04
2020 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Ақпан

Бразилиялық «Indústrias Nucleares do Brasil» (INB) компаниясы үшін өнімнің жаңа түрі – UF6 уран гексафторидін жеткізу жалғасуда

Сәуір

Үкімет Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізгеннен кейін өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және короновирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы өз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шараларды қабылдады. Компания жұмыс орындарында жұмысшылардың бір уақытта жұмыс істеуін азайту мақсатында тау-кен дайындық және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 3 айға тоқтатты

Маусым

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) қосымша екінші орналастыруды жүзеге асырды. Нәтижесінде компания акцияларының еркін айналымдағы үлесі 25%-ды құрады

Қыркүйек

Қазатомөнеркәсіп «Цифрландыру және адамдар» цифрлық трансформация бағдарламасы бойынша онлайн іс-шара өткізді. Оған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы мен оның портфельдік компанияларының өкілдері, Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік орталығы мен ЕТҰ-ның басшылары мен қызметкерлері қатысты

Наурыз

Осы бірлескен кәсіпорын – ТВЭЛ бойынша өзінің серіктесі «Уранды байыту орталығы» АҚ-да Қазатомөнеркәсіпке тиесілі 50% үлесін (бір акцияны алып тастағанда) сату бойынша «ТВЭЛ» АҚ-мен (ТВЭЛ) мәміле аяқталды. Топ «Уранды байыту орталығы» АҚның бір акциясын өзінде қалдырады, ол топтың ТВЭЛ-мен алдын ала келісілген шарттарға сәйкес уранды байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізу құқығын сақтайды. Нақты алынған сыйақы 90 млн еуроны құрады (43 858 млн теңгеге балама)

Мамыр

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілді. Акционерлердің бекітуімен Компания 2019 жылдың қорытындысы бойынша 99 млрд теңге сомасында дивидендтер төледі, бұл бір жай акцияға шаққанда 381,72 теңгені құрайды (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең)

Тамыз

Dioxitek-пен келісім шеңберінде Аргентинаға қазақстандық табиғи уранның алғашқы физикалық жеткізілімі жүзеге асырылды

Желтоқсан

Компания АҚШ-тан екі жаңа клиент тартты

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ы мен CGN-URC арасында ЖБҚ сатып алуға ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ның зауытын пайдалануға берілді