03
KОМПАНИЯ ЦИФРЛАРЫ
2020 жылғы негізгі көрсеткіштер
Өндірістік көрсеткіштер
орын
ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІПТІҢ УРАН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕГІ ОРНЫ

Ниобий өнімінің өндіріс көлемі, тонна Nb

+12,4%

2019 жылдың деңгейіне қатысты есепті жылы заттай түріндегі ниобий өндірісінің көлемі 12,4%-ға ұлғайды, бұл ниобий өніміне сұраныстың артуымен түсіндіріледі.

Қазатомөнеркәсіптің уран өндіру көлемі (өндірістегі тиісті үлес негізінде), тонна

-19,2%

Қазатомөнеркәсіптің есепті кезеңдегі қатысу үлесі бойынша уран өндірісі COVID-19 пандемиясының 2020 жылы өндірістік процестерге ықпалына, атап айтқанда, 2020 жылы 4 айлық кезеңге тау-кен-дайындық жұмыстарын тоқтата тұруына байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 19,2%-ға азайды.

Бериллий өнімін өндіру көлемі, тонна Be

-19,1%

2020 жылы бериллий өнімдерінің өндірісі 2019 жылмен салыстырғанда 19,1%-ға азайды, бұл бериллий өніміне сұраныс құрылымының өзгеруіне байланысты.

Табиғи уран өндірудің әлемдік нарығындағы Қазатомөнеркәсіптің үлесі (өндірістің тиісті үлесі негізінде), %

-6,3%

2020 жылы уранды бастапқы өндірумен айналысатын кәсіпорындар арасында Қазатомөнеркәсіптің әлемдік нарықтағы үлесінің тұрақтылығы (өндірістегі тиісті үлестің негізінде) байқалады. Есепті кезеңде үлес 2019 жылға қарағанда іс жүзінде өзгерген жоқ және Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі уран өндіруші және сатушы ретіндегі өзінің орынын сақтап қалды.

Тантал өнімдерін өндіру көлемі, тонна Ta

+23,9%

2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2020 жылы тантал өнімінің заттай түріндегі өндіріс көлемі 23,9%-ға өсті, бұл тапсырыс берушілер тарапынан сұраныстың ұлғаюына байланысты.



Отын таблеткаларын өндіру көлемі, тонна

-30%

2019 жылмен салыстырғанда отын таблеткаларын өндіру көлемінің 30%-ға едәуір төмендеуі өңдеуге түскен UF6 мерзімдерімен байланысты.

Қаржылық көрсеткіштер

Топтың түсімі, млрд теңге

+17%

Шоғырландырылған түсім 2020 жылдың қорытындысы бойынша 587,5 млрд теңгені құрады, бұл негізінен U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне негізделген сатудың орташа бағасының өсуі және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі есебінен 2019 жылмен салыстырғанда 17%-ға ұлғайды. Бұл өсім 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы сату көлемінің аздап өсуіне байланысты.

Төленген дивидендтер, млрд теңге

+24%

2020 жылы Компания өз акционерлеріне 2019 жылғы қызмет қорытындылары бойынша 99 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төледі, бұл 2018 жылдың қорытындылары бойынша 2019 жылы төленген дивидендтер сомасымен салыстырғанда 80 млрд теңге мөлшерінде 24%-ды құрады. Бұл ретте дивидендтердің мөлшері компанияның бекітілген дивидендтік саясаты және Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында акционерлердің мақұлдауы негізінде айқындалады.

Таза пайда, млрд теңге

+4%

2020 жылы таза пайда 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға ұлғайып, 221,4 млрд теңгені құрады. 2020 жылы «Уранды байыту орталығы» АҚ-ы инвестициясының шығуынан 22,1 млрд теңге мөлшерінде таза кіріс алынды.

Операциялық пайда, млрд теңге

+47%

Сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты, сондай-ақ шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар мен ЖҚ Компаниялардан өндірілген меншікті уран үлесінің ұлғаюы себебінен 2020 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда 2019 жылмен салыстырғанда 47%-ға ұлғайып, 223,9 млрд теңгені құрады.

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары Таза қарыз/түзетілген EBITDA (100% негізде)1, млрд теңге

-9%

2020 жылы күрделі шығындардың 2019 жылмен салыстырғанда 9%-ға төмендеуі негізінен COVID-19 пандемиясының таралуын болдырмау үшін 2020 жылдың екінші тоқсанында өндірістегі персонал санының азаюы нәтижесінде кен орындарын игеру бойынша жұмыстар көлемінің қысқаруы себебінен болды.

1 Шоғырландырылмаған кәсіпорындар – БК және АК, 100% негізде кіреді.

Таза қарыз/түзетілген EBITDA

-120%

«Таза борыштың түзетілген EBITDA-ға қатынасы» көрсеткішінің мәні 2020 жылы кірістіліктің ұлғаюына, борыш деңгейінің төмендеуіне және бос ақша қаражаты көлемінің ұлғаюына байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 120%-ға жақсарды. Түзетілген EBITDA көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 31%-ға ұлғайып, 2020 жылы 325,7 млрд теңгені құрады, ал EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың қорытындысы бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға ұлғайып, 295,5 млрд теңгені құрады. Өзгерістер қарыз деңгейінің төмендеуімен, сондай-ақ EBITDA-ның өсуімен байланысты.

