікелей байланысты. Уран бағасының құбылмалылығы Топқа елеулі теріс әсер етуі мүмкін
  • Топ басқа уран жеткізушілер тарапынан бәсекелестікке тап болады және уран өнімінің соңғы тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін
  • Топ қазіргі уақытта Топ уранының едәуір бөлігін сатып алатын клиенттердің азғантай санына тәуелді, бұл ретте маңызды клиенттердің қандай да бір жоғалуы елеулі қолайсыз әсер етуі мүмкін
  • Топтың кейбір клиенттері мен іскери серіктестері АҚШ пен ЕО санкцияларына ұшырауы мүмкін, егер бұл орын алса, мұндай оқиға айтарлықтай жағымсыз әсер етуі ықтимал
  • Америка Құрама Штаттары немесе басқа уран импорттаушылары уран импортына тарифтер немесе квоталар енгізе алады
  • Топ U3O8 бағасының бүкіл циклі кезінде U3O8 маңызды қорларын сақтауды жалғастыра алады
  • уранды өндіру және тасымалдау жөніндегі Топтың қызметі операциялық тәуекелдерге, қауіптерге және күтпеген іркілістерге байланысты, бұл Топтың уран және уран өнімін өндіруді әрі жеткізуді кідіртуге, Топты өндіру құнын ұлғайтуға немесе Топты өндіру орындарында аварияларға әкеп соғуы мүмкін
  • күкірт қышқылының болуы және құны Топ қызметінің үздіксіздігі мен коммерциялық өміршеңдігіне айтарлықтай әсер етеді, өйткені Топ уран алу үшін күкірт қышқылының едәуір көлемін пайдаланады
  • Топ Қазақстанды көрші елдермен немесе басқа көлік инфрақұрылымымен байланыстыратын темір жолдарды пайдалануда қиындықтарға тап болуы мүмкін
  • Топ ағымдағы кен қорларын ұстап тұруы немесе жаңа кен қорларын ашу бөлігінде ықтимал қолайсыз болжамдарға тап болуы мүмкін. Топтың уран кені қорларын есептеу немесе жіктеу кен қорларын бағалау кезінде болмай қоймайтын белгісіздіктерге байланысты бағаланатын деректерден төмен болуы ықтимал
  • Топ коммерциялық қолайлы шарттарда алуға қабілетсіз болуы мүмкін немесе өз қызметі, стратегияны іске асыру, бизнесті кеңейту және жергілікті инфрақұрылым үшін қажетті қаржыландыруды ала алмауы мүмкін
  • Топ белгілі бір қаржылық және басқа да шектеу шарттарын сақтауға, пайыздық мөлшерлемелер мен валюта бағамдарының ауытқуларына, өтімділікті шектеуге немесе қажетті қаржыландыруды ала алмауға, контрагенттердің дефолттарына байланысты әртүрлі қаржылық тәуекелдерге ұшыраған
  • Топ өзі қатысушысы болып табылмайтын төрелік немесе сот талқылауына, заңнаманы сақтамаудың/ дұрыс түсіндірмеудің құқықтық салдарларына тап болуы мүмкін
  • Топтың сақтандыру өтемі ықтимал операциялық тәуекелдерге және күтпеген іркілістерге байланысты шығындарды жабу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін
  • АТ жүйелерінің кез келген бұзылуы немесе Топтың кибершабуылдары қызмет нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін
  • уран өндірудің немесе шығарудың (U3O8), сатудың, өнім мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының жоспарланған көлемдерін орындамау
  • Топ активтерін қайта құрылымдау жоспарын орындау мерзімдерін сақтамау
  • корпоративтік басқару жүйесін жақсарту көрсеткіштерін, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған орта көрсеткіштерін орындамау
  • Қазақстан Республикасында жылу бөлгіш құрамаларды өндіру бойынша жоспарланған көрсеткіштерді орындамау
  • Топ Қазақстанда бар макроэкономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға едәуір дәрежеде тәуелді, Топ жергілікті билік органдары тарапынан қолайсыз егеменді іс-әрекеттер тәуекеліне ұшырауы немесе ауқымды мемлекеттік реттеу мен заңнамаға ұшырауы мүмкін
  • Топқа Қазақстандағы еңбек толқулары немесе әлеуметтік шиеленістің өсуі әсер етуі мүмкін, бұл Топтың қызметіне және оның беделіне айтарлықтай теріс әсер етуі ықтимал
  • Топтың нәтижелері Қытайда, Үндістанда және Оңтүстік-Шығыс Азияда экономикалық, саяси және құқықтық өзгерістерге ұшырайды
  • күтпеген апатты оқиғалар, соның ішінде вандализм мен терроризм актілері топтың қызметіне теріс әсер етуі мүмкін
  • Қазақстан аумағында COVID-19 пандемиясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы Топтың қаржылық тұрақтылығының нашарлауына және әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкелуі мүмкін
  • COVID-19 пандемиясының таралуы өндірістің қосымша тоқтап қалуына немесе қысқаруына әкелуі мүмкін, бұл Компанияның нәтижелеріне әсер етеді және Компанияның жоғарыда айтылған 2021 жылға арналған болжамды көрсеткіштерін жаңартуына және/немесе орындамауына әкелуі мүмкін