Акцияға пайда, теңге/акция

-3%

Акцияға шаққандағы пайданың өзгеру динамикасы Топтың 2020 жылғы пайда динамикасымен корреляцияланған. Осылайша 2020 жылы акцияға шаққандағы пайда 2019 жылмен салыстырғанда 3%-ға төмен.

Акцияға түзетілген пайда, теңге/акция

+40%

2020 жылы акцияға шаққандағы түзетілген пайда бір реттік кіріс мөлшерінің төмендеуіне және 2020 жылы операциялық кірістің өсуіне байланысты өсті.

Персонал және әлеуметтік сала

Қызметкерлердің жалпы санынан әйелдер үлесі, %

-2,95%

Қызметкерлердің жалпы санындағы әйелдердің үлесі 2020 жылы 18,04%-ды құрады, 2019 жылға қарағанда 0,54%-ға төмендеді. Қызметкерлердің жалпы санындағы әйелдер үлесінің төмендеуі бейінді емес қызмет түрлерін алып тастаумен де байланысты.

Персонал саны, адам

-1,94%

2020 жылы Топ құрамы санының төмендеуі байқалады: есепті кезеңде персонал саны 2019 жылға қарағанда 1,94%-ға төмендеді. Төмендеу әкімшілік-шаруашылық қызмет, аударма ісі, іс жүргізу және мұрағатшы сияқты әкімшілік-басқару персоналынан бейінді емес қызмет түрлерін алып тастау жөніндегі іс-шараларға байланысты.



Қатысу өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған бюджетке трансферттер, KZT million

+9,68%

Қатысу өңірлерінің бюджеттеріне төлемдердің ұлғаюы 2019 жылмен салыстырғанда теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты, өйткені өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және олардың инфрақұрылымына аударымдар бойынша міндеттемелерді орындау сомасы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда АҚШ долларымен көрсетілген.

2 2019 жылғы сан 2020 жылғы есепке енгізілген кәсіпорындар ескеріле отырып нақтыланды («Үлбі-ТВС» ЖШС, «Русбурмаш-Қазақстан» ЖШС). Есептің басқа бөлімдерінде салыстырмалы талдауларда 2019 жылдың қайта есептелген деректері пайдаланылады.

Еңбекті қорғау

LTIFR (1 млн адам-сағатқа)

+4,2%

LTIFR көрсеткішінің артуы COVID-19 пандемиясына байланысты қызметкерлердің 2019 жылмен салыстырғанда жұмысты аз істеуіне байланысты.

Жазатайым оқиғалар саны

Жазатайым оқиғалардың саны 2019 жылғы көрсет- кіш деңгейінде қалды.

Қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер және Near-Miss туралы есеп беру

+2,8%

Қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың және әрбір қызметкердің өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне жауапты қарым-қатынасының нәтижесінде 2020 жылы «Near-Miss» салдарынсыз 35 529 қауіпті жағдай, қауіпті іс-қимылдар мен оқиғалар тіркелді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,8-ға артық.

Өлімге әкелген жазатайым оқиғалар

Өкінішке орай, 2020 жылы бір өлім оқиғасы тіркелді. Бұл жағдай қызметкерлер мен мердігерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді жетілдіру қажеттігін аңғартты.

Қоршаған ортаны қорғау және энергия тұтыну

Жалпы энергия тұтыну (жылу және электр энергиясы), мың ГДж

-78%

2020 жылы Қазатомөнеркәсіпте энергия тұтыну 78%-ға қысқарды. Бұл «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне меншік құқығына ауысуына байланысты. Осыған байланысты 2020 жылы компанияда табиғи газды тұтыну 2 млрд м3-тен есеге азайды.

Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының жалпы көлемі, тонна СО2-экв. (Қамту 1)

-13,95%

2020 жылы парниктік газдардың тікелей шығарындылар көлемінің 2019 жылмен салыстырғанда 13,95%-ға төмендеуі COVID-19 пандемиясына байланысты белсенділіктің төмендеуіне, кейбір ЕТҰның газға көшуіне, сондай-ақ ауа райының жылы болуына байланысты. Бұдан басқа, «Уранэнерго» ЖШС және Түркістан облысы әкімдігі арасындағы меморандум негізінде Созақ ауданы әкімдігінің теңгеріміне екі қазандықты беру парниктік газдар шығарындылары көлемінің төмендеуіне себеп болды.

Алынатын судың жалпы мөлшері, мың м3

-2,3%

2020 жылы алынатын су мөлшерінің 2019 жылмен салыстырғанда 3%-ға төмендеуі жер асты суларының орнына технологиялық ерітінділерді қайта пайдалануға байланысты.

Компанияның баламалы энергия көздерін пайдаланудан әсері, KZT '000

Фотоэлектр станциялары

Гелиодөміртегіштер

Жылу сорғы қондырғылары